О мерах по реализации Карагандинской областью законодательно-нормативных актов по поддержке и развитию малого предпринимательства Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облыстың шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі нормативтік – заң актілерін жүзеге асыру жөніндегі шаралары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен. Үстіміздегі жылғы желтоқсанның 25-де облыс әкімінің алқасында ҚР «Шағып кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңын және ҚР Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамуын жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жаргілікті атқарушы органдардың орындау барасын қарады. Атқарылған жұмысты талдау кәсіпкерлікті қолдау мәселеріне оң өзгерістер бар екендігін айқындады. Жеке айтқанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу процедурасы жеңілдетілді, облыстың түрлері ведомстволары мен ұйымдары ақысыз қызмет көрсетеді (екінші деңгейдегі банктерде есеп-шот пшу, сауда жасау құқығы үшін дислокация беру, мемлекеттік тіркеу үшін қажаттар ресімдеу және салық комитетінде есепке тұру және басқалары). Сонімен қатар, шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі нормативтік-заң актілерінің бірқатар ережелері осы уақытқа дейін толық көлемде жүзеге асырмай келеді. Мәселені талқылаған кезде алқа мүшелерінің жасаған ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкімдерінің, мемлекеттік құрылымдар басшылырының назару шаған кісіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі нормативтік-заң актілерін орындауға аударылсын.
Тармақ 2
2. Экономика және кәсіпкерлікті қолдау Департаментінің кісіпкерлікті қолдау мәселесі бойынша қалалық және аудандық атқарушы органдардың, облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмысы жеткіліксіз екендігі ескерілсін. Экономика және кәсіпкерлікті қолдау департаменті (В.Ф.Сайлюк) қала және аудан әкімдерінің, облыстық ұйымдар басшыларының қатысуымен кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі ҚР нормативтік-заң әктілерін орындау мәселесі бойынша ай сайын мониторинг ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Қала және аудан әкімдері, облыстық комитеттер мен басқармалар басшылыры: - ведомстарға қарасты қызметтердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселесі бойынша нормативтік-заң актілеріне сәйкес жұмысын қамтамасыз етсін. - шағын кәсіпкерлік жұмыс жүргізетін лауазымды қызметтерлердің жауапкершілігі қаралсын және 1998 жылғы қаңтардың 10-на қарсы экономика және кәсіпкерлікті қолдау департаментіне қабылданған шаралар туралы хабарлама жіберсін.
Тармақ 4
4. Экономика және кәсіпкерлікті қолдау департаменті 1998 жылғы ақпанның 1-не дейін шағын кәсіпкерлікті дамыту және есепке алу жөніңде бірыңғай ақпараттық-талдау мәлімет базасын құру тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық санақ басқармасы (Л.В.Колесова) 1998 жылғы қаңтардың 1-не дейін Мемлекеттік санақ боыйнша мемлекеттік есеп бермегені үшін санкциялары мен ескертулерінің қолданылып жүрген ережелерін жөңіндету бойынша ұсыныс дайындап Ұлттық санақ агенствосына жіберсін.
Тармақ 6
6. Қала және аудан әкімдері, облыстық комитеттер мен басқармалар басшылары экономика және кәсіпкерлікті қолдау департамнентіне айдың 5-не дейін осы шешімнің орындалуы барысы туралы бағдарламасын№ Экономика және кәсіпкерлікті қолдау департаменті әр айдың 10-на қарсы облыс әкіміне қоытынды хабарлама жіберсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Богатыревқа жүктелсін.