Об установлении размера платы за пользование жилищем из коммунального жилищного фонда в государственном арендном доме Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарамеңді ауылы, Абай көшесі, № 8 үй мекенжайы бойынша орналасқан сегіз пәтерлі жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына жалпы алаңның бір шаршы метріне 57 (елу жеті) теңге мөлшерінде төлемақы мөлшері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Исмаиловқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысының міндетін атқарушы ______________________ Г. Гринь