Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в поселках и сельских округах города Семей Күшін жойған
Басқа 0
Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Казақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» каулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізу және ауылдық округтерінде бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын
үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы
Семей қаласы мәслихатының
2014 жылғы 19 сәуірдегі № 29/153-V
шешімімен бекітілген
Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізу және ауылдық округтерінде бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын
үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Казақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» каулысына сәйкес әзірленді және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарды өткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті бөлек жиындарын өткізу қағидасы (бұдан әрі –бөлек жиын) кент, ауылдық округтер аумағында өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тармақ 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды кент,ауылдық округтің әкімі шақырады.
Семей қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді кенттің және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардан тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды ауылдық округі, кент әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округ, кент әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғыннан 1 өкілі құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидасы негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны сәйкесінше кент және ауылдық округінің хатшысы әкім аппаратына береді