Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц и многоквартирных жилых домов города Тайынша Тайыншинского района Северо-Казахстанской области для участия в сходе местного сообщества Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының көшелері мен көппәтерлі тұрғын үйлерінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
2014 жылғы 21 мамырдағы
№ 187 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен көпәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының қала тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Күншығыс көшесі
66
Астана көшесі
85
Чапаев көшесі
33
Қазақстан Конституциясы көшесі
49
Пролетар көшесі
38
Совет көшесі
40
Крыжановский көшесі
12
Зебницкий көшесі
22
Октябрь көшесі
24
Первомай көшесі
33
Фрунзе көшесі
13
Тайыншинская көшесі
12
Мир көшесі
4
Коммунистическая көшесі
11
Чаглинская көшесі
10
Крупская көшесі
2
Заводская көшесі
6
Маяковский көшесі
4
Садовая көшесі
10
Ново-Элеватор көшесі
5
Дзержинский көшесі
2
50 лет Октября көшесі
19
Мағжан Жұмабаев көшесі
8
Калинин көшесі
5
Фурманов көшесі
6
Железнодорожная көшесі
29
Солнечная көшесі
4
Южная көшесі
1
Локомотивная көшесі
3
Островский көшесі
5
Целинная көшесі
13
Западная көшесі
29
Комсомольская көшесі
15
Карл Маркс көшесі
13
Куйбышев көшесі
15
Киров көшесі
13
Энгельс көшесі
13
Магистральная көшесі
13
Фабричная көшесі
16
Кооперативная көшесі
4
Горький көшесі
7
Пушкин көшесі
10
Мәншүк Мәметова көшесі
6
Колхозная көшесі
9
Степная көшесі
8
Көппәтерлі тұрғын үйлер
Зебницкий көшесі № 108
4
Коммунистическая көшесі № 52
2
Коммунистическая көшесі № 54
4
Қазақстан Конституциясы көшесі № 162
4
Қазақстан Конституциясы көшесі № 189
7
Қазақстан Конституциясы көшесі № 191
6
Қазақстан Конституциясы көшесі № 193
4
Қазақстан Конституциясы көшесі № 204
1
Пролетар көшесі № 188
2
Совет көшесі № 140
5
Тайыншинская көшесі № 69
2
Басқа 5
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
2014 жылғы 21 мамырдағы № 187
шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының көшелері мен көппәтерлі тұрғын үйлерінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Тайынша қаласы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының аумағында қала тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының әкімі шақырады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайына қаласының шегінде бөлек жиынды өткізуді Тайынша қаласының әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппаратына береді.