О подготовке, проведении и обработке материалов первой национальной сельскохозяйственной переписи в Атырауской области Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысы бойынша бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының материалдарын әзірлеу, жүргізу және оңдеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бірінші ұлтық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2000 жылғы 21 ақпандағы № 268 қаулыларын іске асыру сондай-ақ, бірінші ұлтық ауыл шаруашылығы санағының материалдарын уақтылы және сапалы әзірлеу, жүргізу және өндеу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Атырау қаласы мен аудан әкімдері мынадай шаралардын орындалуын қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) ауылдық жерлерде – 2001 жылдың 1 шілдесіне дейін елді-мекендердің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының шаруа (фермер) қожалықтарының ұжымдық бағбандық кооперативтер мен бау-бақшалардың жері малы мен құсы бар өзге де қосалқы шаруашылықтардың тізімдерін нақтыласын;
Тармақша 2
2) қалалық елді-мекендерде 2001 жылдың 1 тамызына дейін мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінен және жұмыссыздардан іріктеліп алынған тіркеушілер үй шаруашылықтарының ұжымдық бағбандық кооперативтер мен жері, малы мен құсы бар өзге де қосалқы шаруашылықтардың тізімдерін жасауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы шараларды өткізу кезенінде мемлекеттік статистика органдарын мен қала әкімдері бекіткен кестелер бойынша үй-жайлармен, жабдықталған байланыс құралдарымен, жиhазбен және қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) Атырау облыстық статистика басқармасымен келісілген кезеңге санақ қызметкерлері үшін қалалық және қала маңындағы бағыттарда, таксиден өзге, жолаушылар көліктерінің барлық түрлерінде жол жүру билеттерін беру туралы мәселені шешсін;
Тармақша 5
5) негізі Санақты өткізу үшін санақшы кадрларды мемлекеттік үйымдар қызметкерлерінің ішінен, сондай-ақ жұмыссыздардың ішінен іріктеуді және толықтыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Қайрешев С.) мемлекеттік статистика органдарына барлық деңгейгі әкімдерге санақ кадрларын жұмыссыздардың ішінен іріктеуге және жинақтауға жәрдем көрсетсін.
Тармақ 3
3. Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет ( Жмыхов А.) 2001 жылғы 1 қазанға дейін қалалық және ауылдық мекендердегі жерді пайдаланушыларды орналастыру сызбасын нақтыласын және мемлекеттік статистика органдарына берсін.
Тармақ 4
4. Облыстық телекоммуникация дирекциясы ( Ибрашев А.), Облыстық мемлекеттік пошталық байланыс кәсіпорындары (Бүқтыбаев М.), « Алсад тобы» ЖШС ( Төлеков А.), Атырау теміржол тасымалдау бөлімі (Нарегеев Б.), «Атырауәуежолы «Ашық Акционерлік Қоғамы (Бөлекбаев З.), «Халықаралық Атырау әуежайы» Ашық Акционерлік Қоғамы ( Көшқалиев С.) қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) Санаққа байланысты жүлтер мен теңдеме жүкті уақытылы қабылдауды және жеткізуді;
Тармақша 2
2) Санақ жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын қызметкерлерге жол жүру билеттерінің бірінші кезекте сатылуын;
Тармақша 3
3) мемлекеттік статистика органдарын «Санақ» паролі бойынша қалааралық телефон байланысымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Атырау облыстық статистика басқармасы (Алпатанов С.) облыстық телерадиокомпаниясымен бірлесіп, бастапқы ақпараттың құпиялығына айрықша назар аудара отырып Санақтың мақсаттары мен міндеттерін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияласын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық статистика басқармасының бастығы С. Алпатановқа жүктелсін.