Об упорядочении начисления пособий семьям, имеющим детей Күшін жойған
Басқа 0
Балалары бар жанұяларға жәрдемақының есептелуін ретке келтіру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен.
Балалары бар жанұяларға жәредемақының есептелуiн және төленуiн ретке келтiру мақсатында және жәрдемақы алушылардың тiзiмiн ай сайын уақтылы Халық банкiсiне өткiзiп, оның төленуiн қамтамасыз ету үшiн облыс Әкiмi:
ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Балалары бар жұмыс iстейтiн және жұмыс iстемейтiн аналарға жәрдемақы тағайындайтын орган аудандық және қалалық халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi болып табылсын.
Тармақ 2
2. Аудан және қала әкiмдерi, облыстық, аудандық және қалалық халықты әлеуметтiк қорғау органдары мекеме, ұйым басшыларының арасында жұмыс iстейтiн аналарға балаларына тағайындалатын жәрдемақыны тағайындау тәртiбiнiң өзгеруiне байланысты түсiндiру жұмыстарын жүргiзсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы аудандық, қалалық халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң жұмыс көлемiнiң ұлғаюына байланысты штаттық бiрлiктерiн көбейту мүмкiндiгiн қарастырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ж.Әмiрхановаға жүктелсiн.