О выделении средств из эпидфонда на борьбу с вирусным гепатитом Қолданыста
Басқа 0
Вирусты гепатитке қарсы күресу үшін
эпидемиологиялық қордан қаражат бөлу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды-Атырау облысы әкімиятының 20.12.2004 жылғы № 248 қаулысымен.
Облыс тұрғындарының вирусты гепатитпен ауыруы жөніндегі эпидемиологиялық жағдай, әсіресе балалар арасында күрт өсіп отыр. Аурудың өсуі қазан-қараша айларында байқалды, Жылыой, Исатай аудандарында індеттік жағдай тіркеліп отыр.
Вирусты гепатитке қарсы күрестің алдын алу, індетке қарсы жедел шараларды толық көлемде ұйымдастыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Х.Сағын) індетке қарсы шұғыл шараларды ұйымдастырып, 3 жастан 15 жасқа дейінгі балалар арасында В вирустық гепатитіне қарсы жаппай иммунизация жүргізу үшін эпидемиологиялық қордан 199 931 000 (бір жүз тоқсан тоғыз миллион тоғыз жүз отыз бір мың) теңге сомасында қаржы бөлсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы (Л.Топильская) В гепатитіне қарсы вакциналарды сатып алуға тендер өткізсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (А.Әбдіқадырова) індетке қарсы шараларды өткізуге қаржыландыруды уақтылы жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Аудан және қала әкімдері меншік түріне қарамастан барлық шаруашылық субъектілерін қатыстыру арқылы алыс, шалғайдағы елді мекендерге бару үшін автокөлікпен, жанар-жағар маймен үздіксіз қамтамасыз етіп, балаларды жаппай иммунизациялауды өткізу үшін денсаулық сақтау мекемелеріне көмек көрсетсін.
Тармақ 5
5. Аудан және қала әкімдері, облыстық білім беру басқармасы (С.Испусинова) мектептер мен мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балаларға жаппай иммунизация жүргізу үшін жағдай жасасын.
Тармақ 6
6. Облыстық телерадиокомпаниясы (А.Нұрғалиев), "Атырау" (Қ.Қуанышбаев), "Прикаспийская Коммуна" (Л.Монастырская) газеттері бұқаралық ақпарат құралдарында иммунизация күндерін кеңінен насихаттауды ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы індетке қарсы шараларды өткізуде денсаулық сақтау мекемелердің емдеу-алдын-алу қызметіне бақылау жасауды және үйлестіруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Мұрсалиеваға жүктелсін.