Об утверждении "Инструкции об осуществлении инспектирования накопительных пенсионных фондов" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жинақтаушы зейнетақы қорларын инспекциялау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлгенiне байланысты, Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қосымшадағы "Жинақтаушы зейнетақы қорларын инспекциялау туралы Нұсқаулық" бекiтiлсiн, және Қазақстан Республикасының әдiлет Министрлiгiндегi мемлекеттiк тiркеуден кейiн енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. "Жинақтаушы зейнетақы қорларын инспекциялау туралы Нұсқаулық" мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгi 1998 жылғы N 69-Ө (мемлекеттiк тiркеуi N 536 1998 17.07) бұйрығымен бекiткен, "Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiмен инспекциялау (тексеру) жүргiзу тәртiбi туралы Ереже" күшiн жойды деп есептелсiн.
Тармақ 3
3. Заң бөлiмi (Қ. Камали) осы бұйрықпен бекiтiлген "Жинақтаушы зейнетақы қорларын инспекциялау туралы Нұсқаулықты" Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
Басқа 0. Жинақтаушы зейнетақы қорларын инспекциялау туралы Нұсқаулық
БЕКІТІЛДІ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті 2001 жылғы 08 қаңтардағы N 2-Ө бұйрығы Жинақтаушы зейнетақы қорларын инспекциялау туралы Нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттейтiн заңдарына сәйкес әзiрленген және жинақтаушы зейнетақы қорларын тексеру барысында туындайтын қарым-қатыстарды тәртiптейдi.
Тармақ 2
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан былай - ЖЗҚ) тексерудi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi Комитетi (бұдан былай - Комитет), қажеттiгiне қарай басқа мемлекеттiк органдарының қызметкерлерiн тартып, дербес өзi атқарады.
Тармақ 3
3. Тексерудiң негiзгi қағидалары:
Тармақша 1
1) тәуелсiздiк;
Тармақша 2
2) әдiлдiк;
Тармақша 3
3) құпиялылық.
Тармақ 4
4. Инспекциялау Қазақстан Республикасының заңдарының, ЖЗҚ зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қызметiнiң негiзiнде тәуелсiз жүргiзiлiп, салымшылар және алушылар мүддесiнiң қорғалуын, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуын қамсыздандыру мақсатында атқарылады. Инспекциялау ЖЗҚ iс-әрекетiн жалпы немесе жеке мәселелерi бойынша зерттеу және ЖЗҚ қорлары қызметкерлерiнiң әрекеттенуi ҚР заңдарына сәйкес атқарылатынын тексеру арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Инспекциялау түрлерiне жататыны: құрама тексеру және ағымдағы тексеру (жеке мәселелер бойынша инспекциялау). Құрама тексеру ЖЗҚ барлық iс-әрекетiн қамтитын тексеру болып табылады. Ағымдағы тексеру, ЖЗҚ iс-әрекетiне қойылатын салымшылар мен алушылардың, мемлекеттiк органдардың және ЖЗҚ жинақтаушы зейнетақы қорларының шағымдарын тексеру, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жеке мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн тексеру болып табылады.
Тарау 2. 2. ЖЗҚ инспекциялаудың негiзгi элементтерi
2. ЖЗҚ инспекциялаудың негiзгi элементтерi
Тармақ 6
6. ЖЗҚ зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн атқару қызметiне бас лицензия алу кезiнде тапсырылған құжаттардың дұрыстығын, толықтығын және анықтығын бақылау.
Тармақ 7
7. ЖЗҚ жарғылық капиталын толықтыру кезiнде тапсырылған құжаттардың дұрыстығын, толықтығын және анықтығын, сонымен қатар, жарғылық капиталдың дер кезiнде толықтырылғандығын бақылау.
Тармақ 8
8. Мемлекеттiк органдарына және бұқаралық ақпарат құралдарына берiлетiн статистикалық есептiң дұрыстығын, толықтығын, анықтығын және уақтылылығын бақылау.
Тармақ 9
9. ЖЗҚ бухгалтерлiк есеп беру мен есеп беру саясатының дұрыстығын, толықтығын және анықтығын бақылау.
Тармақ 10
10. ЖЗҚ дербес зейнетақы шоттардағы зейнетақы жарналарын және инвестициялық табыстарын есепке алу бойынша операцияларды дұрыс, толық, анық және дер кезiнде атқарғандығын бақылау.
Тармақ 11
11. Зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша атқарылатын ЖЗҚ операцияларының дұрыстығын, толықтығын, анықтығын және уақтылылығын бақылау.
Тармақ 12
12. Зейнетақы активтерiнiң шартты бағасы дұрыс, толық және анық есептелгенiн бақылау.
Тармақ 13
13. Қате есептелген зейнетақы жарналарының қайтарылуы дұрыс, толық және анық орындалғандығын бақылау.
Тармақ 14
14. Зейнетақы жинақтарын аудару операцияларының дұрыс, толық, анық және дер кезiнде орындалғандығын бақылау.
Тармақ 15
15. ЖЗҚ, зейнетақы активтерiн басқару және банк-кастодианның өзара жүргiзген операцияларының дұрыстығын, толықтығын, анықтығын және уақтылы орындалғандығын бақылау.
Тармақ 16
16. ЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттау жүйесiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн бақылау.
Тармақ 17
17. Меншiктi капиталды ЖЗҚ негiзгi құралдары мен мүлiксiз активтерiне енгiзу нормативтерiнiң дұрыс, толық және анық сақталуын бақылау.
Тармақ 18
18. Салымшылар мен алушылардың зейнетақы жинақтары туралы ақпарат берудiң дұрыстығын, толықтығын және анықтығын бақылау.
Тармақ 19
19. ЖЗҚ филиалдарының, өкiлеттiктерi мен агенттерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атқарылатынын бақылау.
Тармақ 20
20. ЖЗҚ зейнетақы шарттарын жасасу және салымшыларды тарту бойынша атқарылатын iс-әрекетiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн бақылау.
Тармақ 21
21. Зейнетақы ережелерiнiң сақталуы мен орындалуын бақылау.
Тарау 3. 3. ЖЗҚ инспекциялау тәртiбi
3. ЖЗҚ инспекциялау тәртiбi
Тармақ 22
22. Инспекциялау Комитеттiң тапсырмасы бойынша, бұйрығы негiзiнде жүргiзiледi.
Тармақ 23
23. Тапсырма төмендегi элементтерден құрайды:
Тармақша 1
1) инспекциялау түрi;
Тармақша 2
2) инспекциялау мерзiмi;
Тармақша 3
3) ағымдағы тексеру жүргiзу жағдайындағы тексеру мәселелерi.
Тармақ 24
24. Құрама инспекциялау күнтiзбелiк жылында бiр рет атқарылады.
Тармақ 25
25. Болатын тексеру туралы комиссия ЖЗҚ-на алдына-ала хабарлауға құқылы.
Тармақ 26
26. Құжаттардың сақтығын қамсыздандыру мақсатымен, өзара құжаттарды алып-берiсу ЖЗҚ-да тиiстi ресiмделу арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 27
27. Бұрын болған тексерудiң нәтижесiне сүйенiп, комиссия алдыңғы жүргiзiлген тексерудiң аяқталған мерзімін тексеру мерзімі деп белгiлеу құқысымен инспекциялауды жүргiзедi.
Тармақ 28
28. Жүргiзiлген инспекциялау қорытындысы есеп беру арқылы ресiмделедi.
Тарау 4. 4. Инспекциялау қорытындысы бойынша есеп беру тәртiбi
4. Инспекциялау қорытындысы бойынша есеп беру тәртiбi
Тармақ 29
29. Инспекциялау қорытындысы бойынша есеп беру коммерциялық құпия болып табылады.
Тармақ 30
30. Есеп Комитет құрылымдарына, және басқа мемлекеттiк органдарына, Комитеттiң бiрiншi басшысының рұқсаты бойынша, қызмет бабындағы мiндеттердi атқаруға қатысты көлемде ғана берiледi. Есептегi ақпаратты жариялау, Қазақстан Республикасының заңдарымен қамтылған жауапкершiлiктiкөздейдi.
Тармақ 31
31. Инспекциялау аяқталғаннан кейiн, қорытындысы ЖЗҚ бiрiншi басшысымен және бас бухгалтерiмен немесе олардың орнын басатындарымен талқыланады.
Тармақ 32
32. Есепке комиссия қызметкерлерi, ЖЗҚ бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi, немесе олардың орнын басатындары қол қояды.
Тармақ 33
33. ЖЗҚ бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi, немесе олардың орнын басатындары инспекциялау аяқталғаннан кейiн есепке қол қоюға мiндеттi. Есеппен, немесе есептiң бөлiгiмен келiспеген жағдайда, ЖЗҚ бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi, немесе олардың орнын басатындары өзiнiң ескертпелерiн жазбаша түрде есепке тiркеуге құқылы.
Тармақ 34
34. ЖЗҚ iс-әрекетiнiң негiзгi бағыттарын тексеру қорытындысы бойынша пiкiр алысу Комитет басшылығының мәжiлiсiнде, ЖЗҚ басшыларының қатысуымен, қажетiне қарай, ЖЗҚ басқа да лауазымды адамдары шақырылып, өтедi. Инспекциялау қорытындысы Комитетте талқыланғаннан кейiн, нәтижесiне қарай, есепке түзетулер енгiзуге мүмкiн.
Тармақ 35
35. Есепке қол қойылғаннан кейiн, ол Комитеттiң бiрiншi басшысымен, немесе оның орнын басатын адаммен бекiтiледi.
Тармақ 36
36. Есеп комиссия тексерген ЖЗҚ қызметiн жан-жақты суреттеуге тиiс.
Тармақ 37
37. Есептiң екi данасына қол қойылады. Бекiтiлгеннен кейiн, бiр данасы ЖЗҚ берiледi, екiншiсi - Комитетте сақталады.
Тармақ 38
38. Қазақстан Республикасының заңдары бұзылғандығы айқындалғанда, Комитет кемшiлiктердi жою мерзiмiн көрсетiп, ЖЗҚ ұйғарым жiбередi.
Тарау 5. 5. Комиссия және ЖЗҚ мiндеттерi мен құқықтары
5. Комиссия және ЖЗҚ мiндеттерi мен құқықтары
Тармақ 39
39. Комиссия құқылы:
Тармақша 1
1) ЖЗҚ қызметiн толық және анық инспекциялау үшiн қажеттi барлық құжаттарға рұқсат алуға;
Тармақша 2
2) Құжаттардың тапсырылу мерзiмiн белгiлеуге;
Тармақша 3
3) Есепке тiркелетiн тиiстi құжаттардың көшiрмесiн жасауға;
Тармақша 4
4) ЖЗҚ қызметiне қатысты кез келген адамнан ақпарат алуға;
Тармақша 5
5) ЖЗҚ инспекциялауға кедергi жасағандығы туралы Комитетке ескертiп, инспекциялауды тоқтатуға.
Тармақ 40
40. Комиссия мiндеттi:
Тармақша 1
1) ЖЗҚ тапсырған құжаттардың сақталуын қамсыздандыруға;
Тармақша 2
2) ЖЗҚ-нан алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) ЖЗҚ, салымшылар мен алушылардың, және ЖЗҚ қызметiне қатысты үшінші жақтың құқықтары мен мүддесіне нұқсан келтiретiн iс-әрекеттен аулақ болуға.
Тармақ 41
41. ЖЗҚ құқылы:
Тармақша 1
1) Комиссиядан инспекциялауға қажеттi құжаттардың тiзiмiн алдын-ала сұратуға;
Тармақша 2
2) Комиссия белгiлеген құжаттарды тапсыру мерзiмiн келiсуге;
Тармақша 3
3) Қол қою кезде есеппен танысуға;
Тармақша 4
4) Келiспеген жағдайда өзiнiң ескертпелерiн тiркеуге;
Тармақша 5
5) Комиссия қызметкерлерi лауазымдық өкiлеттiгiн бұзған жағдайда, Комитет басшысына және құқық қорғау органдарына хабарлауға.
Тармақ 42
42. ЖЗҚ мiндеттi:
Тармақша 1
1) комиссия қызметкерлерiне инспекциялау үшiн бөлме беруге;
Тармақша 2
2) комиссия қызметкерлерiнiң ЖЗҚ ғимаратына еркiн кiруге жағдай жасауға;
Тармақша 3
3) комиссия қызметкерлерiне құжаттарды тапсыруға жауапты адамдарды белгiлеуге;
Тармақша 4
4) инспекциялауға қатысты сұрақтарға түсiнiктеме беруге;
Тармақша 5
5) Комитетке, белгiленген мерзiмде, анықталған кемшiлiктердi жою шаралары туралы жазбаша түрде есеп беруге.
Тармақ 43
43. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте реттеледi.