Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Пригородное Житикаринского района Костанайской области

Ереже · № 229 · қабылданған 23.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80567/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Пригородное Житикаринского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 229 ·23.04.2014
30.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Пригородное Житикаринского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 229 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Пригородное Житикаринского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
229
Қабылданған күні
23.04.2014
Көрсетілген редакция
30.11.2023 80567_670551.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NJ004800
ЭКБ идентификаторы
80567
Редакция идентификаторы
80567_670551
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:55

0 Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы Жітіқара ауданы
Пригородный ауылының әкімі
____________ М. Турабаев

4 Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Мәслихаттың
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 229 шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Пригородный ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Пригородный ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Пригородный ауылының әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7. Ауыл, көше шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Пригородный ауылының әкімі ұйымдастырады.

Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Пригородный ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Пригородный ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Пригородный ауылының әкімінің аппаратына беріледі.

21 Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Мәслихаттың
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 229 шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Пригородный ауылы
көшелерінің атауы
Өкілдер саны
(адам)
1
Автомобилистов көшесі
2
2
Жданов көшесі
1
3
Куйбышев көшесі
1
4
Колесниченко көшесі
1
5
Молодежная көшесі
1
6
Степная көшесі
1
7
Строителей көшесі
1
8
50 лет ВЛКСМ көшесі 1-9 үйлер
1
9
Транспортная көшесі
1
10
Фестивальная көшесі
11
Целинная көшесі
1
12
Энгельс көшесі
1
13
Волынов көшесі
1
14
Дачная көшесі
1
15
Дорожная көшесі
2
16
Достоевский көшесі
1
17
Бейбітшілік көшесі
1
18
Плеханов көшесі
2
19
50 лет ВЛКСМ көшесі 16-41 үйлер
2
20
40 лет Победы көшесі
1
21
Элеваторная көшесі
22
Алтынсарин көшесі
3
23
Баймагамбетов көшесі
1
24
Герцен көшесі
1
25
1 Мая көшесі
26
Титов көшесі
2
27
Толстой көшесі
1
28
Химиков көшесі
1
29
Вокзальная көшесі
1
30
Джангильдин көшесі
2
31
Мир көшесі
2
32
Монтерская көшесі
1
33
Жақсы көшесі
1
34
Орджоникидзе көшесі
35
Станционная көшесі
1
Барлығы
40

Қолданыстағы