Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики определения стоимости проведения экспертизы и оценки документации по вопросам бюджетных инвестиций и концессий

Бұйрық · № 132 · қабылданған 11.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80714/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Методики определения стоимости проведения экспертизы и оценки документации по вопросам бюджетных инвестиций и концессий Күшін жойған Бұйрық ·№ 132 ·11.05.2014
25.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики определения стоимости проведения экспертизы и оценки документации по вопросам бюджетных инвестиций и концессий

Күшін жойған Бұйрық ·№ 132 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики определения стоимости проведения экспертизы и оценки документации по вопросам бюджетных инвестиций и концессий
Атауы (қаз.)
Бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалаудың құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
132
Қабылданған күні
11.05.2014
Көрсетілген редакция
25.02.2015 AI80714_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009500
ЭКБ идентификаторы
80714
Редакция идентификаторы
AI80714_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:43

0 Бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалаудың құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалаудың құнын айқындау әдістемесі бекітілсін (бұдан әрі - Әдістеме).

2

2. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалау жөніндегі және бюджеттік инвестициялық жобалар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау, сондай-ақ бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалау және бюджеттік инвестициялық жобалар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасу кезінде Әдістемені басшылыққа алсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат көздерінде ресми жариялауын қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

0 Бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалау құнын айқындау әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2014 жылғы 11 мамырдағы
№ 132 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалау құнын айқындау әдістемесі

1

1. Осы Бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалау құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалау құнын айқындау тәсілдерін белгілеу мақсатында әзірленген.

2

2. Бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалаудың құны (бұдан әрі – Қызмет көрсету) концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның қызметтің бір бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындарына байланысты осы Әдістемеге сәйкес айқындалады.

3 3. Қызмет көрсету бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:

Pn = Сn х (1 + R), мұндағы (2)
Pn (price) – қосылған құн салығын есепке алмағандағы құжаттар (сараптама) топтамасын қарау құны;
R – пайызбен алынған рентабельділік нормасы.

4 4. Қызмет көрсетудің өзіндік құны мынадай формула бойынша айқындалады:

Сn = cl х ln, мұндағы (1)
Сn (cost) – қызмет көрсетудің өзіндік құны;
cl – 1 адам – сағат құны;
ln – Қызмет көрсетудің бір бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі. Қызметті бір бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес келтірілген.

5 5. Қызмет көрсетудің құнын есептеу үшін айқындалған рентабельділік нормасы 1,27 пайызды құрайды.

6 6. Қызмет көрсетудің құнын есептеуге арналған бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге мөлшерінде айқындалған.

7 7. Қызмет көрсетулерге төлеу тәртібі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мен концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым арасында жасалған келісіммен айқындалады.

1 Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі

Бюджеттік инвестициялар және
концессиялар мәселелері
бойынша құжаттамаға сараптама
өткізу мен бағалау құнын айқындау
әдістемесіне қосымша
Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі
Р/с №
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет тү­рі
Қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған ең­бек шы­ғын­да­ры, адам-са­ғат
1.
кон­цес­си­я­лық ұсы­ны­стар са­рап­та­ма­сы
361,72
2.
екі ке­зең­дік рә­сім­дер­ді пай­да­лан­бай­тын кон­курс тан­дал­ған жағ­дай­да құ­ра­мын­да (әзір­лен­ген жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­сы бар, сон­дай-ақ тех­ни­ка­лық күр­де­лі бо­лып та­был­май­тын, үл­гі жо­ба­лар, үл­гі жо­ба­лық ше­шім­дер және қай­та қол­да­ны­ла­тын жо­ба­лар­дың негі­зін­де іс­ке асы­ры­ла­тын жо­ба­лар бой­ын­ша) жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­ны қам­ти­тын кон­кур­стық құ­жат­та­ма­ға са­рап­та­ма
1 974,73
3.
екі ке­зең­дік рә­сім­дер­ді пай­да­лан­бай­тын кон­курс таң­дал­ған жағ­дай­да құ­ра­мы­на
тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­ні, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген­де­рін (тех­ни­ка­лық күр­де­лі және (неме­се) бі­ре­гей бо­лып та­бы­ла­тын жо­ба­лар бой­ын­ша) қам­ти­тын кон­кур­стық құ­жат­та­ма­ға са­рап­та­ма
2 824,28
4.
екі ке­зең­дік рә­сім­дер­ді пай­да­ла­на оты­рып, кон­цес­си­о­нер­ді таң­дау бой­ын­ша кон­курс өт­кі­зу ке­зін­де­гі кон­кур­стық құ­жат­та­ма­ға са­рап­та­ма
1 494,71
5.
өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зі­л­ген кез­де­гі кон­кур­стық құ­жат­та­ма­ға са­рап­та­ма
289,51
6.
екі ке­зең­дік рә­сім­дер­ді пай­да­лан­бай кон­цес­си­о­нер­ді таң­дау бой­ын­ша кон­кур­сты өт­кі­зу ке­зін­де кон­курс қа­ты­су­шы ұсын­ған кон­цес­си­я­лық өті­нім­ге са­рап­та­ма­сы
2 171,35
7.
екі ке­зең­дік рә­сім­дер­ді пай­да­ла­на оты­рып, кон­цес­си­о­нер­ді таң­дау бой­ын­ша кон­кур­сты өт­кі­зу ке­зін­де құ­ра­мын­да тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­ні қам­ти­тын кон­кур­сқа қа­ты­су­шы ұсын­ған кон­цес­си­я­лық өті­нім­ге са­рап­та­ма
2 824,28
8.
кон­цес­сия шар­тта­ры­ның жо­ба­ла­ры­на са­рап­та­ма
1 447,56
9.
кон­цес­сия шар­тта­ры­ның жо­ба­ла­ры­на, оның ішін­де кон­цес­сия шар­тта­ры­на өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зі­л­ген кез­де­гі са­рап­та­ма
723,78
10.
кон­цес­си­о­нер­дің мем­ле­кет­тік ке­піл­дік­тер­ді алу­ға ар­нал­ған ұсы­ны­ста­ры­на са­рап­та­ма
417,77
11.
мем­ле­кет­тік ке­піл­дік­тер­ді бе­ру­ге ар­нал­ған ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ға эко­но­ми­ка­лық са­рап­та­ма
688,84
12.
рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген жо­ба­лар­ға эко­но­ми­ка­лық са­рап­та­ма
69,72
13.
рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен заң­ды тұ­лға­лар­дың жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на мем­ле­кет­тің қа­ты­суы ар­қы­лы іс­ке асы­ры­луы жос­пар­лан­ған бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар­ға эко­но­ми­ка­лық са­рап­та­ма, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген қар­жы-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме
422,90
14.
рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет есе­бі­нен заң­ды тұ­лға­лар­дың (жа­ңа құ­ры­л­ған) жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на мем­ле­кет­тің қа­ты­суы ар­қы­лы іс­ке асы­ры­луы жос­пар­лан­ған бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар­ға эко­но­ми­ка­лық са­рап­та­ма
195,84
15.
кон­цес­си­я­лық жо­ба­лар­дың іс­ке асы­ры­луын ба­ға­лау
346,64
16.
бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың іс­ке асы­ры­луын ба­ға­лау
7 447,25
17.
заң­ды тұ­лға­лар­дың жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на мем­ле­кет­тің қа­ты­суы ар­қы­лы бюд­жет­тік иве­сти­ци­я­лар­дың іс­ке асы­ры­луын ба­ға­лау
4 916,58

Қолданыстағы