Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Экибастузу Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 19-1 бабының, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 145 бұйрығының негізінде, Екібастұз қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы (V шақырылған кезектен тыс ХХVIIІ сессия) № 219/28 шешіміне қосымша Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік Орташа жылдық норма м3 1 2 3 4 1 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері 1 орын 1,83 2 Қонақ үйлері, демалыс үйлері 1 орын 2,93 3 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,25 4 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 1,71 5 Емханалар 1 адам 0,06 6 Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 0,72 7 Мектептер 1 оқушы 0,06 8 Орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары 1 оқушы 0,26 9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыру орын 0,97 10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түңгі клубтар 1 отыру орын 2,11 11 Мұражайлар, көрмелер жалпы алаңы 1м2 0,04 12 Спорт, би және ойын залдары жалпы алаңы 1м2 0,36 13 Азық-түлік дүкендері сауда алаңы 1м2 0,84 14 Өнеркәсіптік дүкендер сауда алаңы 1м2 0,4 15 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер сауда алаңы 1м2 0,78 16 Азық-түлік тауарларының қоймалары жалпы алаңы 1м2 0,25 17 Өнеркәсіптік тауарлардың қоймалары жалпы алаңы 1м2 0,25 18 Тұрмыстық қызмет көрсету үйі жалпы алаңы 1м2 3,91 19 Вокзалдар, автовокзалдар жалпы алаңы 1м2 0,44 20 Жағажайлар жалпы алаңы 1м2 0,001 21 Дәріханалар сауда алаңы 1м2 1,56 22 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобиль жаңармай станциялары 1 машина-орын 0,88 23 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 3,89 24 Гараж кооперативтері 1 гараж 2,88 25 Шаштараздар, косметикалық салондары 1 жұмыс орны 0,84 26 Тігін ательесі, кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары жалпы алаңы 1м2 1,37 27 Моншалар, сауналар жалпы алаңы 1м2 0,44 28 Жайлы үйлер 1 тұрғын 1,46 29 Жайлы емес үйлер 1 тұрғын 2,66