Об охране нерестующих промысловых видов рыб Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіпшілік балық түрлерін уылдырық шашу кезеңінде қорғау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. Балықты семірту және оның қорын үздіксіз молайту жағдайының болмауы, балық шаруашылықтары суларының шаруашылық-тұрмыстық қалдықтармен ластануы, су тартқы құрылғылардың балық қорғаныш қондырғыларсыз пайдаланылуы облыс аумағындағы өзен-суларда өнеркәсіп балық қорларының азаюына әкеліп соғуда. Қазақстан Республикасы Министрлер Комитетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі № 414 Қазақстан Республикасы су қоймаларындағы балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу туралы қаулысын орындау мақсатымен және Қазақстан Республикасының Балық аулау Ережесіне сәйкес облыс Әкімі шешім етті:
Тармақ 1
1. Торғай мемлекеттік заказнигіндегі өзен-көлдерде 20 сәуірден 30 маусымға дейін балық аулауға тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық басқа балық шаруашылықтарды өзен-көлдерінде кәсіптік және спорттық әуесқойлық балық аулауда балықтың мына түрлерін аулауға тыйым салынсын: - аққайран, көксерке, ақмарқа, шортан, қызылкөз, торта, 20 сәуірден 20 мамырға дейін; - мөңке, оңғақ, жайын, қызыл-қанат, сазан, табан, тұқымы 20 мамырдан 30 маусымға дейін; - жаппай шаян аулауды 15 қазаннан 1999 жылдың 30 маусымына дейін.
Тармақ 3
3. Уылдырық шашу кезеңінде балықты корғау жөніндегі шаралар бекітілсін. (№ 1-қосымша).
Тармақ 4
4. Облыстық экология басқармасына (Иманбеков А. А.), облыстық ішкі істер басқармасына (Есімов С. А.) уылдырық шашу кезеңінде балықты қорғау үшін осы басқармалардың инспекторлық құрамын жұмылдыру тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыстық жануарлар мен өсімдіктер әлемін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды корғау ұтымды пайдалану инспекциясына (Аязбаев М. Т.) жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімінің 1998 жылғы 15 сәуірде қабылдаған № 67 шешіміне қосымша (№ 1) Уылдырық шашу кезеңінде балықты қорғау шаралар Шаралар Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар 1. Су қоймаларының шаруашылық және тұрмыстық қалдықтармен ластануына жол берілмеуін бақылау тұрақты Облыстық жануарлар мен өсімдіктер әлемін, ерекше қорғайтын табиғи аумақтарды қорғау мен ұтымды пайдалану инспекциясы, облыстық экология басқармасы, облыстық ішкі істер басқармасы 2. Су тартқы құрылғыларын пайдаланатын барлық су пайдаланушыларға бақылау жүргізу тұрақты 3. Облыстық балық шаруашылықтың су қоймаларында балықтардың уылдырық шашу кезеңіне балық қорғаныш қадағалау орындарын ұйымдастыру 10-шы сәуірден 1-ші шілдеге дейін 4. Облыстық балық шаруашылықтың су қоймаларында балық қорғау заңдылықтарын бұзушылықты анықтау бойынша бірлескен рейдтерді өткізу тұрақты және қоғамдық инспекторлар 5. Тұрғындар арасында уылдырық шашу кезеңінде балықты қорғау жөнінде жаппай түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру 10-шы сәуірден 1-ші шілдеге дейін Облыстық жануарлар мен өсімдіктер әлемін, ерекше қорғайтын табиғи аумақтарды қорғау мен ұтымды пайдалану инспекциясы