О координационном Совете по борьбе с преступностью и коррупцией Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.08.2004 № 219 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi N 267 Заңы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетілдіру шаралары туралы" 2000 жылдың 20 сәуiрдегi N 377 Жарлығын жүзеге асыру, атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi мемлекеттiк органдардың аталған мiндеттердi орындау мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң жанынан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру Кеңесi құрылсын және оның жеке құрамы бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыс әкімінің жанынан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру Кеңесi туралы Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Кеңестiң жұмысшы органы облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi болып белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмiнiң "Облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi облыстық үйлестiру Кеңесiн құру туралы" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 131 және "Облыс әкiмi жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы" облыс әкімінің 1999 жылғы 18 маусымдағы N 131 шешiміне өзгерiстер енгiзу туралы" 2000 жылдың 14 наурызындағы N 50 шешiмдерiнің күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылауды өзiме қалдырамын.
Басқа 6. Облыс әкiмi жанынан құрылған қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi үйлестiру Кеңесiнiң ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 10 қаңтардағы N 3 шешiмiне N 1 қосымша Облыс әкiмi жанынан құрылған қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi үйлестiру Кеңесiнiң ҚҰРАМЫ Қырымбек Елеуұлы Көшербаев - облыс әкiмi, үйлестiру Кеңесiнiң төрағасы Яхия Қиндашұлы Чудров - облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары, үйлестiру Кеңесi төрағасының орынбасары Татьяна Александровна Даньшина - облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар бөлiмiнiң меңгерушiсi, үйлестiру Кеңесiнiң хатшысы Кеңес мүшелерi: Есберген Әжiбаев - мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi облыстық басқарманың бастығы Шәріп Асымханұлы Байбатыров - облыстық кеден басқармасының бастығы Бұлытбай Мамытұлы Мамытов - облыс прокуроры (келісімі бойынша) Шаймұрат Шаукетұлы Отарбаев - облыстың ҰҚКД бастығы Төлеген Шаймерденұлы Рақымжанов - облыстық ІІБ бастығы
Басқа 7. Облыс әкімінің жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 10 қаңтардағы N 3 шешiмiне N 2 қосымша Облыс әкімінің жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) облыс әкімінің жанындағы ақыл-кеңес органы болып табылады қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелерінде атқарушы, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, еліміздің Президенті мен Үкіметінің актілеріне облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
Тармақ 3
3. Кеңес құрамын облыс әкімі анықтайды және бекітеді.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі мақсаты
2. Кеңестің негізгі мақсаты Кеңестің негізгі мақсаты мен міндеті мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) облыстық атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдарының қылмыскерлiк және сыбайлас жемқорлықпен күрестi ұйымдастыру салаларында құқық тәртiбi мен заңдылықты нығайтуда ведомствоаралық үйлестiру қызметiн қамтамасыз ету болып табылады;
Тармақша 2
2) облыстағы қалыпты құқықтық жағдайды талдау, қылмыскерлiк және сыбайлас жемқорлықпен күрестi күшейту жөнiндегi шаралар жоспарын қарау және бекiту;
Тармақша 3
3) iшкi iстер қызметтерi, прокуратура, Ұлттық қауiпсiздiк, салық және кеден қызметтерi, Салық полициясы органдарының қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес жөнiндегi қызметiнiң аясын дамыта түседi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Заңдарын, елiмiздiң Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн, атқарушы, құқық қорғау және өзге мемлекеттiк органдардың қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес мәселелерi жөнiндегi орындаушылық мүмкiншiлiктерiн зерттеу;
Тармақша 5
5) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардың қаладағы құқық қорғауды және заңдылықтарды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарына нұсқамалар әзiрлеу.
Тарау 3. 3. Кеңестiң қызметi
3. Кеңестiң қызметi Кеңес мынандай қызметтердi жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Кеңестiң мәжiлiстерiнде атқарушы, құқық қорғау органдарының облыста қылмыскерлiк және сыбайлас жемқорлықпен күрестi ұйымдастырудағы жағдайын қарастыру;
Тармақша 2
2) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдарының қылмыскерлiк және сыбайлас жемқорлықпен күрестi ұйымдастыру жөнiндегi басшыларының есебiн тыңдау;
Тармақша 3
3) жоғарыда аталған жұмыстарды жақсарту жөнiнде нұсқаулық даярлау;
Тармақша 4
4) Кеңеске жүктелген өзге мiндеттердi орындау.
Тарау 4. 4. Кеңестiң өкiлеттiгi
4. Кеңестiң өкiлеттiгi Кеңес негiзгi мақсаттарды жүзеге асыру және өз мiндеттерiн орындауда мынадай құқыққа ие болады:
Тармақша 1
1) атқарушы, құқық қорғау органдардан ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды сұрастыруға және алуға;
Тармақша 2
2) қылмыскерлiк және сыбайлас жемқорлықпен күрестi ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстарды және нұсқаулықтарды әзiрлеу;
Тармақша 3
3) құқық қорғау және өзге мемлекеттiк органдарының қызметкерлерiн Кеңестiң мәжiлiсiне материалдарды әзiрлеу үшiн тарту.
Тарау 5. 5. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
5. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Кеңес жоспарға сәйкес жұмыс iстейдi. Оның мәжiлiсi ай сайын және қажеттiгiне қарай өткiзiледi.
Тармақ 2
2. Кеңес мәжiлiсiн Төраға немесе оның орынбасарлары тапсырмасымен Кеңестiң бiр мүшесi өткiзедi. Оған Кеңес мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса ғана, құқылы болып есептеледi.
Тармақ 3
3. Кеңестiң шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады, ол хаттамамен ресiмделiп, оны Төраға бекiтедi.