Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Белоглинского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Белоглин ауылдық округінің әкімі _________________ Г. Урбанович
Басқа 4. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 228 шешіміне қосымша Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің Белоглин ауылының тұрғындары үшін 25 Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің Научный ауылының тұрғындары үшін 24 Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің Святослав ауылының тұрғындары үшін 18
Басқа 5. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 228 шешімімен бекітілген Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Белоглин ауылдық округі ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Белоглин ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Белоглин ауылдық округінің әкімі шақырады. Қарабалық ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Белоглин ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Белоглин ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Белоглин ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Белоглин ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Белоглин ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Белоглин ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарабалық аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Белоглин ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.