Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования средств от реализации товаров и услуг, предоставляемых государственными учреждениями уголовно-исполнительной системы

Қаулы · № 182 · қабылданған 03.02.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-8053/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования средств от реализации товаров и услуг, предоставляемых государственными учреждениями уголовно-исполнительной системы Күшін жойған Қаулы ·№ 182 ·03.02.2001
07.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования средств от реализации товаров и услуг, предоставляемых государственными учреждениями уголовно-исполнительной системы

Күшін жойған Қаулы ·№ 182 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования средств от реализации товаров и услуг, предоставляемых государственными учреждениями уголовно-исполнительной системы
Атауы (қаз.)
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
182
Қабылданған күні
03.02.2001
Көрсетілген редакция
07.04.2016 AI8053_4.kaz
Соңғы өзгеріс
07.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010000182_
ЭКБ идентификаторы
8053
Редакция идентификаторы
AI8053_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:00

0 Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiн бекiту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2016 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1 1. Қоса берiлiп отырған Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк

мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

0 Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ЕРЕЖЕСI

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2000 жылғы 3 ақпандағы
N 182 қаулысымен
бекiтiлген
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ЕРЕЖЕСI

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже қылмыстық-атқару жүйесiнiң (бұдан әрi - ҚАЖ) мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты қалыптастырудың, пайдаланудың және есепке алудың тәртібiн анықтайды.

2 2. Қызмет көрсетулерден және тауарлар сатудан түскен қаражат

2 2. ҚАЖ-дың мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан қаражат түсiру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сотталғандарға, қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларға тауарлар сату және ақылы қызмет көрсету есебiнен жүзеге асырылады.

3 3. Қызмет көрсетулерден және тауарлар сатудан түскен қаражатты пайдалану тәртiбi

3 3. ҚАЖ-дың мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарлар сатудан түскен қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады:

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, мiндеттi аударымдар мен салықтарды ескере отырып, қосымша қызметтердi көрсету үшiн шарттық негiзде жұмысқа тартылған қызметкерлерге еңбекақы төлеуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға рұқсат берiлетiн тiзбе бойынша, осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген адамдардың мұқтаждары үшiн азық-түлiк өнiмдерiн, диеталық тамақ өнiмдерi, күнделiктi қажеттi заттар, газет және журналдар сатып алуға;
- қосымша емдеу-профилактикалық және санитарлық-профилактикалық көмек көрсету үшiн дәрi-дәрмектер және медициналық мақсаттағы басқа да құралдар сатып алуға;
- қосымша қызмет көрсету үшiн қажеттi ағымдағы шаруашылық мақсаттарға заттар мен материалдар сатып алуға;
- тұрмыстық жағдайлары жақсартылған камералар, кездесу бөлмелерi мен дүкендер үшiн жұмсақ мүкәммал, жиhаздар және жабдықтар сатып алуға;
- қосымша қызметтер көрсету үшiн қажеттi жабдықтар, ұйымдастырушылық және компьютерлiк техникалар сатып алуға;
- коммуналдық қызметтерге, электр, жылу энергиясына, тұрмыстық жағдайлары жақсартылған камераларды, кездесу бөлмелерi мен дүкендердi ағымдағы және күрделi жөндеуден өткiзуге ақы төлеуге;
- қосымша қызметтер көрсету кезiнде қажеттi байланыс қызметтерiне ақы төлеуге.

4 4. Қызмет көрсетулер мен тауарлар сатудан түскен қаражатты есепке алу және есеп беру

4

4. Қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнiң қызмет көрсетулерi мен тауарлар сатудан түскен қаражаты ҚАЖ-дың мемлекеттік мекемелерiнiң "Ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражат" ағымдағы шотына аударылады, қатаң түрде белгіленген мақсаттарға сай пайдаланылады, оған бюджеттiк қаражатқа билiк етуге құқық берiлген мемлекеттiк мекеменiң басшысы оларға иелiк етушi болып табылады.

5 5. Қызмет көрсетулер мен тауарлар сатудан түскен қаражатты жұмсау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі белгiлеген тәртiппен шығыстар сметасы жасалады және бекiтiледi.

6 6. Қызмет көрсетулер мен тауарлар сатудан түскен қаражатты есепке алу және оларды пайдалану туралы есеп беру Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

7 7. ҚАЖ-дың мемлекеттiк мекемелерi көрсететiн ақылы қызметтердiң және сатылатын тауарлардың бағасын заңнамада белгіленген тәртіппен ҚАЖ-дың аумақтық басқару органдары бекiтедi.

тармаққа өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.18. N 820
қаулысымен.

Қолданыстағы