Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходе местного сообщества Абайского района Күшін жойған
Басқа 0
Абай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Абай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 3. Абай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер
тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы
Абай аудандық мәслихатының
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 21/5-V шешімімен бекітілген
Абай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер
тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Абай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау (бұдан әрі – Қағидалар), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Абай ауданының ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Абай ауданының аумағында ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тармақ 2. 2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі
2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Абай ауданының ауылдық округінің әкімі шақырады.
Абай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдардың, көшелердің, көппәтерлі тұрғын үйлердің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы Қағидамен айқындалған сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауылдық округі әкімінің аппаратына жіберіледі.
Басқа 16. Абай ауданында жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін
ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер өкілдерінің
кандидатураларының саны
Абай ауданында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізу және
жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу
үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй
тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Қағидасына қосымша
Абай ауданында жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін
ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер өкілдерінің
кандидатураларының саны
№
р/с
Ауылдық округтердің атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына ұсынылатын кандидатуралар, әрбір 100 адамнан
1
Қарауыл ауылдық округі
Қарауыл ауылы
50 адам
2
Кенгірбай би ауылдық округі
Кенгірбай би ауылы
10 адам
3
Архат ауылдық округі
Архат ауылы
8 адам
Орда ауылы
2 адам
4
Медеу ауылдық округі
Медеу ауылы
4 адам
5
Қасқабұлақ ауылдық округі
Қасқабұлақ ауылы
12 адам
Бөрлі ауылы
1 адам
6
Көкбай ауылдық округі
Көкбай ауылы
11 адам
7
Құндызды ауылдық округі
Құндызды ауылы
15 адам
8
Тоқтамыс ауылдық округі
Тоқтамыс ауылы
7 адам
9
Саржал ауылдық округі
Саржал ауылы
19 адам