Об утверждении Правил поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений Қолданыста
Басқа 0
Қылмыстың алдын алуға және болдырмауға
жәрдемдесетін қоғамдық тәртіпті күзетуге
қатысатын азаматтарды көтермелеу Ережелерін
бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды-Атырау облысы әкімиятының 30.03.2004 жылғы
№ 43 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы №1243 «Қылмыстың алдын алуға және болдырмауға жәрдемдесетін қоғамдық тәртіпті күзетуге қатысушы азаматтарды көтермелеу Ережелерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес және азаматтарды құқықтық тәртіп пен облыстағы қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға қатысуға белсенді қатыстыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қылмыстың алдын алу және болдырмауға жәрдемдесетін қоғамдық тәртіпті күзетуге қатысушы азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін (№1-қосымша).
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртіпті күзетуге қатысушы азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін (№2-қосымша).
Тармақ 3
3. Ішкі істер басқармасы (Қ.Мырзабаев) бір апта мерзімінде облыстың қаржы басқармасына қылмыстың алдын алу және болдырмауға жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті күзетуге қатысқан азаматтарды көтермелеуге төленетін ақының 2001 жылға шамамен қажетті есебін тапсырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (А.Әбдіқадырова) 2001 жылға облыс бюджетін әзірлегенде облыстың ішкі істер басқармасының белгіленген мерзімінде растайтын есептерді тапсырған жағдайда осы мақсатқа қаражат қарастырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы Т.А.Каримовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 7
Облыс әкімінің 2000 жылғы
8 қараша № 644 шешіміне
№1-қосымша
Қылмысты алдын алуға және болдырмауға жәрдемдескен қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесі
Осы Ереже қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселесін реттейді.
Тармақ 1
1. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін көтермелеу жөніндегі комиссиялар қарайды.
Тармақ 2
2. Комиссияның құрамына өкілді органдардың, жергілікті атқарушы органдар мен ішкі істер органдарының өкілдері енгізіледі.
Тармақ 3
3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына ішкі істер органдары ұсынады.
Тармақ 4
4. Комиссия қабылдаған шешім-көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес ішкі істер басшысының бұйрығы- көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Ақшалай сыйақының мөлшерін комиссия қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көтермелейтін адамның қосқан үлесін және ол немесе оның қатысуымен жолы келісілген құқыққа қарсы әрекеттің нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың көлемін ескере отырып белгілейді және ол, әдетте, 10 есе айлық есептік көрсеткішпен атайды.
Тармақ 6
6. Ақшалай өтермелеу сыйақы төлеуді ұсыныс енгізген ішкі істер органдары осы мақсатқа көзделген қаржы көлемінде, жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізеді.
Тармақ 7
7. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат ішкі істер органдары шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.
Басқа 15
Облыс әкімінің 2000 жылғы
8 қараша № 644 шешіміне
№2-қосымша
Қоғамдық тәртіпті күзетуге қатысушы азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құрамы
1.Каримов Тауфик Акрамович
-облыс әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, комиссия төрағасы;
2.Әбдіқадырова Айман Нұрқасымқызы
-облыстық қаржы басқармасының бастығы;
3.Қаражігітов Сұлтан Жапақұлы
-облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі;
4.Мырзабаев Қайыржан Жұмабайұлы
-облыс ішкі істер басқармасының бастығы;
5.Табылдиев Хисмет Бозанұлы
-облыстық Мәслихаттың хатшысы (келісім алу бойына)