О создании экологического коридора "Ыргыз-Торгай-Жыланшык" на территории Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании экологического коридора "Ыргыз-Торгай-Жыланшык" на территории Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысының аумағында "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәлізін құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 245
- Қабылданған күні
- 02.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 02.06.2014 80999_125906.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14N0004902
- ЭКБ идентификаторы
- 80999
- Редакция идентификаторы
- 80999_125906
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:30
0 Қостанай облысының аумағында "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәлізін құру туралы
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 81-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2013 жылғы 10 қарашадағы № 316 бұйрығымен бекітілген "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәлізін құру" жаратылыстану-ғылыми негіздемесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Д. Қаппаровтың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасында киіктер таралымының санын қалпына келтіру және көбейту туралы № 15–03–19/4159-И хаты негізінде, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысының аумағында жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймай, жалпы алаңы 2007582 гектарда (га) (оның ішінде: Аманкелді ауданында – 455786 га, Жангелдин ауданында – 1363838 га және Арқалық қаласында – 187958 га) "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәлізі құрылсын.
2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәлізі учаскелерінде жерлерді пайдаланудың реттелмелі тәртібі белгіленсін.
3 3. Аманкелді және Жангелдин аудандары мен Арқалық қаласының әкімдері осы қаулының орындалуы бойынша шаралар қолдансын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
орта және су ресурстары министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
"Қостанай облыстық орман және аңшылық
шаруашылығы аумақтық инспекциясы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ М. Бегімбетов
6 Әкімдіктің 2014 жылғы
2 маусымдағы № 245
қаулысына қосымша
"Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәлізінің
аумағында жерлерді пайдаланудың реттелмелі режимі
1 1. Қостанай облысының аумағындағы "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәлізі (бұдан әрі – экологиялық дәліз) экологиялық жүйенің жай-күйіне теріс әсер ететін осы қызмет аясы шегінде шектеу мақсатында белгіленген.
2 2. Экологиялық дәліздің шекаралары табиғи географиялық шептер бойынша белгіленеді және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.
3 3. Экологиялық дәліз аумағында жерлерді пайдаланудың реттелмелі режимі экологиялық дәліздің құрамына енгізілген барлық жерлерде, атап айтқанда:
1 1) елді мекендердің жерлерінде;
2 2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде (оның ішінде шаруа және фермер қожалықтары);
3 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерде;
4 4) су қорының жерлерінде;
5 5) босалқы жерлерде;
6 6) аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануда болатын аумақтарда белгіленеді.
4 4. Жер учаскелері экологиялық дәліз құрамына оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, жерлерді пайдаланудың белгіленген реттелмелі режимін есепке ала отырып, осы учаскелердің нысаналы мақсатын сақтаумен қосылады.
5 5. Жерлерді пайдаланудың режимін бұзған айыпты тұлғалар, табиғи кешенге залал келтірген жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар оны қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіпте өтейді.
6 6. Экологиялық дәліз аумағында мыналарға:
1 1) атмосфераға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
2 2) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;
3 3) бар экологиялық жүйелерге сәйкес келмейтін жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін енгізуге;
4 4) жерге ұя салатын құстар жұмыртқалаған кезеңде шөп шабуға;
5 5) топырақты шығару мен қоймалау бойынша кең ауқымды жер жұмыстарының салдарынан топырақ жабынын бұзуға, егер ол авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, қайта құру және қолда бар көлік пен инженерлік-техникалық коммуникацияларды жөндеуге байланысты болмаса;
6 6) өзендер мен жылғалардың арналарын түзетуге, олардың учаскелерін коллекторларға жабуға, өзендер мен су қоймаларының жағалауларын бетондауға;
7 7) өсімдіктерді жағуға, жапырақтар мен құрғақ шөптерді өртеуге, көктемгі дала өртіне;
8
8) жануарлар дүниесі объектілерінің ауыруын және қырылуын, олардың мекендеу ортасының нашарлауының алдын алуға кепілдік беретін шараларды жүзеге асырмай, улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, химиялық реагенттерді, жанар-жағар май материалдарын және өзге де жануарлар дүниесі объектілері мен олардың мекендеу ортасына қауіпті материалдарды, шикізатты және өндіріс қалдықтарын сақтауға және қолдануға;