О мерах по обеспечению безопасности на водоемах области в зимний период Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қыс мезгілдері су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы Қыс мезгілдері облыс су айдындарында адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қала және аудандар әкімдері ауа райы жағдайын ескеріп, мұз үстінен жаяу және көлікпен өтуге тиым салсын, су объектілері бар меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындар басшыларына облыстың су айдындарында судан құтқару бекеттерін ұйымдастыру міндеттелсін.
Тармақ 2
2. Облыстық судан құтқару қызметі мекемесі (Б. Қойшыбаев) іздестіру тобының және қысқы құтқару құралдарының даярлығын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ішкі істер басқармасы (Қ. Мырзабаев) Солтүстік-Каспий аймақтық биоресурстар қорғау жөніндегі басқармасымен (К. Сүлейменов) бірлесіп облыс су айдындарында, оның ішінде Каспий теңізінің жағалауында күзетті күшейтсін.
Тармақ 4
4. Білім басқармасы (С. Еспосынова) мектеп және оқу орындары оқушылары арасында қыс мезгілінде су айдындарында қауіпсіздікті сақтау шараларының алдын алу жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н. Мақашевқа жүктелсін.