Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Чермошнянского сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
2014 жылғы 21 мамырдағы
№ 190 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының
Чермошнян ауылдық округі ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі Чермошнянка ауылының тұрғындары үшін
157
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі Бахмут ауылының тұрғындары үшін
13
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі Леонидовка ауылының тұрғындары үшін
129
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі Нагорное ауылының тұрғындары үшін
26
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі Многоцветное ауылының тұрғындары үшін
75
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі Ново-Ивановка ауылының тұрғындары үшін
41
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі Теңіз ауылының тұрғындары үшін
2
Басқа 5
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
2014 жылғы 21 мамырдағы № 190
шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Чермошнян ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің әкімі шақырады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі Чермошнянка, Бахмут, Леонидовка, Нагорное, Многоцветное, Ново-Ивановка және Теңіз ауылдарының шегіндебөлек жиынды өткізуді Чермошнян ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнянауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі ауылдары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.