О снижении выбросов вредных веществ в атмосферный воздух города Алматы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының атмосфералық ауасына зиянды заттардың шығарылуын төмендету туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ІI сайланған Алматы қалалық Мәслихатының VIII сессияның 29.07.2004 N 76 шешімімен. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы N 4100 Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабына, "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі N 160-1 ЗРК Қазақстан Республикасы Заңының 55 бабына және Алматы қаласы Әкімінің ұсынысына сәйкес, зиянды заттардың шығарылуын төмендету мақсатында ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласында пайдаланылатын бензиннің, дизель отынның, жағар мазуттың барлық түрлеріне арналған нығыздағышты және басқа да қоспаларды пайдалану есебінен атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарылуын төмендету және ауа бассейнін тазалау жөніндегі шараларды іске асыру туралы Алматы қаласы Әкімінің ұсынысына қолдау көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасы Алматы қаласының атмосфералық ауасының жай-күйіне экологиялық бақылауды жыл бойында қамтамасыз етсін және оның нәтижелері туралы ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының кезекті сессиясында баяндайтын болсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және ТЖ мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияға (В.Е. Бөлекбаев) жүктелсін.