О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индиувидуальному учебному плану Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) тәртібі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек төлемі айқындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қалалық мәслихатының әлеуметтік саланы дамыту және азаматтардың құқығын қорғау заңдылығының мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 сәуірде туындаған қатынастарға таратылады.
Басқа 5. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы тәртібі
Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы № 337 шешімімен бекітілген Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) ата – аналар немесе басқа да заңды өкілдер (бұдан әрі – алушы) өтінішті келесідей құжаттар ұсынумен "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне береді:
Тармақша 1
1) алушының жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) психологиялық – медициналық - педагогикалық кеңес қорытындысы;
Тармақша 4
4) мүгедектігі туралы анықтама;
Тармақша 5
5) банк шотының болуы туралы құжат;
Тармақша 6
6) мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек, өтініш берілген айдан бастап, психологиялық – медициналық - педагогикалық кеңес қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанша тағайындалады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек төлеу
2. Әлеуметтік көмек төлеу
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтатуға негіздер болады:
Тармақша 1
1) мүгедектер қатарындағы кемтар баланың он сегіз жасқа толуы;
Тармақша 2
2) мүгедектер қатарындағы кемтар баланың жалпы білім беру мекемелерінде оқуы;
Тармақша 3
3) мүгедектер қатарындағы кемтар баланы толық мемлекеттік қамсыздандыру үшін әлеуметтік медициналық мекемеге орналастыру;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмектің заңсыз тағайындалуына әкелетін алушының жалған мәлімет беруі;
Тармақша 5
5) Саран қаласының және Ақтас кенті шегінен тұрғылықты жерге кету;
Тармақша 6
6) мүгедектер қатарындағы кемтар баланың қайтыс болуы;
Тармақша 7
7) психологиялық – медициналық - педагогикалық кеңес қорытындысы мерзімінің аяқталуы.
Тармақ 4
4. Төлемді тоқтатуға негіз болып табылатын жағдайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылады.
Тармақ 5
5. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да тәртіпте қайтаруға жатады.