Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности
- Атауы (қаз.)
- Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 122
- Қабылданған күні
- 27.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2015 80743_273797.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14Z0003566
- ЭКБ идентификаторы
- 80743
- Редакция идентификаторы
- 80743_273797
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:35
0 Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған төмендегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін:
1 1) "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу";
2 2) "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру";
3 3) "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру".
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2014 жылғы 27 мамырдағы № 122
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
"Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 179 мекенжайы бойынша Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201, 4-қабат, № 404 кабинет мекенжайы бойынша, телефоны 8(7112)50-63-95, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін "Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) жүзеге асырады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап (бұдан әрі-бас тарту туралы дәлелденген жауап) болып табылады.
4 4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетiлетiн қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
5 5. Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1
1) басқарманың жауапты орындаушысы құжаттарды стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес (бұдан әрі - құжаттар) 30 минут ішінде қабылдайды және басқарманың басшысына жолдайды. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай болса, онда құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған өтініштің көшірмесі беріледі;
2 2) басқарманың басшысы 3 күнтізбелік күн ішінде құжаттармен танысады және басқарманың жауапты орындаушысына зерделеу үшін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындау үшін жолдайды;
3
3) басқарманың жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдап алған сәттен бастап 6 күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған діни әдебиеттерді "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 6) тармақшасына сәйкес дінтану сараптамасын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне жолдайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру мерзімі уақытша тоқтатылады;
4
4) басқарманың жауапты орындаушысы дінтану сараптамасын алғаннан кейін 6 күнтізбелік күн ішінде миссионерді тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің немесе бас тарту туралы дәлелденген жауаптың жобасын дайындайды және басқарма басшысына келісім алу үшін жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі жаңартылады;
5 5) басқарманың басшысы 3 күнтізбелік күн ішінде миссионерді тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлікті немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты облыс әкіміне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға жолдайды;
6 6) облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға 7 күнтізбелік күн ішінде миссионерді тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлікке немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапқа қол қойып, басқарма басшысына жолдайды;
7 7) басқарманың басшысы 3 күнтізбелік ішінде қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін басқарманың жауапты орындаушысына жолдайды;
8 8) басқарманың жауапты орындаушысы 30 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) беруді жүзеге асырады.
7 7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс - қимылдың) нәтижесі:
1 1) басқарманың жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауы және басқарма басшысына жолдауы;
2 2) басқарма басшысының құжаттарды басқарманың жауапты орындаушысына зерделеу және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындау үшін жолдауы;
3 3) басқарманың жауапты орындаушысының діни әдебиеттерді дінтану сараптамасын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне жолдауы;
4 4) басқарманың жауапты орындаушысының миссионерді тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің немесе бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын келісім алу үшін басқарма басшысына жолдауы;
5 5) басқарма басшысының миссионерді тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің немесе бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын облыс әкіміне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға қол қою үшін жолдауы;
6 6) облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның миссионерді тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлікке немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қойып, басқарманың басшысына жолдауы;
7 7) басқарма басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру үшін басқарманың жауапты орындаушысына ұсынуы;
8 8) басқарманың жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беруі.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдылық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1 1) басқарманың жауапты орындаушысы;
2 2) басқарманың басшысы;
3 3) облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға.
9
9. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) өту блок-схемасы осы "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі - регламент) 1-қосымшасымен сүйемелденеді.
10
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс - қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің, басқарманың толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс - қимылдарының тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
11 11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, басқарманың және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
41 "Миссионерлiк қызметтi жүзеге
асыратын тұлғаларды тiркеудi
және қайта тiркеудi жүргiзу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін
сипаттау әрбір рәсімнің (іс-қимылдың)
ұзақтығын көрсете отырып, әрбір
рәсімнің (іс-қимылдың) өту
блок-схемасы
42 "Миссионерлiк қызметтi жүзеге
асыратын тұлғаларды тiркеудi
және қайта тiркеудi жүргiзу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын
тұлғаларды тiркеудi және қайта
тiркеудi жүргiзу"
ҚФБ – құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс - қимылдары;
ҚФБ 1 – басқарманың жауапты орындаушысы;
ҚФБ 2 – басқарманың басшысы;
ҚФБ 3 – облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға;
43 2014 жылғы 27 мамырдағы № 122
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
"Діни іс-шараларды өткізуге арналған
үй-жайларды ғибадат үйлерінен
(ғимараттарынан) тыс жерлерде
орналастыруға келісу туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 179 мекенжайы бойынша Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201, 4-қабат, № 404 кабинет мекенжайы бойынша, телефоны 8(7112)50-63-95, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін "Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) жүзеге асырады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім (бұдан әрі-шешім) немесе мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап (бұдан әрі- бас тарту туралы дәлелденген жауап) болып табылады.
4 4. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетiлетiн қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
5 5. Стандарттың қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1
1) басқарманың жауапты орындаушысы құжаттарды стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес (бұдан әрі-құжаттар) 30 минут ішінде қабылдайды және басқарманың басшысына жолдайды. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай болса, онда құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған өтініштің көшірмесі беріледі;
2 2) басқарманың басшысы 3 күнтізбелік күн ішінде құжаттармен танысады және басқарманың жауапты орындаушысына зерделеу және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындау үшін жолдайды;
3 3) басқарманың жауапты орындаушысы 9 күнтізбелік күн ішінде құжаттарды зерделеп, шешім жобасын немесе бас тарту туралы дәлелденген жауап жобасын дайындайды және басқарманың басшысына келісу үшін жолдайды;
4 4) басқарманың басшысы 3 күнтізбелік күн ішінде шешім жобасын немесе бас тарту туралы дәлелденген жауап жобасын облыс әкіміне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға жолдайды;
5 5) облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға 10 күнтізбелік күн ішінде шешімге немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапқа қол қойып, басқарманың басшысына жолдайды;
6 6) басқарманың басшысы 3 күнтізбелік күн ішінде қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін басқарманың жауапты орындаушысына жолдайды;
7 7) басқарманың жауапты орындаушысы 30 минуттың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) беруді жүзеге асырады.
7 7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) басқарманың жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауы және басқарманың басшысына жолдауы;
2 2) басқарманың басшысының басқарманың жауапты орындаушысына құжаттарды зерделеу және шешімнің немесе бас тарту туралы дәлелденген жауаптың жобасын дайындау үшін жолдауы;
3 3) басқарманың жауапты орындаушысының құжаттарды зерделеуі, шешімнің немесе бас тарту туралы дәлелденген жауаптың жобасын дайындауы және басқарманың басшысына келісу үшін жолдауы;
4 4) басқарма басшысының шешімнің немесе бас тарту туралы дәлелденген жауаптың жобасын облыс әкіміне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға қол қою үшін жолдауы;
5 5) облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушының шешімге немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапқа қол қойып, басқарманың басшысына жолдауы;
6 6) басқарманың басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру үшін жауапты орындаушыға ұсынуы;
7 7) басқарманың жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беруі.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдылық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1 1) басқарманың жауапты орындаушысы;
2 2) басқарманың басшысы;
3 3) облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға.
9
9. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс қимылдың) өту блок-схемасы осы "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі - регламент) 1-қосымшасымен сүйемелденеді.
10
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің, басқарманың толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының тәртібінің сипаттамасы осы регламентінің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
11 11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, басқарманың және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
75 "Діни іс-шараларды өткізуге
арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан)
тыс жерлерде орналастыруға
келісу туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін
сипаттау әрбір рәсімнің (іс-қимылдың)
ұзақтығын көрсете отырып, әрбір
рәсімнің (іс-қимылдың) өту
блок-схемасы
76 "Діни іс-шараларды өткізуге
арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан)
тыс жерлерде орналастыруға
келісу туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
"Діни іс-шараларды өткізуге арналған
үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан)
тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы
шешім беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы
ҚФБ – құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қымылдары;
ҚФБ1 – басқарманың жауапты орындаушысы;
ҚФБ 2 – басқарманың басшысы;
ҚФБ 3 – облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға;
77 2014 жылғы 27 мамырдағы № 122
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы
өзге де ақпараттық материалдарды,
діни мақсаттағы заттарды тарату үшін
арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын
бекіту туралы шешім беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 179 мекенжайы бойынша Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201, 4-қабат, № 404 кабинет мекенжайы бойынша, телефоны 8(7112)50-63-95, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін "Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) жүзеге асырады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім (бұдан әрі - шешім) немесе мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап (бұдан әрі – бас тарту туралы дәлелденген жауап) болып табылады.
4 4. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетiлетiн қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
5 5. Стандарттың қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1
1) басқарманың жауапты орындаушысы 30 минут ішінде құжаттарды стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес ( бұдан әрі –құжаттар) қабылдайды және басқарманың басшысына жолдайды. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай болса, онда құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған өтініштің көшірмесі беріледі;
2 2) басқарманың басшысы 3 күнтізбелік күн ішінде құжаттармен танысады және басқарманың жауапты орындаушысына зерделеу және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындау үшін жолдайды;
3 3) басқарманың жауапты орындаушысы 9 күнтізбелік күн ішінде құжаттарды зерделеп, шешімнің жобасын немесе бас тарту туралы дәлелденген жауап жобасын дайындайды және басқарма басшысына келісім алу үшін жолдайды;
4 4) басқарманың басшысы 3 күнтізбелік күн ішінде шешім немесе бас тарту туралы дәлелденген жауабын облыс әкіміне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға жолдайды;
5 5) облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға 10 күнтізбелік күн ішінде шешімге немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапқа қол қойып, басқарманың басшысына жолдайды;
6 6) басқарманың басшысы 3 күнтізбелік күн ішінде қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін басқарманың жауапты орындаушысына береді;
7 7) басқарманың жауапты орындаушысы 30 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) беруді жүзеге асырады;
7 7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) басқарманың жауапты орындашысының көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауы және басқарма басшысына жолдауы;
2 2) басқарма басшысының құжаттарды басқарманың жауапты орындаушысына зерделеу және шешімнің жобасын немесе бас тарту туралы дәлелденген жауап жобасын дайындау үшін жолдауы;
3 3) басқарманың жауапты орындаушысы құжаттарды зерделеп, шешімнің жобасын немесе бас тарту туралы дәлелденген жауап жобасын дайындуы және басқарманың басшысына келісу үшін жолдауы;
4 4) басқарма басшысының шешімнің жобасын немесе бас тарту туралы дәлелденген жауап жобасын облыс әкіміне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға қол қою үшін жолдауы;
5 5) облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешіміне немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапқа қол қойып, басқарманың басшысына жолдауы;
6 6) басқарма басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру үшін жауапты орындаушыға ұсынуы;
7 7) басқарманың жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беруі.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдылық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1 1) басқарманың жауапты орындаушысы;
2 2) басқарманың басшысы;
3 3) облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға.
9
9. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау әрбір рәсімнің (іс қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс қимылдың) өту блок-схемасы осы "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі- регламент) 1-қосымшасымен сүйемелденеді.
10
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің, басқарманың толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
11 11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, басқарманың және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
109 "Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналастырылуын бекіту
туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін
сипаттау әрбір рәсімнің (іс-қимылдың)
ұзақтығын көрсете отырып, әрбір
рәсімнің (іс-қимылдың) өту
блок-схемасы
110 "Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналастырылуын бекіту
туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы
өзге де ақпараттық материалдарды,
діни мақсаттағы заттарды тарату үшін
арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын
бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік
қызмет көрсетудіңбизнес-процестерінің
анықтамалығы
ҚФБ – құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қымылдары;
ҚФБ 1 – басқарманың жауапты орындаушысы;
ҚФБ 2 – басқарманың басшысы;
ҚФБ 3 – облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға;