Об утверждении Правил выдачи Министерством финансов Республики Казахстан письменного согласия на совершение операций, связанных с движением капитала, предусматривающих переход (перемещение) валютных ценностей от резидентов в пользу нерезидентов, а также на открытие счетов резидентами за границей Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына көшуді (жылжуды) көздейтін капиталдың қозғалысына байланысты операцияларды жасауға, сондай-ақ резиденттердің шетелде шоттар ашуына жазбаша келісім берудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына көшуді (жылжуды) көздейтін капиталдың қозғалысына байланысты операцияларды жасауға, сондай-ақ резиденттердің шетелде шоттар ашуына жазбаша келісім берудің процесін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына көшуді (жылжуды) көздейтін капиталдың қозғалысына байланысты операцияларды жасауға, сондай-ақ резиденттердің шетелде шоттар ашуына жазбаша келісім берудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің капитал қозғалысына байланысты және валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына көшуді (жылжуды) көздейтін операцияларды жасауға, сондай-ақ резиденттердің шетелде шоттар ашуына жазбаша келісімін алу үшін өтінім берушілердің ұсынған құжаттарын қарау нәтижелері бойынша қорытындыларды қарауды және әзірлеуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшесі белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына көшуді (жылжуды) көздейтін капиталдың қозғалысына байланысты операцияларды жасауға, сондай-ақ резиденттердің шетелде шоттар ашуына жазбаша келісім беруге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы вице-Министрі қол қояды деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына көшудi (жылжуды) көздейтiн капиталдың қозғалысына байланысты операцияларды жасауға, сондай-ақ резиденттердiң шетелде шоттар ашуына жазбаша келiсiм берудiң ережесi
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 28 қарашадағы 2000 жылғы N 509 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына көшудi (жылжуды) көздейтiн капиталдың қозғалысына байланысты операцияларды жасауға, сондай-ақ резиденттердiң шетелде шоттар ашуына жазбаша келiсiм берудiң ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Капитал қозғалысына байланысты валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына көшудi (жылжуды) көздейтiн операцияларды жасауға V970314_ , сондай-ақ резиденттердiң шетелде шоттар ашуына жазбаша келiсiмдi (бұдан әрi - Келiсiм) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң уәкiлеттi құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi - уәкiлеттi құрылымдық бөлiмше) жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Келiсiм уәкiлеттi құрылымдық бөлiмшенiң атына осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттарды жолдаған заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - Өтiнiм берушi) берiледi.
Тармақ 3
3. Келiсiм мынадай операцияларға берiледi:
Тармақша 1
1) валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына көшудi (жылжуды) көздейтiн капиталдың қозғалысына байланысты және 100 мың АҚШ долларына баламалы сомадан асатын операцияларға: шетелдегi резиденттердiң инвестицияларына (уәкiлеттi банктердiң бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтерiн, атап айтқанда резидент еместердiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен брокерлiк және дилерлiк қызметтерiн қоспағанда); резиденттерден резидент еместердiң пайдасына алынған мүлiктiк және жылжымайтын мүлiкке деген өзге де құқықтардың төлемдерiне; резиденттердiң резидент еместердiң 120 күннен астам мерзiмге арналған экспорттық-импорттық мәмiлелерi бойынша несиелендiруге байланысты есептердi жүзеге асыруына; резиденттердiң резидент еместерге 120 күннен астам мерзiмге арналған несиелердi беруге;
Тармақша 2
2) резиденттердiң шетелдерде шоттар ашуына.
Тармақ 4
4. Берiлген Келiсiмдердiң есебiн есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5 күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне әрбiр берiлген Келiсiм бойынша Келiсiм-шарттардың (Шарттардың, Келiсiмдердiң) сомасын, Келiсiмдi алған заңды және жеке тұлғаның атауын көрсете отырып, берiлген Келiсiмнiң саны туралы ақпаратты беретiн уәкiлеттi құрылымдық бөлiмше жүргізеді.
Тарау 2. 2. Келiсiмдi беру туралы өтiнiштi қараудың мерзiмдерi
2. Келiсiмдi беру туралы өтiнiштi қараудың мерзiмдерi
Тармақ 5
5. Келiсiмдi беру немесе оны беруден негiзделген бас тарту туралы шешiмдi уәкiлеттi құрылымдық бөлiмше Өтiнiм берушiге 15 күннен аспайтын мерзiмде, ал егер Өтiнiш берушi шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылса, ол осы Ережеге сәйкес барлық қажеттi құжаттарды берген күннен бастап 10 күн iшiнде жiбередi.
Тарау 3. 3. Келiсiмдi берудiң шарттары мен тәртiбi
3. Келiсiмдi берудiң шарттары мен тәртiбi
Тармақ 6
6. Келiсiм Өтiнiм берушiге тек осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар ұсынылған жағдайда ғана берiледi.
Тармақ 7
7. Өтiнiм берушi Келiсiмдi алу үшiн уәкiлеттi құрылымдық бөлiмшеге мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясын алуға қажеттi қызмет түрлерiн көрсете отырып Келiсiмдi беруге арналған өтiнiштi. (Шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғасы-субъектiсi берген өтiнiште заңды тұлғаның шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатынын растайтын жазба болуы тиiс Z970131_ );
Тармақша 2
2) қаржыландыру көздерiн көрсете отырып, осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес капиталдық қозғалысына байланысты операцияларды жүргiзу қажеттiгiнiң экономикалық негiздемесiн;
Тармақша 3
3) құрылтайшы құжаттардың көшiрмесiн (Жарғыны, Құрылтайшы Шартты);
Тармақша 4
4) жеке тұлғаны растайтын құжаттардың көшiрмесiн (жеке тұлғалар үшiн);
Тармақша 5
5) экспорттық-импорттық мәмiлелер бойынша келiсiм-шарттардың көшiрмесiн (120 күннен астам мерзiмге арналған экспорттық-импорттық мәмiлелер бойынша резидент еместердi несиелендiруге байланысты резиденттердiң есептемелердi жүзеге асыруына арналған Келiсiмдi алу үшiн резидент өтiнiш берген кезде);
Тармақша 6
6) алдын-ала төленген жағдайда төлем құжаттарының көшiрмесiн (120 күннен астам мерзiмге арналған экспорттық-импорттық мәмiлелер бойынша резидент еместердi несиелендiруге байланысты резиденттердiң есептемелердi жүзеге асыруына арналған Келiсiмдi алу үшiн резидент өтiнiш берген кезде);
Тармақша 7
7) экспорттық-импорттық операциялар бойынша мәмiле құжаттарының көшiрмесiн;
Тармақша 8
8) несиелiк келiсiмнiң көшiрмесiн (егер шетелде шот ашу несиелiк келiсiмнiң шарты болып табылған жағдайда);
Тармақша 9
9) резидент Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының талаптарын сақтамаған жағдайда, Өтiнiм берушiнiң валюталық заңдарды бұзғаны үшiн мемлекеттiк бюджетке айыппұл төлегенiн растайтын төлем құжатын (операциялардың тиiстi түрлерiне арналған Келiсiмдi алу үшiн резидент өтiнiш берген кезде);
Тармақша 10
10) Өтiнiм берушiнiң Келiсiм беруге арналған өтiнiштi бергенге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша Өтiнiм берушiнiң берешегiнiң жоқтығы туралы Өтiнiм берушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органының құжатын (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар үшiн). Құжаттардың толық емес пакетiн берген жағдайда, бөлiмше Өтiнiш берушiден салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша Өтiнiм берушiнiң неғұрлым кеш мерзiмдегi берешегiнiң жоқтығы туралы, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктерде шоттарының бар-жоғы туралы тiркелген жерi бойынша салық органының құжатын сұратуға құқығы бар;
Тармақша 11
11) соңғы есептi күнгi салық органының белгiсiмен заңды тұлғаның жылдық балансын (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн) беруге мiндеттi.
Тармақ 8
8. Өтiнiм берушiнiң уәкiлеттi құрылымдық бөлiмшенiң жiберген ескертпелерiн қалпына келтiрген жағдайда Келiсiм беруге деген өтiнiш жалпы негiзде қаралады.
Тармақ 9
9. Келiсiмде осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес капиталдың қозғалысына байланысты операцияларды жүргiзуге арналып берiлген Келiсiмде әрекет ету мерзiмi көрсетiлуi мүмкiн.
Тарау 4. 4. Келісім беруден бас тарту
4. Келісім беруден бас тарту
Тармақ 10
10. Келісім беруден бас тарту мынадай: салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегi болған; мемлекет кепiлдiк берген заемдар және мемлекеттiк бюджеттен берiлген несиелер бойынша заңды тұлғаның берешегi болған; осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген құжаттарды түгел ұсынбаған жағдайда; қасақана жалған ақпарат берген жағдайда; Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банктерi арқылы - резиденттерге шетелдерде шоттар ашуға арналған Келiсiмдi алу үшiн резидент өтiнiш берген кезде шетел валютасында және теңгемен операцияларды жүргiзудiң мүмкiндiгi болғанда; экспорттық-импорттық мәмiлелердi экономикалық тиiмсiз және резиденттердiң резидент еместерге 120 күннен астам мерзiмге арналған несие берген, резиденттердiң шетелде инвестицияларды жүзеге асырған жағдайларда (Өтiнiш берушiнiң ағымдағы жай-күйiн, яғни заңды тұлғаның меншiктi қаражатымен қамтамасыз етiлгендiгiн немесе оның қаржылық дәулеттiлiгiн сипаттайтын меншiктi және заем қаражаттық қарым-қатынастарының өлшемi (левераж) жүргiзiледi.
Тарау 5. 5. Басқа да жағдайлар
5. Басқа да жағдайлар
Тармақ 11
11. Келiсiм бiр жолғы болып табылады және осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген операциялардың бiрiн жасау үшiн ғана берiледi.
Тармақ 12
12. Келiсiмдi уәкiлеттi құрылымдық бөлiмше резиденттiң берілген Келiсiмнiң негiзiнде жүргiзiлген операциялар бойынша мiндеттемелерге қатысты уәкiлеттi құрылымдық бөлiмше тарапынан қандай да бiр мiндеттемесiз бередi.
Тармақ 13
13. Осы Ереженi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.