Об организации и проведении работ по идентификации сельскохозяйственных животных по Ескельдинскому району Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ескелді ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 14) тармақшасына, "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес және "Алматы облысы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру іс-шараларын жүргізу жоспарын бекіту туралы" 2014 жылдың 11 наурыздағы № 71 Алматы облысы әкімдігінің қаулысын орындау үшін, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ескелді ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары қосымшаға сәйкес ұйымдастырылып өткізілсін.
Тармақ 2
2. "Ескелді ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Бекетаев Нурлан Нұрахметұлы), Ескелді ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ветеринариялық пункттері бар ветеринарлық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Саменов Керімтай) және ауылдық округтердің әкімдері аумақтардағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ескелді ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 шілдесіндегі № 171 "Ескелді ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 05 тамызындағы № 2418 тіркелген, аудандық "Жетісу шұғыласы" газетінде 2013 жылғы 16 тамызда № 33 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Куат Майнурович Алпысбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. "КЕЛІСІЛДІ" "Ескелді ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы            Нурлан Нурахметович Бекетаев "12" 06 2014 жыл Ескелді ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ветеринариялық пункттері бар ветеринарлық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры                     Саменов Керімтай "12" 06 2014 жыл
Басқа 6
Ескелді аудан әкімдігінің 2014 жылғы "12" 06 "Ескелді ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы" № 212 қаулысына қосымша Р /с № Ауылдық округтердің атауы Бірдейлендіруге жататын ауыл шаруашылығы жануарларының нақты саны (бас) Түйе Ірі қара Жылқы Ұсақ мал шошқа 1 Алдабергенов ауылдық округі 50 630 150 4495 40 2 Бақтыбай ауылдық округі 706 238 4224 360 3 Қарабұлақ кенттік округі 1980 347 10844 2560 4 Төленгіт ауылдық округі 637 126 2650 5 Сырымбет ауылдық округі 553 59 2160 6 Көкжазық ауылдық округі 834 194 5143 752 7 Қаратал ауылдық округі 649 79 1295 160 8 Қайнарлы ауылдық округі 672 79 5788 32 9 Жалғызағаш ауылдық округі 884 203 6331 10 Қоңыр ауылдық округі 1190 239 8478 24 11 Ақын – Сара ауылдық округі 770 126 7058 240 Барлығы 50 9505 1840 58466 4168 кестенің жалғасы Ветеринариялық төлқұжатты рәсімдеумен ауыл шаруашылығы жануарларды сырғалау Бірдейлендіру нәтижесін компьютерлік мәліметтер базасына енгізу Басталу мерзімі Аяқталу мерзімі Басталу мерзімі Аяқталу мерзімі 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 30.07.2014 30.12.2014 кестенің жалғасы Бірдейлендіруді жүргізу бойынша қызмет көрсететін заңды тұлғаның атауы Жергілікті атқарушы органдардың жауапты орындаушылары Ескелді ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ветеринариялық пункттері бар ветеринарлық станциясы" мемлекеттік коммунальдық кәсіпорын Алдабергенов ауылдық округінің ветеринариялық пункт дәрігерлері Бақтыбай ауылдық округінің ветеринариялық пункт дәрігерлері Қарабұлақ ауылдық округінің ветеринариялық пункт дәрігерлері Төленгіт ауылдық округінің ветеринариялық пункт дәрігерлері Сырымбет ауылдық округінің ветеринариялық пункт дәрігерлері Көкжазық округінің ветеринариялық пункт дәрігерлері Қаратал ауылдық округінің ветеринариялық пункт дәрігерлері Қайнарлы ауылдық округінің ветеринариялық пункт дәрігерлері Жалғызағаш ауылдық округінің ветеринариялық пункт дәрігерлері Қоңыр ауылдық округінің ветеринариялық пункт дәрігерлері Ақын – Сара ауылдық округінің ветеринариялық пункт дәрігерлері