О создании в городе Алматы "Лиги отличников" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында "Оқу озаттары бірлестігін" құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 25.07.2012 N 3/641 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы N 3002 "Дарынды балалар үшін мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Өкімі негізінде және қаладағы дарынды балалардың ойлау бейімділіктерін дамыту, оқуда жоғары жетістіктерге жеткен оқушылардың қарым-қатынасын арттыру, сонымен қатар жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұяның оқу озаты-оқушыларына көмек және қолдау көрсетуді ұйымдастыру мақсатында, Алматы қаласының Әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы қаласында алты аудандық "Оқу озаттары клубынан" тұратын "Оқу озаттары бірлестігі" құрылсын. 2. Оқу озаттары бірлестігінің Ережесі бекітілсін (N№1 қосымша). 3. Аудан Әкімдерімен жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұяның оқу озаттары балаларын оқу құралдарымен, мектеп бағдарламасынан көлемі жоғары ғылыми-танымал және энциклопедиялық әдебиеттермен қамтамасыз етуде материалдық көмек көрсетілсін. 4. Осы шешімге бақылау жасау Әкімнің орынбасары Ә.Ж.Ыбыраевқа жүктелсін.
Басқа 2
Әкiмнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1104 шешiмiне N 1 қосымша "Оқу озаттары Бiрлестiгi туралы" ЕРЕЖЕ
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. "Оқу озаттарының Бiрлестiгi" (бұдан былай Бiрлестiк деп аталады) заңды тұлға құрмаған, мектептерде "үздiк" оқитын 9-11 сыныптардың оқушыларын, олардың рухани сауығу мен жетiлу мақсатындағы ортақ мүддесiнiң негiзiнде ерiктi түрде, бiрiктiретiн қоғамдық ағартушылық коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. Бiрлестiк жергiлiктi статусқа ие және өз қызметiн Алматы қаласының аумағында жүзеге асырады. Осы Ереженiң негiзiнде жұмыс iстейдi.
Тармақ 1.3
1.3. Бiрлестiк аудандық "Оқу озаттары клубтарының" жұмысын бағыттайтын орган болып табылады.
Тармақ 1.4
1.4. Бiрлестiк мектепте "үздiк" оқитын оқушыларға қолдау көрсетедi және көңiл бөледi.
Тармақ 1.5
1.5. Бiрлестiктi құру жастарды оқыту және тәрбиелеу iсiнің өзектi мәселелерiн шешуге ықпал етедi, озық педагогикалық тәжiрибелердi жинақтап таратуға көмектеседi.
Тармақ 1.6
1.6. Бiрлестiктiң мекен-жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин проспектiсi (Райымбек проспектiсiмен қиылысы), Қалалық бiлiм беру жүйесi кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институты.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Бiрлестiк қызметiнiң мәнi мен мақсаттары
2. Бiрлестiк қызметiнiң мәнi мен мақсаттары
Тармақ 2.1
2.1. Бiрлестiк қаланың аса дарынды балаларының интеллектуалдық қабiлеттерiн дамыту, оқуда жоғары жетiстiктерге жеткен оқушылардың имиджiн көтеру және бiр-бiрiмен қарым-қатынасын арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
Тармақ 2.2
2.2. Осы мақсатқа сәйкес Бiрлестiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақ 2.3
2.3. Оқушылардың өз бетiмен бiлiм алу, өзiн-өзi жаңарту, өзiн-өзi дамыту механизмдерiн жүзеге асыру жолдарын iздеу әдiстерi мен тәсiлдерiмен байыту және өз мүшелерiн бiлiмдерi мен бiлiктерiн үнемi толықтырып отыруға ынталандыру;
Тармақ 2.4
2.4. Оқушылардың бастамашылдығы мен шығармашылығын дамыту үшiн қажеттi жағдай туғызу, Бiрлестiктiң жұмысына қатысты қызметкерлерге ғылыми-теориялық, әдiстемелiк көмектер көрсету;
Тармақ 2.5
2.5. Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қызметтер.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Бiрлестiктiң мiндеттерi мен құқықтары
3. Бiрлестiктiң мiндеттерi мен құқықтары
Тармақ 3.1
3.1. Бiрлестiк өзiнiң негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн және өз қызметiнiң қағидаларына сәйкес мынандай құқықтарға ие:
Тармақ 3.1.1
3.1.1. Өз қызметi туралы ақпарат тарату;
Тармақ 3.1.2
3.1.2. Бiрлестiк мүшелерiнiң интеллектуалдық өсуiне ықпал ету;
Тармақ 3.1.3
3.1.3. Көрмелер, кеңестер, презентациялар өткiзу;
Тармақ 3.1.4
3.1.4. Бiрлестiктiң мiндеттерiне сай келетiн iс-шаралардың, семинарлардың, дәрiстердiң өткiзiлуiне қатысу;
Тармақ 3.1.5
3.1.5. Шығармашылық және өндiрiстiк ұжымдар құру және қолданылып жүрген заңдардың шегiнде олардың қызметiн ұйымдастыру;
Тармақ 3.1.6
3.1.6. Осы Ереже қызметiнiң шегiнде халықаралық ұйымдарға, съездерге, және басқа iс-шараларға қатысу.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Оқу озаттары Бiрлестiгiне мүшелiк
4. Оқу озаттары Бiрлестiгiне мүшелiк
Тармақ 4.1
4.1. "Үздiк" оқитын 9-11 сыныптардың оқушылары Бiрлестiкке мүше бола алады.
Тармақ 4.2
4.2. Бiрлестiкке мүшелiкке қабылдау мәселесi аудандық "Оқу озаттары клубтарының" басшыларымен немесе бiрлесiп шешiледi.
Тармақ 4.3
4.3. Бiрлестiк мүшесi құқылы:
Тармақ 4.3.1
4.3.1. Бiрлестiктiң жұмысына дауыс құқығына ие болып қатысуға;
Тармақ 4.3.2
4.3.2. Бiрлестiктiң және оның құрылымдарының қызметiне байланысты мәселелердi талқылауға қатысуға;
Тармақ 4.3.3
4.3.3. Бiрлестiктiң және оның құрылымдарының қызметiнiң барлық бағыттары бойынша ұсыныстар мен кепiлдемелер енгiзуге;
Тармақ 4.3.4
4.3.4. Бiрлестiкке берiлген өзiнiң әлеуметтiк, құқықтық және материалдық мүдделерiнiң барлық түрiн пайдалануға;
Тармақ 4.3.5
4.3.5. Алматы қаласының Әкiмi (Бiрлестiк мүшелерiне арналған гранттар туралы Ережеге сәйкес) тағайындаған Алматы қаласының жоғары оқу орнында оқудың түгел мерзiмiне грант алуға;
Тармақ 4.3.6
4.3.6. Алматы қаласының Әкiмi (Бiрлестiк мүшелерiне арналған стипендиялар туралы Ережеге сәйкес) тағайындаған стипендия алуға;
Тармақ 4.3.7
4.3.7. Алматы қаласының кiтапханаларының қызметiн жеңiлдiкпен пайдалануға;
Тармақ 4.3.8
4.3.8. Интернет жүйесiн жеңiлдiкпен пайдалануға;
Тармақ 4.3.9
4.3.9. Бiрлестiк мүшелiгiнен шығуға;
Тармақ 4.3.10
4.3.10. Бiрлестiк жұмысының жағдайы туралы ақпарат алуға.
Тармақ 4.4
4.4. Бiрлестiк мүшесi мiндеттi:
Тармақ 4.4.1
4.4.1. Бiрлестiк Ережесiн сақтауға;
Тармақ 4.4.2
4.4.2. Бiрлестiк қызметiне атсалысуға;
Тармақ 4.4.3
4.4.3. Бiрлестiк өткiзетiн жалпы жиналыстарға және iс-шараларға қатысуға.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. Бiрлестiктiң басқару органдары
5. Бiрлестiктiң басқару органдары
Тармақ 5.1
5.1. Бiрлестiктiң жоғары басқару органы аудандық клубтардың басшы-ұйымдастырушылары енетiн Бiрлестiк Кеңесi болып табылады.
Тармақ 5.2
5.2. Бiрлестiк Кеңесi:
Тармақ 5.2.1
5.2.1. Кеңестiң төрағасы мен хатшысын сайлайды;
Тармақ 5.2.2
5.2.2. Бiрлестiктiң Ережесiне өзгертулер мен толықтырулар қабылдайды және енгiзедi;
Тармақ 5.2.3
5.2.3. Бiрлестiктiң қызметiнiң негiзгi бағыттары мен даму перспективасын талқылайды және бекiтедi;
Тармақ 5.2.4
5.2.4. Жылына екi рет аудандық "Оқу озаттары клубтарының" басшы-ұйымдастырушыларының есебiн тыңдайды.
Тармақ 5.3
5.3. Жалпы жиналыс жылына бiр реттен артық өткiзiлмейдi.