Некоторые вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір мәселелері
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 қаулысымен
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1.
Тармақ 2
2.
📌 ЕСКЕРТУ. 1,2-тармақтар күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2002.09.26. N 1060 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтiк үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 17 маусымдағы N 796 қаулысына :
көрсетiлген қаулыға қосымшадағы реттiк нөмiрi 27-жол алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578 (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 49, 472-құжат) қаулысына :
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ережедегi:
1-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Министрлiктiң ведомстволары бар, олар - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитет, Инвестициялар жөнiндегi комитет";
10-тармақта:
Тармақша 6
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 6
"6) Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк инвестициялар тартуға жәрдемдесу;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 6-1
"6-1) Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске асыру";
11-тармақта:
Тармақша 9
9) тармақша "ынтымақтастық жөнiндегі" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты мәселелерi жөнiндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 9-1
"9-1) Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсартуға, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiруге, сондай-ақ халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөнiндегі шараларды iске асыру жөнiнде жұмыстар жүргізедi".
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 13. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегі комитетi туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 31 қаңтардағы
N 166 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегі комитетi туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау саласында арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi, белгіленген үлгiде бланктерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкiлерде есепшоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында күшi бар бұйрықтар түрiнде кесiмдер шығарады.
Тармақ 5
5. Комитет штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Тармақ 6
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 10.
Тармақ 7
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Заңнамалық кесiмдермен Комитетке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқықтар берiлген жағдайда, осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тарау 2. 2. Комитеттiң негiзгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
2. Комитеттiң негiзгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттiң негiзгі мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк инвестициялар тартуға жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) елде инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiнде шаралар әзiрлеу және iске асыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдардың шетелдiк инвесторлармен жұмыс жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi қызметiн қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) мемлекеттік бағдарламаларды, басымдықты жобаларды, оның iшiнде халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар мен донор мемлекеттер беретiн заемдар мен гранттар есебiнен iске асыру үшiн қаржылық ресурстарды тартуға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасындағы инвестициялық мүмкiндiктерi туралы жарнамалық-ақпараттық науқан жүргізу;
Тармақша 7
7) шетелдiк және отандық инвесторлармен өзара iс-қимыл жасаудың тиiмдi жүйесiн құру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген кепiлдiктердi сақтауды, сондай-ақ инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бағдарламалар мен басымдықты инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған халықаралық экономикалық және қаржылық институттар тарапынан тiкелей инвестициялар мен қаржылық ресурстарды тарту мәселелерiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiне жәрдемдесу;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шет елдердегi мекемелерiнен алынған ұсыныстар мен жобаларды қорыту, талдау және оларды заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарында одан әрi жылжыту, сондай-ақ олардың iске асырылуын бақылау;
Тармақша 10
10) тiкелей инвестицияларды тарту мен пайдалану жөнiндегi есеп пен есеп берудi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) шет елдерде шаруашылық дауларды реттеуде сотқа дейінгi тәртiппен қазақстандық заңды және жеке тұлғаларға заңнамада белгiленген тәртiппен көмек көрсету;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасында шаруашылық дауларды реттеуде сотқа дейiнгі тәртiппен шетелдiк заңды және жеке тұлғаларға заңнамада белгiленген тәртiппен көмек көрсету;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының жетiстiктерi мен инвестициялық мүмкiндiктерiн кеңiнен танымал ету және насихаттау мақсатында Қазақстанда және шет елдерде мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, басқосулар, форумдар, семинарлар, тұсаукесерлер, конференциялар мен басқа да iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу.
Тармақ 11
11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тiкелей шетелдiк инвестициялар ағындарының қозғалысына талдау жасайды, оларды тарту мен көтермелеудiң әлемдiк тәжiрибесiн зерделейдi және қорытады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсартуға, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде, сондай-ақ халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған шараларды iске асыру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) инвестициялық қызмет мәселелерi жөнiнде халықаралық келiсiмдердi дайындау мен жасасуды қамтамасыз етедi;
Тармақша 4
4) саяси және реттеу сипатындағы тәуекелдердi жабу кепiлдiктерiнiң мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасында және шет елдерде экономикалық басқосулар, форумдар, инвестициялық конференциялар, семинарлар, көрмелер және басқа да тұсаукесерлiк iс-шараларды қоса алғанда, тiкелей инвестицияларды тарту жөнiндегі жарнамалық-ақпараттық жұмысты жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы экономикасының басымдықты секторларындағы тiкелей инвестицияларға мемлекеттiк қолдау көрсетедi;
Тармақша 7
7) өз қызметi мәселелерi бойынша инвесторлармен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) тiкелей шетелдiк және отандық инвестицияларды тарту үшiн экономиканың басымдықты секторларының тiзбесiн және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезiнде жеңiлдiктер мен преференциялар беру тәртiбiн анықтау жөнiнде ұсыныстарды әзiрлейдi;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасына тiкелей инвестицияларды тарту және жеңiлдiктер мен преференциялар беру жөнiндегі келiсiм-шарттар (бұдан әрi - Келiсім-шарт) жасасу бойынша келiссөздердi ұйымдастырады және қатысады;
Тармақша 10
10) тiкелей шетелдiк және отандық инвестицияларды тарту үшiн неғұрлым маңызды өндiрiстердiң тiзiмiн анықтайды;
Тармақша 11
11) экономиканың басымдықты секторларында инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жеңiлдiктер мен преференциялар беруге инвесторлардың өтiнiштерiн қабылдайды;
Тармақша 12
12) Келiсiм-шарттарды және инвестициялық жобаларға қатысты өзге де құжаттарды ұйымдастырады және оларға сараптама жүргiзедi;
Тармақша 13
13) жасалған Келiсiм-шарттардың өндiрiстiк-техникалық, экономикалық экологиялық, қаржылық салықтық және өзге де шарттарына талдау жасайды және орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн қажеттi барлық келiсу және рұқсат беру құжаттарын алуды қамтамасыз етедi;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасындағы бiлiктi қызметкерлердi, тауарларды және қызметтердi iздестiруде инвесторларға жәрдемдеседi;
Тармақша 16
16) жасалған Келiсiм-шарттарды сақтауды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) тиiстi бақылау органдарымен олардың құзыретi шегінде өзара iс-қимыл жасай отырып, Келiсiм-шарттардың шарттарын сақтауды бақылауды қоса алғанда, инвестициялық жобалардың iске асырылуына мониторинг жүргізедi және оларды бақылайды;
Тармақша 18
18) бұқаралық ақпарат құралдарында инвестициялық жобаларды iске асыруға қатысты барлық нормативтiк құқықтық құжаттарды, Келiсiм-шарттар жасалған жобалар тiзбесiн, жобаларға жұмсалған инвестициялар сомасын және құрылатын жұмыс орындары санын жариялауды қамтамасыз етедi;
Тармақша 19
19) Комитет қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыруды, оларды даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етедi;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзiне жүктелген өзге де функцияларды iске асырады.
Тармақ 12
12. Комитет негiзгі мiндеттердi және өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) құзыретті және берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының атынан iс-қимыл жасауға және инвестициялық ынтымақтастық, инвестицияларды ынталандыру мен өзара қорғау саласында халықаралық келiсiмдер (шарттар) жасасу мәселелерi жөнiнде келiссөздер жүргізуге;
Тармақша 2
2) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар үшiн орындау мiндеттi, оның iшiнде Келiсiм-шарттарды әзiрлеуге және iске асыруға байланысты мәселелер бойынша бұйрықтар шығаруға;
Тармақша 3
3) инвесторлармен тікелей келiссөздер жүргізу кезiнде берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасы атынан iс-қимыл жасауға, Келiсiм-шарттар жасасу және оларды бұзу шарттары мен тәртiбiн анықтауға, Келiсiм-шарттарға қол қоюға және оларды тiркеуге, өз құзыретi шегiнде олардың шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) Комитет құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi шет елдерден мекемелерiнiң қызметін үйлестiруге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтi реттеумен байланысты заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге және оларды әзiрлеуге қатысуға;
Тармақша 6
6) Келiсiм-шарттарға сараптама жүргізуге және дайындауға, мемлекеттiк органдар және өзге де ұйымдар қызметкерлерiн, оның iшiнде шетелдiк азаматтарды тартуға;
Тармақша 7
7) инвесторлардан, мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан және олардың лауазымды адамдарынан инвестиция мәселелерi бойынша қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 8
8) экономиканың басымдықты секторларында инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн инвесторларға жеңiлдiктер мен преференциялар беруге;
Тармақша 9
9) мүдделi мемлекеттiк органдар және ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен айрықша маңызы бар жобаларды iске асыруға байланысты Келiсiм-шарттарды дайындау жөнiндегi жұмыс топтарын құруға, сондай-ақ ведомствоаралық комиссиялар құруға;
Тармақша 10
10) инвестициялық қызмет мәселелерi бойынша газеттердi, бюллетеньдердi және журналдарды мемлекеттiк тiлде, орыс, ағылшын және басқа да тiлдерде шығаруды қоса алғанда, баспа қызметiн жүзеге асыруға;
Тармақша 11
11) жарнамалық-ақпараттық және анықтамалық әдебиеттiң, картографиялық жұмыстардың, жарнамалық бейнефильмдердiң, слайдтардың және басқа да ақпараттық-тұсаукесерлiк материалдардың тапсырушысы болуға;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi жарнамалық-ақпараттық, анықтамалық және өзге де материалдарды инвесторларға беруге;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 3. 3. Комитет мүлкi
3. Комитет мүлкi
Тармақ 13
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Тармақ 14
14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттiң өзiне бекiтілген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзгеше билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шекте мүлiктi басқару құқығы берiлуi мүмкiн.
Тармақ 4. 4. Комитет қызметiн ұйымдастыру
4. Комитет қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады.
Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Комитет Төрағасының орынбасары болады.
Төраға Комитет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi, сондай-ақ Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
Тармақ 17
17. Төраға осы мақсаттарда:
Тармақша 1
1) өзiнiң орынбасарының және Комитет құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттiң мүддесiн бiлдiредi;
Тармақша 5
5) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 18
18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.