Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Енбек Еркиншиликского аульного округа Ерейментауского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылдық округінің Еңбек ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 01-30-230 ұсынысы негізінде, Еркіншілік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылдық округінің Еңбек ауылының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап қүшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап колданысқа енгізіледі.