О создании военной кафедры в Южно-Казахстанской государственной медицинской академии Қолданыста
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында әскери кафедра құру туралы
Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы студенттерiнiң ішінен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлердi даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгінiң "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында аталған оқу орнына бөлiнген қаражат пен штат санының шегінде әскери кафедра құру туралы ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттігi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгімен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Тармақтың күші жойды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N 449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.