О физической культуре и спорте Қолданыста
Басқа 0
Дене шынықтыру және спорт туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ардагер спортшы – спорттық мансабын аяқтаған жоғары дәрежедегі спортшы;
Тармақша 1-1
1-1) арнаулы спорттық мүкәммал – жаттығу және жарыс әрекетінің қажетті құрамдасын білдіретін, мүгедектігі бар спортшы организмінің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын спорттық мүкәммал;
Тармақша 2
2) әуесқой спорт – жеке адамдарға спорттық шеберлiгiн жетiлдiруге және әртүрлі спорт түрiнде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкiндiк беретiн бұқаралық спорт қозғалысы;
Тармақша 2-1
2-1) балалар-жасөспірімдер спорт мектебі – балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым;
Тармақша 2-2
2-2) балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі мемлекеттік тапсырыс – мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі мемлекет қаржыландыратын көрсетілетін қызметтер көлемі;
Тармақша 2-3
2-3) балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде оқытудың мемлекеттік кепілдендірілген құнын қаржылай қамтамасыз ету нормативі;
Тармақша 2-4
2-4) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциясы – жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы немесе дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы өткізетін, тұрақты негізде ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға және спорттық қабілеттерін дамытуға арналған сабақ;
Тармақша 3
3) бейімдік дене шынықтыру және спорт – мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға және қалыпты әлеуметтік ортаға бейімдеуге, олардың толыққанды өмірді сезінуіне кедергі келтіретін психологиялық тосқауылдарды еңсеруіне, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік дамуына өзінің жеке үлес қосуының қажеттігін сезінуіне бағытталған спорттық-сауықтыру сипатындағы шаралар кешені;
Тармақша 4
4) бұқаралық спорт – халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін спорт қозғалысы;
Тармақша 5
5) бірыңғай спорттық сыныптама – спортшылардың, жаттықтырушылардың шеберлiк деңгейiн немесе жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, спорт төрешiлерінiң, нұсқаушы-спортшылардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскерлердің бiлiктiлiгін айқындайтын спортшылардың спорттық атақтары, разрядтары, жаттықтырушының спорттық атағы, жаттықтырушылардың,
жаттықтырушы-оқытушылардың, спорт төрешiлерінiң, нұсқаушы-спортшылардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскерлердің біліктілік санаттары жүйесi;
Тармақша 5-1
5-1) бірінші жаттықтырушы – жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлаудың бастапқы (ерте) кезеңдерінде спортшыны даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;
Тармақша 5-2
5-2) бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны бірге алып жүретін адам – тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру органдары бұзылған, интеллектуалдық дамуы бұзылған, өзінің негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін, өзіне-өзі күтім жасау және (немесе) жүріп-тұру қабілетін ішінара немесе толық жоғалтуына байланысты бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыларды бірге алып жүру және оларға көмек көрсету жөніндегі қызметтерді спорттық іс-шараларға (аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық) бару кезінде шарт негізінде көрсететін жеке адам;
Тармақша 6
6) дене тәрбиесi – денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген өскелең ұрпақты қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процесс;
Тармақша 7
7) дене шынықтыру – мәдениеттiң құрамдас бөлiгi, адамның дене бітімін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, дене тәрбиесі мен дене бітімін дамыту арқылы оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және саламатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік бейімдеу мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын рухани және материалдық құндылықтар жиынтығын білдіретін әлеуметтiк қызмет саласы;
Тармақша 8
8) дене шынықтыру даярлығы – адамның дене шынығуы қасиеттерін тәрбиелеуге және функционалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған педагогикалық процесс;
Тармақша 9
9) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскер (бұдан әрi – әдiскер) – кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін әдiстемелiк қамтамасыз етудi және оған басшылық жасауды, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыратын жеке адам;
Тармақша 9-1
9-1) дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы – кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін практикалық қамтамасыз етуді, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде бейімдік дене шынықтыруды және спортты жүргізуді жүзеге асыратын жеке тұлға;
Тармақша 10
10) дене шынықтыру және спорт жүйесi – халыққа дене тәрбиесiн беру және дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
Тармақша 11
11) дене шынықтыру және спорт саласындағы маман – дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке адам;
Тармақша 12
12) дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi орган – дене шынықтыру мен спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 12-1
12-1) дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасы – дене шынықтыру және спорт саласындағы әкімшілік және өзге де деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға, сондай-ақ басқа да цифрландыру объектілерімен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған цифрландыру объектісі;
Тармақша 13
13) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары – жеке адамдардың дене жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған, арнайы жабдықталған (соның ішінде спорттық мүкаммалмен) объектiлер (алаңдар, үйлер, ғимараттар);
Тармақша 14
14) дене шынықтыру-спорт ұйымы – негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 15
15) Дүниежүзілік универсиада – әртүрлі спорт түрлерi бойынша студенттер арасында өткiзiлетiн кешенді халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
Тармақша 16
16) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы – спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның сайыс әрекетіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
Тармақша 17
17) жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды, спорт төрешісін дисквалификациялау – спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген
ұлттық спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін аккредиттелген спорт федерациясы жүзеге асыратын, жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды, спорт төрешісін спорттық жарыстарға қатысудан және (немесе) оқу-жаттығу жиындарынан және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбек (кәсіптік) қызметінен шеттету;
Тармақша 17-1
17-1) жеке жаттықтырушы – спортшыны спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасынан тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;
Тармақша 18
18) жоғары дәрежелі спортшы – спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының мүшесі болып табылатын спортшы;
Тармақша 19
19) жоғары жетістіктер спорты – Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Азия, Параазиялық ойындардың бағдарламаларына енгізілген ұлттық спорт түрлері мен спорт түрлері;
Тармақша 20
20) кәсiпқой спорт – спорттық ойын-сауық іс-шараларын (жарыстарды) ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған, оларға дайындалғаны және қатысқаны үшін спортты кәсіби қызметі ретінде таңдаған спортшылар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сыйақы алатын спорттың құрамдас бөлігі;
Тармақша 21
21) кешендi ғылыми топ – спортшының функционалдық жай-күйін, резервтік мүмкіндіктерін, даярлығының психологиялық және техникалық деңгейін бағалауға бағытталған ғылыми-әдiстемелiк, медициналық-биологиялық, психологиялық зерттеулер жүргiзу үшiн құрылатын бiлiктi мамандар тобы;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілер – балалардың, жастардың және ересек тұрғындардың дене шынықтыру даярлығына қойылатын нормативтік талаптардың жиынтығы;
Тармақша 23
23) мектеп спорты – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушылардың
дене тәрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға даярлауға бағытталған
дене шынықтыру мен спорттың бір бөлігі;
Тармақша 24
24) мектептегі спорттық лига – мақсаты мектеп спортын кеңінен таратуға және бір немесе бірнеше спорт түрін дамытуға жәрдемдесу, мектеп оқушыларымен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын мектеп оқушылары арасындағы спорттық қозғалыс;
Тармақша 24-1
24-1) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшылары арасындағы лауазымдық орын ауыстыру;
Тармақша 25
25) мемлекеттiк жаттықтырушы – Қазақстан Республикасының аумағында спорттың басым түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функциялар мен іс-шараларды жүзеге асыратын жаттықтырушы;
Тармақша 25-1
25-1) мемлекеттік спорттық тапсырыс – мемлекет қаржыландыратын, мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалатын және өнім берушілерде олардың меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтер көлемі;
Тармақша 25-2
25-2) мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары үшін дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік кепілдендірілген құнының қаржылық қамтамасыз ету нормативі;
Тармақша 26
26) мүгедектігі бар спортшы – тыныс-тіршілігінің шектелуіне алып келетін аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, бұзылулардан организм функциялары үнемі бұзылып, денсаулығы нашарлаған және спорттың қолжетімді түрімен (қолжетімді түрлерімен) айналысатын жеке тұлға;
Тармақша 27
27) мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау – мүгедектігі бар спортшыларға функционалдық мүмкіндіктер деңгейі ұқсас мүгедектігі бар басқа спортшылармен жарысқа түсу мүмкіндігін жасау мақсатында сыныптаушының немесе сыныптаушылар тобының олардың дәрежесін (сыныптамалық санатын) айқындау процесі;
Тармақша 28
28) нұсқаушы-спортшы – спорттық қызметін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлемі шартымен жүзеге асыратын спортшы;
Тармақша 29
29) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара;
Тармақша 29-1
29-1) олимпиадалық емес спорт түрі – Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық спорт федерациялары басқаратын спорт түрі;
Тармақша 29-2
29-2) олимпиадалық спорт түрлері – Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген спорт түрлері;
Тармақша 29-3
29-3) паралимпиадалық емес спорт түрлері – Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, Халықаралық паралимпиада комитеті немесе халықаралық спорт федерациялары дамытатын спорт түрлері;
Тармақша 30
30) Паралимпиадалық ойындар – Халықаралық паралимпиада комитеті ұйымдастыратын, тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру органдары бұзылған мүгедектігі бар спортшылар арасында, сондай-ақ интеллектуалдық дамуы бұзылған спортшы адамдар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
Тармақша 30-1
30-1) паралимпиадалық спорт түрлері – Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген спорт түрлері;
Тармақша 31
31) спорт – спорттық жарыстар және адамды оған даярлаудың арнайы нысанында қалыптасқан, спорт түрлерінің жиынтығы ретіндегі әлеуметтік-мәдени қызмет саласы;
Тармақша 32
32) спорт саласы – айырым белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше спорттық жарыстар түрі (бағдарламалары) қамтылатын спорт түрінің бір бөлігі;
Тармақша 33
33) спорт резерві – жоғары жетістіктер спортында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге әлеуеті бар
жасөспірім жастағы, юниор және жас спортшылар;
Тармақша 33-1
33-1) спортта тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістер (бұдан әрі – допинг) – Допингке қарсы дүниежүзілік ұйымның және Допингке қарсы дүниежүзілік ұйымның халықаралық стандартының тыйым салынған тізіміне енгізілген химиялық қоспалар (заттар, дәрілер) мен әдістер, оның ішінде спортта пайдалануға тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістер тізбелеріне енгізілген субстанцияларды және (немесе) әдісті пайдалану немесе пайдалануға әрекеттену;
Тармақша 34
34) спорт төрешiсі – арнайы даярлықтан өткен және тиiстi бiлiктiлiк санатын алған, спорттық iс-шараны ұйымдастырушы спорт түрiнiң қағидаларына және спорттық iс-шараның ережелерiне (регламенттеріне) сәйкес төрелікті қамтамасыз етуге уәкiлеттiк берген жеке адам;
Тармақша 34-1
34-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының командалары – халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын, жоғары жетістіктер спортына жатпайтын спорт түрлері бойынша спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары;
Тармақша 35
35) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командалары – жоғары жетістіктер спорты бойынша халықаралық спорттық жарыстарға даярлықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары;
Тармақша 35-1
35-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командалары – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қаржылық шарттармен спорттық қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары;
Тармақша 35-2
35-2) спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командалары – жоғары жетістіктер спорты бойынша республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды жүзеге асыратын және қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, мамандар ұжымдары;
Тармақша 36
36) спорт түрлерінің тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында дамып отырған спорт түрлері мен спорт салалары туралы қағаз және электрондық жеткізгіштерде тіркелген мәліметтерді қамтитын тізілім;
Тармақша 37
37) спорт түрi – жаттығу ортасы, сайысу әрекетіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы және бір спорт федерациясының спорт түрлері қағидаларының ұқсастық белгілері бойынша біріктірілген жарыстар қағидалары айырым белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi;
Тармақша 38
38) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының бас жаттықтырушысы – спорт түрi бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасына басшылық жасауға, оның даярлығына, қалыптастырылуына және әлем чемпионаттарына, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және басқа да халықаралық жарыстарға қатысуына жауап беретiн жаттықтырушы;
Тармақша 39
Тармақша 40
40) спорттық әдеп – спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері үшін белгіленген мінез-құлық қағидалары;
Тармақша 40-1
40-1) спорттық-бұқаралық іс-шаралар – адамның дене бітімін және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, спорт құрылыстары мен объектілерінде, сондай-ақ спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ашық жерлерде өткізілетін, осы іс-шараларда екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін іс-шаралар;
Тармақша 41
41) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай күнтiзбесi – халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлердегі жыл сайынғы жарыстардың, сондай-ақ жарыстарға дайындық жөніндегі іс-шаралардың тізбесі;
Тармақша 41-1
41-1) спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар – спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге ыңғайластырылған объектілер мен құрылыстар, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы жасалмаған өзге де орындар (демалыс аймақтары, ипподромдар, цирктер, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер);
Тармақша 41-2
41-2) спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақыт – спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алғашқы көрермен кірген (келген) кезден бастап іс-шаралар аяқталғанға және осы орындардан соңғы көрермен шыққанға (кеткенге) дейінгі уақыт;
Тармақша 41-3
41-3) спорттық-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы – бастамасы бойынша спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 41-4
41-4) спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін әзірлеген және бекіткен спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық даярлыққа қойылатын ең төмен талаптардың жиынтығы;
Тармақша 42
42) спорттық жарыс – бекітілген ереже (регламент) бойынша өткізілетін сайыстың үздік қатысушысын анықтау мақсатында спорт түрі (түрлері) бойынша спортшылар немесе командалар арасындағы сайыс;
42-1) спорттық жарысқа қатысатын жануарларды дисквалификациялау – жануарларды оларға қатысты допинг пайдаланылғаны үшін спорттық жарыстарға қатысудан, оқу-жаттығу жиындарынан шеттету;
Тармақша 43
43) спорттық қызмет туралы шарт – спортшы, жаттықтырушы немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маман мен дене шынықтыру-спорт ұйымы арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарт;
Тармақша 43-1
43-1) спорттық медицина – спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін, спортта дәрігерлік және функционалдық бақылауды, оның ішінде спортшыларға жоғары жетістіктер спортымен айналысуға рұқсат беруді, спортшыларды функционалдық және медициналық оңалтуды, денсаулық жағдайының ауытқуын ерте анықтауды, спорттық жұмыс қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық аурулары мен жарақатының терапиясы мен профилактикасын, психологиялық дайындықты, спорттағы кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті және спорт гигиенасын қамтитын медицина саласы;
Тармақша 43-2
43-2) спорттық медицина және оңалту ұйымы – спортта дәрігерлік және функционалдық бақылауды, оның ішінде спортшыларға жоғары жетістіктер спортымен айналысуға рұқсат беруді, спортшыларды функционалдық және медициналық оңалтуды, денсаулық жағдайының ауытқуын ерте анықтауды, спорттық жұмыс қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық аурулары мен жарақатының терапиясы мен профилактикасын, психологиялық дайындықты, спорттағы кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті және спорт гигиенасын қоса алғанда, спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін ұйым;
Тармақша 44
44) спорттық іс-шара – спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың қатысуымен өткізілетін спорттық жарыс, оқу-жаттығу жиыны;
Тармақша 44-1
44-1) спорттың басым түрлері – Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Азиялық, Параазиялық ойындардың бағдарламаларына енгізілген және оларда жоғары спорттық нәтижелері бар спорт түрлері және ұлттық спорт түрлері;
Тармақша 45
45) спорт федерациясы – спорттың бір немесе бірнеше түрін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 46
46) спорт федерацияларын аккредиттеу – Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі спорт федерацияларының құқықтылықтарын тану рәсімі;
Тармақша 47
47) спортшы – таңдаған спорт түрімен (түрлерімен) айналысатын және спорттық жарыстарға қатысатын жеке адам;
Тармақша 48
48) спортшыны дисквалификациялау –спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген
ұлттық спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін аккредиттелген спорт федерациясы жүзеге асыратын, спортшыны спорттық жарыстарға қатысудан және (немесе) оқу-жаттығу жиындарынан және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбек (кәсіптік) қызметінен шеттету;
Тармақша 49
49) спортшыны тіркеу – спортшыны тіркеу туралы куәлікті бере отырып, федерация өткізетін немесе оның қатысуымен өткізілетін спорттық жарыстарға және өзге де спорттық іс-шараларға қатысу құқығын беру мақсатында спорт түрі бойынша спорт федерациясы спортшының спорттың осы түрімен айналысатынын танитын рәсім;
Тармақша 50
50) студенттік спорт – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылардың дене тәрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға даярлауға бағытталған дене шынықтыру мен спорттың бір бөлігі;
Тармақша 51
51) студенттік спорт лигасы – мақсаты студенттік спортты кеңінен таратуға жәрдемдесу және спорттың түрін (түрлерін) дамыту, студенттермен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын студенттер арасындағы спорттық қозғалыс;
Тармақша 52
52) Сурдлимпиадалық ойындар – есту органдары зақымданған мүгедектігі бар спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
Тармақша 52-1
52-1) сурдлимпиадалық спорт түрі – Сурдлимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген және Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті бекіткен спорт түрі;
Тармақша 53
53) сыныптаушы – мүгедектігі бар спортшыларды олардың функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай сыныптауды жүзеге асыратын, жарыстарды ұйымдастырушылар осыған уәкілеттік берген және тиісті құжатпен расталған арнаулы даярлықтан өткен жеке тұлға;
Тармақша 54
54) техникалық және қолданбалы спорт түрлерi – спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып өткізілетін жарыстарға арнайы даярлығын талап ететiн спорт түрлерінің бір бөлiгi;
Тармақша 55
55) ұлттық спорт түрлерi – жарыспалы әрекет нысанында тарихи түрде қалыптасқан және өзiне тән дене шынықтыру жаттығуларын және дене шынықтыру белсендiлiгi ұйымдастырылуының өзiндiк қағидалары мен тәсiлдерi бар халық ойындарын білдіретін спорт түрлері;
Тармақша 56
56) Халықаралық арнаулы олимпиадалық ойындар – интеллектуалдық мүмкіндіктері шектеулі мүгедектігі бар спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
Тармақша 57
57) халықаралық спорттық жарыстар – шетелдік спортшылар (командалар) қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрi бойынша өтетін сайыстар.
Бап 2. 2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері және қағидаттары
2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері және қағидаттары
Тармақ 1
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары дене шынықтыру мен спортты дамыту, спортпен айналысатын салауатты және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
Тармақша 2
2) дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту;
Тармақша 3
3) ұлттық, олимпиадалық, олимпиадалық емес, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес және сурдлимпиадалық спорт түрлерін дамыту;
Тармақша 4
4) дене шынықтыру мен спортты, бейімдік дене шынықтыру мен спортты, спорттық медицинаны қолдау және ынталандыру;
Тармақша 5
5) дене шынықтыру мен спорт саласындағы жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін ұйымдық-құқықтық жағдайлар жасау;
Тармақша 7
7) дене шынықтыру, спорт және спорттық медицина саласындағы зерттеулер үшін ғылыми базаны дамыту;
Тармақша 8
8) мектеп спортын, студенттік спортты және еңбек ұжымдарында дене шынықтыруды дамыту;
Тармақша 9
9) дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған заманауи инновациялық және цифрлық технологияларды ендіру.
Тармақ 3
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) барлық жеке адамдар үшін дене шынықтырумен және спортпен айналысудың теңдігі мен жалпыға бірдей қолжетімділігі;
Тармақша 2
2) халықтың әртүрлі жас топтарына дене тәрбиесін берудің үзіліссіздігі мен сабақтастығы;
Тармақша 3
3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың еріктілігі;
Тармақша 4
4) дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтыруға бағытталуы;
Тармақша 5
5) дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тең құрмет көрсету;
Тармақша 6
6) кемсітушілікке тыйым салу және қатігездікті, зорлық-зомбылықты және адамның қадір-қасиетін қорлауды насихаттауға жол бермеу;
Тармақша 7
7) халықаралық спорттық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетістіктер спортының басымдығы;
Тармақша 8
8) бейімдік дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу.
Тармақша 9
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Бап 4. 4-бап. Денешынықтыруды және спортты дамытуды мемлекеттік қолдау
4-бап. Денешынықтыруды және спортты дамытуды мемлекеттік қолдау
Тармақ 1
1. Денешынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қолдау:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, оның жүйесін құру, сондай-ақ тиісті нормативтiк-құқықтық, қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық қамтамасыз ету арқылы денешынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу;
Тармақша 2
2) денешынықтыру-спорт ұйымдарының сыртқы байланыстарын дамытуға, олардың Қазақстан Республикасында денешынықтыру-спорт қозғалысын дамытуға ықпал ететін халықаралық спорт ұйымдарына интеграциялануына қолдау көрсету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес спорт ғимараттарын жобалауға, салуға және пайдалануға өз қаражатын салатын отандық және шетелдiк инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау;
Тармақша 4
4) мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.
Бап 5. 5-бап. Жеке тұлғалардың дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтары мен міндеттері
5-бап. Жеке тұлғалардың дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалардың:
Тармақша 1
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысуға;
Тармақша 2
2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бағыттағы қоғамдық бірлестіктерге кіруге;
Тармақша 3
3) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысуға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік және жеке спорт құрылыстары мен көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін кезде әртүрлі нышанды және жеке-дара пікірін жария білдірудің Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де құралдарын пайдалануға құқығы бар;
Тармақша 6
6) спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру үшін құжаттарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынуға;
Тармақша 7
7) спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғалар:
Тармақша 1
1) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға;
Тармақша 2
2) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті бұзуға арандататын әрекеттерге жол бермеуге, айналадағыларға қауіп туғызатын құқыққа қарсы акциялар жасамауға міндетті.
Тармақ 3
3. Жеке тұлғаларға:
Тармақша 1
1) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіруге;
Тармақша 2
2) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта мінберлерге, футбол, хоккей және өзге де спорт алаңдарына адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген заттарды лақтыруға;
Тармақша 3
3) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта шарбақтар мен қоршаулардың, турникеттердің шегінен өз бетімен шығуға;
Тармақша 4
4) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалануға тыйым салынады.
Тарау 2. 2-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыреті
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
Бап 7. 7-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
7-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 1-1
1-1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 1-2
1-2) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекітеді;
Тармақша 1-3
1-3) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекітеді және олардың мөлшерін белгілейді;
Тармақша 1-4
1-4) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 1-5
1-5) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшерін бекітеді;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) салалық көтермелеу жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 5-1
5-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) дене шынықтыру және спорт саласындағы
мамандарды даярлау, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткiзедi;
Тармақша 8
8) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелерiн халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгiзудi ұйымдастырады және үйлестiредi;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 11
11) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) спортшылар мен жаттықтырушыларға: «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын береді, спортшылар мен жаттықтырушыларды осындай спорттық атақтарынан айырады;
Тармақша 13
13) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты
жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
Тармақша 14
14) ұлттық спорт федерацияларын аккредиттеудi жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерді өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісуімен бекітеді;
Тармақша 17
17) оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекітеді;
Тармақша 18
Тармақша 18-1
Тармақша 18-2
Тармақша 19
Тармақша 20
20) дене шынықтыру және спорт сабақтарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;
Тармақша 21
21) спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекітеді;
Тармақша 22
22) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;
Тармақша 23
23) уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен кәсіптік стандарттарға сәйкес
аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 24
24) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекітеді;
Тармақша 25
25) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 26
26) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін бекітеді және олардың сыныптамасын айқындайды;
Тармақша 27
27) спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 28
28) спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысу қағидаларын бекiтедi;
Тармақша 29
29) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 30
30) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының
ұлттық және штаттық ұлттық командаларының құрамдарын жыл сайын бекітеді;
Тармақша 31
31) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының, Қазақстан Республикасы командаларының және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана командаларының құрамдарын қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 32
32) спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарына қабылдау үшін спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын, сондай-ақ спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шамасын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 33
33) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 34
34) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
«ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 35
35) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
«ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 36
36) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық командаларының мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлау және оған қатысу кезінде сақтандыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 37
37) спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 38
38) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 39
39) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 40
40) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 41
41) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 42
42) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 43
43) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 44
Тармақша 44-1
44-1) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін
ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 45
45) спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарына "Үздік" номинациясында атақтар беру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 46
46) масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 47
47) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекітеді;
Тармақша 48
48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекітеді;
Тармақша 49
49) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған
мектеп-интернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келіседі;
Тармақша 49-1
Тармақша 50
50) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған
мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың
мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған
мектеп-интернат-колледждерінің оқу жоспарларын келіседі;
Тармақша 50-1
50-1) жеңімпаздарына дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 50-2
50-2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
Тармақша 51
51) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 52
52) жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің
өлшемшарттары мен мөлшерін бекітеді;
Тармақша 53
53) халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекітеді;
Тармақша 54
54) спорттық іс-шаралардың шығыстар құрылымын бекітеді;
Тармақша 55
55) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібі мен шарттарын бекітеді;
Тармақша 56
56) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдарын бекітеді;
Тармақша 57
57) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 58
58) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарын әзірлейді, жасасады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
Тармақша 59
59) алып тасталды - ҚР 11.05.2017 № 65-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 60
60) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 61
61) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
Тармақша 62
62) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін
және өңірлер бөлінісінде спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін, сондай-ақ оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 62-1
62-1) жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін және оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 63
Тармақша 64
Тармақша 65
65) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-1
65-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-2
65-2) Қазақстан Республикасының спорттық әдебін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-3
65-3) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-4
65-4) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-5
65-5) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-6
65-6) осы Заңға сәйкес бірыңғай операторды айқындайды;
Тармақша 65-7
65-7) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 65-8
65-8) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-9
65-9) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-10
65-10) мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-11
65-11) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-12
65-12) спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін бекітеді;
Тармақша 65-13
65-13) спорт аттарын тіркеу, есептен шығару және пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 65-14
65-14) әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уәкілетті органымен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен келісу бойынша әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;
Тармақша 65-15
65-15) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және аттестаттауды жүзеге асырады;
Тармақша 65-16
65-16) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-17
65-17) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын республикалық спорт объектілерін, дене шынықтыру-спорт ұйымдарын салуды және реконструкциялауды ұйымдастырады;
65-18) осы Заңның 44-2-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдайды;
Тармақша 65-19
65-19) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-20
65-20) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 65-21
65-21) республикалық мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
Тармақша 65-22
65-22) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына оқуға қабылдау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 65-23
65-23) дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлардың тізбесін бекітеді;
Тармақша 65-24
65-24) дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлардың көрсеткіштерін жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізеді;
Тармақша 65-25
65-25) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-26
65-26) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-27
65-27) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-28
65-28) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65-29
65-29) дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 66
66) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 8. 8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдерінің құзыреті
8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдерінің құзыреті
Тармақ 1
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
Тармақша 1-1
1-1) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) аккредиттелген ұлттық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық спорттық жарыстарды өткізеді;
Тармақша 2-1
2-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қатысады;
Тармақша 2-2
2-2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларының тізілімін жүргізеді;
Тармақша 3
3) спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларын даярлауды және олардың жоғары жетістіктер спорты бойынша республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 5-1
5-1) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
7) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 8
8) спортшыларға: «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
Тармақша 9
9) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты
жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
Тармақша 10
10) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
Тармақша 12
12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
Тармақша 13
13) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) олимпиадалық резервтің облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
Тармақша 15
15) олимпиадалық резервтің облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
Тармақша 15-1
15-1) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі мемлекеттік тапсырысты бекітеді және орналастырады;
Тармақша 16
16) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстарымен спорт түрлері бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана командаларының құрамдарын қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 16-1
16-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;
Тармақша 16-2
16-2) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен, өңірлер бөлінісіндегі спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) осы Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
Тармақша 17-1
17-1) осы Заңның 44-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген шараларды қабылдайды;
Тармақша 18
18) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 19
19) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 20
20) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 20-1
20-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
Тармақша 20-2
20-2) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;
Тармақша 20-3
20-3) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен келіседі;
Тармақша 20-4
20-4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 20-5
Тармақша 20-6
20-6) спорттық медицина және оңалту ұйымдарының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 20-7
20-7) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 20-8
20-8) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 20-9
20-9) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 20-10
20-10) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілейді;
Тармақша 20-11
20-11) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
Тармақша 20-12
20-12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 21
21) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
Тармақша 1-1
1-1) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық спорттық жарыстарды өткiзедi;
Тармақша 2-1
2-1) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
Тармақша 3
3) спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 4
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында аудандық, облыстық маңызы бар қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 5-1
5-1) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;
Тармақша 6
6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша
2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
Тармақша 7
7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты
жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты
жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
Тармақша 8
8) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
Тармақша 9
9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
Тармақша 10
10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
Тармақша 11
11) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалар командаларының құрамдарын қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 12
12) осы Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 14-1
14-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14-2
14-2) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 14-3
14-3) аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 14-4
14-4) халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді;
Тармақша 14-5
14-5) халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт құрылысжайларын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 14-6
14-6) бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 14-7
14-7) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 14-8
14-8) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 15
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімі:
Тармақша 1
1) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша
2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
Тармақша 2
2) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты
жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты
жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өз қарауына жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.
Тармақ 4
4. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтің, кенттің және ауылдың әкiмi:
Тармақша 1
1) спорт мекемелерiне қолдау жасайды және олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуіне жәрдем көрсетедi;
Тармақша 2
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жеке адамдардың тұрғылықты жерiнде және олардың көпшілік демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
Тармақша 2-1
2-1) тиісті аумақтар шегінде ерікті негізде құрылатын спорт клубтарын құруға және олардың қызметіне жәрдемдеседі;
Тармақша 3
3) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өз қарауына жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.
Бап 9. 9-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау
9-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау
Тармақ 1
1. Дене шынықтыру мен спорт, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдар, дене шынықтыру-спорт ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары халықтың әртүрлі топтарының жас шамасын, кәсіби және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асырады, дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік маңызын ашуды, ұлтты сауықтырудағы, жеке адамдардың саламатты өмір салтын қалыптастырудағы олардың рөлін қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органдар, дене шынықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бірлестіктер дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізеді, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттырады.
Тарау 3. 3-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ ЖҮЙЕСІ
3-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ ЖҮЙЕСІ
Бап 10. 10-бап. Дене шынықтыру мен спорт субъектілері
10-бап. Дене шынықтыру мен спорт субъектілері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру мен спорт субъектiлерiне:
Тармақша 1
«1) дене шынықтыру-спорт ұйымдары: олимпиадалық даярлау орталықтары, олимпиада резервін даярлау орталықтары, спорт федерациялары, спорт мектептері мен спорт клубтарының барлық түрлері, жаттығу орталықтары, спорттық даярлау орталықтары, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларын даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар, спорт лигалары, спорт секциялары, әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыратын ұйымдар, дене шынықтыру мен спортты дамытуды жүзеге асыратын ведомстволық спорт қоғамдары мен қоғамдық бірлестіктер, дене шынықтыру орталықтары;»;
Тармақша 2
2) дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдары;
Тармақша 3
3) дене шынықтыру және спорт саласындағы зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар;
Тармақша 4
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар;
Тармақша 5
5) спорттық медицина ұйымдары;
Тармақша 6
6) дене шынықтырумен айналысатын жеке адамдар, спортшылар, ұжымдар (спорт командалары), спорт төрешілері, жаттықтырушылар және дене шынықтыру және спорт саласындағы
өзге де мамандар;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті;
Тармақша 10
10) Қазақстанның Арнаулы олимпиадасы;
Тармақша 11
11) допингке қарсы ұйымдар жатады.
Тармақ 2
2. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары халықтың әртүрлі топтары арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады, спортшылардың және спорттық жарыстарға және оқу-жаттығу іс-шараларына қатысатын басқа да адамдардың денсаулығын қорғау және нығайту үшін жағдайлар жасайды, спортшыларға, жаттықтырушыларға және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға жаттығу жасау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру-спорт ұйымдары халықаралық спорт ұйымдарына мүше бола алады, егер мұндай құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, халықаралық спорт ұйымдарының мүшелері мәртебесіне сәйкес құқықтарға ие бола алады және міндеттер атқара алады.
Тармақ 4
4. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу
11-бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу
Тармақ 1
1. Ұлттық және жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады.
Тармақ 2
2. Аккредиттелген тиісті ұлттық спорт федерациясы жоқ бір спорт түрі бойынша бір ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелуге жатады.
Тармақ 3
3. Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті таныған халықаралық спорт федерациясының мүшесі болып табылуға және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті тануға тиіс.
Тармақ 4
4. Ұлттық спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға тиіс.
Тармақ 5
5. Паралимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт федерациясының мүшесі болып табылуға және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті тануға тиіс.
Тармақ 6
6. Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасы атынан Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті тануға тиіс.
Тармақ 7
7. Спорт федерациясы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астамының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамытқан жағдайда федерация «ұлттық» деген мәртебемен аккредиттеледі.
Тармақ 8
8. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органда аккредитация алған күннен бастап спорт түрі бойынша спорт федерациясына «ұлттық» деген мәртебе беріледі.
Тармақ 9
9. Аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы спорт түрі (түрлері) бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясының мүшесі болып табылуға тиіс.
Тармақ 10
10. Жергілікті атқарушы органда аккредитация алған күннен бастап спорт түрі бойынша спорт федерациясына «жергілікті» деген мәртебе беріледі.
Бап 12. 12-бап. Аккредиттелген спорт федерацияларының құқықтары мен міндеттері
12-бап. Аккредиттелген спорт федерацияларының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Аккредиттелген
ұлттық спорт федерациялары:
Тармақша 1
1) тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;
Тармақша 2
2) спорт түрі (түрлері) бойынша спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіруге;
Тармақша 3
3) құзыреті шегінде спортшылардың бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқасына ауысуын ұйымдастыруға қатысуға;
Тармақша 4
4) тиісті халықаралық жарыстарды өткізетін халықаралық спорт ұйымдарының нормаларына сәйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командалары немесе Қазақстан Республикасының командалары үшін өнер көрсетуге құқығы жоқ спортшылардың тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстарға қатысуына шектеулер белгілеуге;
Тармақша 5
5) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының немесе Қазақстан Республикасы командаларының нышандарын пайдалануға барлық құқықтарды иеленуге;
Тармақша 6
6) спорт салаларын спорт түрлерінің тізіліміне қосу туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған әртүрлі көздерден тиісті спорт түрлерін дамыту үшін ұсынылған қаржылық және өзге де қолдауды қабылдауға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Аккредиттелген
ұлттық спорт федерациялары:
Тармақша 1
1) спорт түрлерін дамытуға және кеңінен таратуға;
Тармақша 2
2) халықаралық спорт ұйымдарының (болған кезде) талаптарына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша қағидаларды әзірлеуге және бекітуге;
Тармақша 3
3) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды әзірлеуге және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға бекітуге ұсынуға;
Тармақша 4
4) аккредиттелген ұлттық спорт федерациялары өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) әзірлеуге және бекітуге;
Тармақша 5
5) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық командаларының халықаралық спорттық жарыстарға даярлығын және оларға қатысуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
Тармақша 7
7) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға тиісті спорт түрлерін дамыту жөнінде ақпарат беруге;
Тармақша 8
8) спорттағы кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарының көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауға;
Тармақша 8-1
8-1) діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы жөнінде шаралар қабылдауға;
Тармақша 9
9) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін әзірлеуге және іске асыруға;
Тармақша 10
10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға бірыңғай спорттық сыныптамаға енгізу мақсатында спорттың тиісті түрлерiне қойылатын талаптар мен нормаларды және жаттықтырушыларды аттестаттау бойынша біліктілік талаптарын белгіленген тәртіппен ұсынуға;
Тармақша 11
11) спорт түрлері бойынша спорт төрешілерін даярлауды жүзеге асыруға;
Тармақша 12
12) жаттықтырушыларды қайта даярлауды, жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды аттестаттауды жүзеге асыруға;
Тармақша 13
13) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, спорттық атақтар мен біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынуға;
Тармақша 13-1
13-1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға;
Тармақша 13-2
13-2) спорттық атақтар, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға ұсынылатын құжаттарды келісуге;
Тармақша 14
14) спортшыларды тіркеуді жүргізуге;
Тармақша 15
15) спортшылардың, аттестатталған спорт төрешілерінің, жаттықтырушылардың тізілімін жүргізуге;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес допингті пайдалануға қарсы іс-қимыл жасауға;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының және тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорт федерацияларының допингке қарсы қағидаларын қазақ және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруға;
Тармақша 18
18) жарыс кезеңінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеу өткізу мақсатында спортшылардың тізімін қалыптастыру үшін ұлттық допингке қарсы ұйымға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес беруге;
Тармақша 19
19) спортшыларды Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес оларды жарыс кезеңінде де, сондай-ақ жарыстан тыс кезеңде де тестілеуге жататын спортшылардың тізіміне енгізілгені туралы хабардар етуге;
Тармақша 20
20) допингке қарсы қағидаларға сәйкес спортшыларды тестілеуден өткізуге жәрдемдесуге;
Тармақша 21
21) тиісті допингке қарсы ұйымның және (немесе) халықаралық спорт федерациясының шешімі негізінде және оны орындау үшін спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген
ұлттық спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін спортшыларды, жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушыларды, спорттық медицина жөніндегі мамандарды, спорт төрешілерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, спорттық жарысқа қатысатын жануарларды дисквалификациялауға;
Тармақша 22
22) дисквалификациялау туралы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға, ұлттық допингке қарсы ұйымға, тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт федерациясына ақпарат беруге;
Тармақша 23
23) әдістемелік жұмыс нәтижелерінің негізінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға спорт түрін дамыту жөнінде ұсынымдар беруге;
Тармақша 24
24) егер осы шарттар халықаралық спорт федерацияларының талаптарында көзделсе, кәсіпқой спортты дамыту жөніндегі міндеттерді орындауға;
Тармақша 24-1
24-1) спорт түрлері бойынша спортшылардың әрбір жас тобы үшін оқу-жаттығу процесінің әдістемелік құралдарын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеуге;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына және өз жарғыларына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары:
Тармақша 1
1) тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;
Тармақша 2
2) құзыреті шегінде спортшылардың бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқасына ауысуын ұйымдастыруға қатысуға;
Тармақша 3
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына спорт түрінің (түрлерінің) дамуы туралы ақпарат жіберуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған әртүрлі көздерден тиісті спорт түрлерін дамыту үшін ұсынылған қаржылық және өзге де қолдауды қабылдауға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 4
4. Аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары:
Тармақша 1
1) спорт түрін дамытуға және кеңінен таратуға;
Тармақша 2
2) спортшыларды тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша даярлау жоспарларын әзірлеуге;
Тармақша 3
3) аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) әзірлеуге және оларды жергілікті атқарушы органның бекітуіне ұсынуға;
Тармақша 4
4) спортшылардың спорттық жарыстарға даярлығын және оларға қатысуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға тиісті спорт түрлерін дамыту жөнінде ақпарат ұсынуға;
Тармақша 6
6) спорттағы кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарының көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауға;
Тармақша 6-1
6-1) діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы жөнінде шаралар қабылдауға;
Тармақша 7
7) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес допингті пайдалануға қарсы іс-қимыл жасауға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының және тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорт федерацияларының допингке қарсы қағидаларын қазақ және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруға;
Тармақша 10
10) жарыс кезеңінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеу өткізу мақсатында спортшылардың тізімін қалыптастыру үшін ұлттық допингке қарсы ұйымға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес беруге;
Тармақша 11
11) спортшыларды Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес оларды жарыс кезеңінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеуге жататын спортшылардың тізіміне енгізілгені туралы хабардар етуге;
Тармақша 12
12) допинг-бақылау жүргізу тәртібіне сәйкес тестілеу өткізуге жәрдемдесуге;
Тармақша 13
13) тиісті допингке қарсы ұйымның және (немесе) халықаралық спорт федерациясының шешімі негізінде және оны орындау үшін спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген
ұлттық спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін спортшыларды, жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушыларды, спорттық медицина жөніндегі мамандарды, спорт төрешілерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, спорттық жарысқа қатысатын жануарларды дисквалификациялауға;
Тармақша 14
14) дисквалификациялау туралы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға, ұлттық допингке қарсы ұйымға, тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт федерациясына ақпарат беруге;
Тармақша 15
15) әдістемелік жұмыс нәтижелерінің негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына спорт түрлерін дамыту жөнінде ұсынымдар беруге;
Тармақша 15-1
15-1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға;
Тармақша 15-2
15-2) спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатын құжаттарды келісуге;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына және өз жарғыларына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Бап 13. 13-бап. Ұлттық олимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi
13-бап. Ұлттық олимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi
Тармақ 1
1. Ұлттық олимпиадалық қозғалыс мақсаты олимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Олимпиада ойындарына және Халықаралық олимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық олимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық олимпиадалық қозғалысты қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасына, Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес және Халықаралық олимпиада комитетінің тануы негізінде, сондай-ақ өзінің жарғысына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi басқарады. Мемлекет ұлттық олимпиадалық қозғалысты таниды және Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне өзінің жарғылық мақсаттарын іске асыруына жан-жақты жәрдем көрсете отырып, қолдайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi:
Тармақша 1
1) мемлекетте олимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттайды, жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді;
Тармақша 2
2) Олимпиада ойындарында және Халықаралық олимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес Қазақстан Республикасын білдіреді;
Тармақша 3
3) Халықаралық олимпиада комитетінде Қазақстан Республикасын білдіреді;
Тармақша 4
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен өзара iс-қимыл жасау кезiнде жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытудың бiрыңғай саясатын жүргiзедi;
Тармақша 5
5) Олимпиада ойындарына және Халықаралық олимпиада комитеті аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасының спортшыларын қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 6
6)
дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Халықаралық олимпиада комитетіне Қазақстан Республикасының Олимпиада ойындарын өткізуге кандидат қаласы туралы өтінім беруге құқылы;
Тармақша 7
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес Халықаралық олимпиада комитетіне тиесілі олимпиадалық рәмізді, девизді, туды және гимнді, "Олимпиадалық ойындар", "Олимпиада ойындары" деген атауларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетiнің олимпиадалық эмблемасына, девизіне, туына және өзге де ұлттық олимпиадалық нышанға айрықша құқықтарды иеленеді.
Тармақ 5
5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық командаларының Олимпиада ойындарында және Халықаралық олимпиада комитетінiң қамқорлығы аясында өткiзiлетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы астында жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетiнің жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы спортшыларының Олимпиада ойындарына және Халықаралық олимпиада комитетінің аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерін орындауды өзінің қаржыландыру көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары есебінен іске асырады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырмалар алуға құқылы.
Бап 13-1. 13-1-бап. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті
13-1-бап. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті
Тармақ 1
1. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс өзінің мақсаттары паралимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша мүгедектігі бар спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық паралимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық паралимпиадалық қозғалысты Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті басқарады, ол қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес және Халықаралық паралимпиада комитетінің тануы негізінде, сондай-ақ өзінің жарғысына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылады. Мемлекет ұлттық паралимпиадалық қозғалысты таниды және Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне оның жарғылық мақсаттарын іске асыруына жан-жақты жәрдемдесе отырып, қолдау көрсетеді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті:
Тармақша 1
1) мемлекетте паралимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттайды, паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді;
Тармақша 2
2) Паралимпиадалық ойындарда және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді;
Тармақша 3
3) Халықаралық паралимпиада комитетінде Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді;
Тармақша 4
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді;
Тармақша 5
5) Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 6
6)
дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Халықаралық паралимпиада комитетіне Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық ойындарды өткізуге кандидат қаласы туралы өтінім беруге құқылы;
Тармақша 7
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Халықаралық паралимпиада комитетіне тиесілі паралимпиадалық рәмізді, девизді, туды және гимнді, "Паралимпиадалық ойындар", "Паралимпиада ойындары" деген атауларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің паралимпиадалық эмблемасына, девизге, туға және өзге де ұлттық паралимпиадалық нышанға айрықша құқықтарды иеленеді.
Тармақ 5
5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық командаларының Паралимпиадалық ойындарда және Халықаралық паралимпиада комитетінiң қамқорлығы аясында өткiзiлетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы көтеріліп жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және
аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерін орындауды меншікті қаржыландыру көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары есебінен іске асырады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырмалар алуға құқылы.
Бап 13-2. 13-2-бап. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
сурдлимпиада комитеті
13-2-бап. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
сурдлимпиада комитеті
Тармақ 1
1. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс мақсаты сурдлимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Республикасының мүгедектігі бар спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық сурдлимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалысты Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті басқарады, ол қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарғысына сәйкес, сондай-ақ өз жарғысына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылады. Мемлекет ұлттық сурдлимпиадалық қозғалысты құптайды және Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитетіне оның жарғылық мақсаттарын іске асыруына жан-жақты жәрдем көрсете отырып, қолдайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті:
Тармақша 1
1) мемлекетте сурдлимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттайды, сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді;
Тармақша 2
2) Сурдлимпиадалық ойындарда және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық
іс-шараларда Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді;
Тармақша 3
3) Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінде Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді;
Тармақша 4
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді;
Тармақша 5
5) Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан мүгедектігі бар спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 6
6)
дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Саңыраулардың халықаралық спорт комитетіне Қазақстан Республикасының Сурдлимпиадалық ойындарды өткізуге кандидат қаласы туралы өтінім беруге құқылы;
Тармақша 7
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарғысына сәйкес Саңыраулардың халықаралық спорт комитетіне тиесілі сурдлимпиадалық рәмізді, девизді, туды және гимнді, «Сурдлимпиадалық ойындар» атауын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетінің сурдлимпиадалық эмблемасына, девизге, туға және өзге де ұлттық сурдлимпиадалық нышанға айрықша құқықтарды иеленеді.
Тармақ 5
5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық командаларының Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінiң қамқорлығы аясында өткiзiлетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы көтеріліп жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетінің сурдлимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Сурдлимпиадалық ойындарға және Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан мүгедектігі бар спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды қаржыландырудың меншікті көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары есебінен іске асырады.
Бап 14. 14-бап. Арнайы олимпиадалық қозғалыс, арнайы олимпиадалық спорт
түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер
14-бап. Арнайы олимпиадалық қозғалыс, арнайы олимпиадалық спорт
түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер
Тармақ 1
1. Арнаулы олимпиадалық қозғалыс өзінің мақсаттары мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтыруы мен спортын дамытуға жәрдемдесу, көрсетілген салада халықаралық ынтымақтастықты нығайту, Халықаралық арнаулы олимпиадалық ойындарға қатысу болып табылатын халықаралық арнаулы олимпиадалық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады.
Тармақ 2
2. Қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, тиісті халықаралық спорт ұйымдарының жарғыларына сәйкес және халықаралық спорт ұйымдарының құптауы негізінде, сондай-ақ өз жарғысына сәйкес жүзеге асыратын арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестік арнайы олимпиадалық қозғалысты басқарады.
Тармақ 3
3. Арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестік Арнайы олимпиадалық ойындарда, Халықаралық арнайы олимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының
ұлттық командаларынан өкілдік етеді.
Тармақ 4
4. Арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестік өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды қаржыландырудың меншікті көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен іске асырады.
Бап 15. 15-бап. Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесi және спорт
15-бап. Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесi және спорт
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес оқу уақытында және оқудан тыс уақытта жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Дене тәрбиесі мектепке дейінгі ұйымдарда, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында бірінші және екінші оқу жылдарында білім алушылар үшін аптасына кемінде үш сағат көлемінде жүргізіледі.
Денсаулығы
уақытша әлсіреген білім алушылар мен тәрбиеленушілер арнайы медициналық топтар мен емдiк дене шынықтыру топтарында айналысады.
Мүгедектігі бар (тәндік немесе психикалық денсаулық жағдайында тұрақты ауытқулары бар) білім алушылар мен тәрбиеленушілер бейімдік дене шынықтыру және спорт әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, бейімдік дене шынықтыру және спорт топтарында немесе жалпы топта айналысады.
Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі сабақтарында дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонентті қолдану көзделеді.
Дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы бар білім алушылар дене тәрбиесі сабақтарынан босатылады.
Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің
және спорт саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері дене тәрбиесі сабақтарынан босатылады.
Тармақ 2-1
2-1. Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінде және спорт саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында дене тәрбиесі сабақтары оған бөлінген оқу сағаттары шеңберінде таңдалған спорт түрі (түрлері) бойынша оқу-жаттығу процесі нысанында өткізіледі және мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжатта дене тәрбиесі пәні ретінде көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Мектепке дейiнгi білім беру ұйымдары, жалпы бiлiм беретiн мектептер мен басқа да білім беру ұйымдары білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дене тәрбиесiмен айналысу мақсатында дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, оларды спортпен айналысуға тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзедi және қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғаларға мектеп жасына дейiнгi балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен спорттық iс-шараларды ұйымдастыруға және өткiзуге жәрдемдеседi.
Тармақ 4
4. Сабақтан тыс уақытта спортпен айналысу үшiн спорт клубтары, секциялар мен мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары құрылады, олардың қатарына әртүрлі спорт мектептерi, балалар-жасөспiрiмдердің дене шынықтыру даярлығы клубтары, тұрғылықты жерi бойынша балалар мен жеткіншектер клубтары және қызметi мектеп жасына дейiнгi балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дене тәрбиесi мен спорттық даярлығына бағытталған басқа да заңды тұлғалар кiредi.
Тармақ 5
5. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт резервін даярлау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша жалпы білім беретін мектептер базасында
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес тереңдетілген оқу-жаттығу процесі негізінде әртүрлі спорт түрлері бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілердің спорттық даярлығын жүзеге асыратын мамандандырылған спорт сыныптары мен топтары құрылады.
Тармақ 6
6. Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарда, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінде спортшыларды даярлау білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Білім беретін оқу орындарында спортшыларды даярлау дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға, бағдарламалар мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымдарында, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және басқа да білім беру ұйымдарында дене тәрбиесі үшін қажетті жағдайлар жасау жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.
Тармақ 9
9. Білім беру ұйымдарында студенттік және мектеп спортын дамыту мақсатында спорт клубтары, студенттер және оқушылар лигалары, білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында спорт түрлері бойынша федерациялар құрылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Студенттік және мектеп спорты саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар студенттік және (немесе) мектеп спорты лигасының мүшелері болуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер және оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Бап 16. 16-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы және басқа да спорт түрлерін дамыту
16-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы және басқа да спорт түрлерін дамыту
Тармақ 1
1. Әскери қызметшілер мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің бір немесе бірнеше мемлекеттік органдар қызметінің шеңберінде дамитын қызметтік міндеттерін орындауына байланысты арнайы іс-қимылдары (оның ішінде тәсілдері) әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы спорт түрлерінің негізі болып табылады.
Тармақ 2
2. Әскери қызметшілер мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру даярлығы қоршаған ортаның физикалық факторларының өзгерістері ескеріле отырып, әскери қызметтің, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қызметінің ерекшеліктері мен жауынгерлік және жедел-қызметтік міндеттерді орындауға байланысты әртүрлі жағдайларға әскери қызметшілер мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлері организмінің төзімділігін арттыру мақсатында өткізілетін даярлықтың негізгі нысанасы болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында дене шынықтыру даярлығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары бекітетін дене шынықтыру даярлығы бойынша бағдарламалар негізінде қызметкерлердің қызметтік міндеттерді табысты орындауы мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында әскери қызметшiлер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту мақсатында тиісті әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерін дамытуды, спортшылар даярлауды жүзеге асыратын, сондай-ақ құрама командаларды жасақтайтын спорт клубтары, дене шынықтыру-спорт ұйымдары құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген ұйымдар оқу-жаттығу процесін жүзеге асырады, барлық санаттағы әскери қызметшiлердің және Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің спортпен айналысуы үшін жағдайлар жасайды, спортшылардың спорттық жарыстарға, оның ішінде оқу-жаттығу және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды, медициналық қызмет көрсетуді, спортшылардың қарқынды дене шынықтыру жүктемелерінен, аурулары мен жарақаттануынан кейін қалпына келтіру іс-шараларын, олардың тамақтануын, тұруын және жол жүруін қамтамасыз етуді, сондай-ақ спорттық жарақпен, спорттық мүкәммалмен және жабдықпен қамтамасыз етуді, жаттықтырушылар мен дене шынықтыру және спорт саласындағы басқа да мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар өткізуді көздейтін, Дүниежүзілік армия ойындарына, Достас армиялардың спартакиадасына, әлем чемпионаттарына және Полицейлер мен өрт сөндірушілердің дүниежүзілік ойындарына қатысуына даярлығын жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары спорттық іс-шараларға қатысу үшін тиісті спорт түрлері бойынша құрама командаларды жасақтайды, әскери қызметшiлер мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру даярлығына үнемі тестілеу жүргізіп отырады, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастырады, өткізеді және қамтамасыз етеді, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлері бойынша спорттық сыныптаманы әзірлейді және оған уақтылы өзгерістер енгізеді, әскери қызметшілер мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері қатарындағы спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтар, спортшыларға спорттық разрядтар, жаттықтырушылар мен спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беру, олардан айыру үшін құжаттарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органдарға ұсынады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен спортшыларға спорттық разрядтар, жаттықтырушылар мен спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын және әскери қызметшілерге дәрежелер береді.
Тармақ 7
7. Әскери қызметшiлер мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері арасында өткізілетін әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлері бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары бекітеді.
Бап 17. 17-бап. Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру және спорт
17-бап. Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру және спорт
Тармақ 1
1. Заңды тұлғалар жұмыскерлердi сауықтыру бойынша дене шынықтыруды дамыту үшін қаражат көздей алады және жеке адамдардың дене шынықтырумен және спортпен айналысу құқықтарын iске асыруына жағдайлар жасайды.
Тармақ 2
2. Жұмыскерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң жеке және ұжымдық дене шынықтыру-спорт сабақтарын ұйымдастыру үшiн материалдық база құру, оны пайдалану, қаржыландыру, мамандармен қамтамасыз ету ұжымдық шарттарда және (немесе) заңды тұлғаның басқару органының шешімімен айқындалады және (немесе) оны дара кәсіпкер айқындайды.
Тармақ 3
3. Еңбек ұжымдарында ерікті негізде және салалық қағидат бойынша спортпен айналысу үшін жеке адамдарды біріктіретін ведомстволық дене шынықтыру-спорт қоғамдары құрылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Қоғамдардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны және олардың қызмет тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Бап 18. 18-бап. Халықтың тұрғылықты жерi бойынша және көпшілік демалатын орындардағы дене шынықтыру және спорт
18-бап. Халықтың тұрғылықты жерi бойынша және көпшілік демалатын орындардағы дене шынықтыру және спорт
Тармақ 1
1. Халықтың тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда дене шынықтыру мен спортты дамыту:
Тармақша 1
1) жеке
тұлғалардың
дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, инфрақұрылым жасауды;
Тармақша 2
2) спорт клубтары мен секцияларының жұмысын ұйымдастыруды;
Тармақша 3
3) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзуді;
Тармақша 4
4) дене шынықтыру-спорт ұйымдарына көпшілік демалыс орындарында халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына арналған қажеттi үй-жайлар бөлуге және спорт ғимараттарын беруге жәрдемдесуді;
Тармақша 5
5) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуді қамтиды.
Тармақ 2
2. Санаториялық-курорттық ұйымдар, пансионаттар, демалыс үйлерi, туристiк базалар және балаларды сауықтыру лагерьлерi жеке, топтық және отбасылық дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткiзу үшін жағдайлар жасайды.
Бап 19. 19-бап. Бейімдік дене шынықтыру және спорт, мүгедектігі бар адамдарды физикалық оңалту және әлеуметтік бейімдеу
19-бап. Бейімдік дене шынықтыру және спорт, мүгедектігі бар адамдарды физикалық оңалту және әлеуметтік бейімдеу
Тармақ 1
1. Бейімдік дене шынықтыру мен спорт әдістерін пайдалана отырып, мүгедектігі бар адамдарды физикалық оңалту және әлеуметтік бейімдеу спорт клубтарында, мүгедектігі бар адамдардың мектептері мен секцияларында, дене шынықтыру-спорт ұйымдарында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мүгедектігі бар адамдарға арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу процесі, даярлық кезеңдерінің мазмұны паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнаулы олимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті қоғамдық бірлестіктер әзірлейтін және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін спорт түрлері бойынша бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын ұйымдастыру, кадрлар даярлау, мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын әдістемелік, медициналық қамтамасыз ету және дәрігерлік бақылау білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт органдарына жүктеледі.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар арасында спортты дамытуды, арнаулы спорттық мүкәммал беруді қамтамасыз етеді және мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарына қолжетімді болуына жағдай жасайды.
Мүгедектіктің санатына қарай санамаланған көрсетілген қызметтер Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен және жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, спорт клубтарының, мектептерінің, секцияларының ашылуын, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала деңгейінде спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады.
Тармақ 5-1
5-1. Тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру органдары бұзылған, интеллектуалдық дамуы бұзылған бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшылар оқу-жаттығу жиындарына, спорттық іс-шараларға және халықаралық спорттық жарыстарға бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны бірге алып жүретін адаммен бірге барады.
Тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру органдары бұзылған, интеллектуалдық дамуы бұзылған бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыларды оқу-жаттығу жиындарына, спорттық іс-шараларға және халықаралық спорттық жарыстарға жіберу кезінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны бірге алып жүретін адамға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шығыстарды өтейді.
Тармақ 6
6. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, республикалық спорттық жарыстар өткізуді ұйымдастырады.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының
ұлттық командаларын даярлауды және олардың халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және Дүниежүзілік арнаулы олимпиадалық ойындарға қатысуын ұйымдастырады.
Бап 20. 20-бап. Түзеу мекемелеріндегі дене шынықтыру және спорт
20-бап. Түзеу мекемелеріндегі дене шынықтыру және спорт
Тармақ 1
1. Түзеу мекемелерінде сотталған адамдардың дене тәрбиесі жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Түзеу мекемелерінің әкімшілігі дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін жағдайлар қамтамасыз етеді және спорт түрлері жөніндегі қағидаларға сәйкес спорттық іс-шараларды ұйымдастырады.
Тармақ 3
3. Сотталғандар дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін өз қаражаты есебінен спорттық киім, аяқкиім сатып алуға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ
4-тарау. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ
Бап 21. 21-бап. Ұлттық спорт түрлері
21-бап. Ұлттық спорт түрлері
Тармақ 1
1. Ұлттық спорт түрлері спорттың ажырамас бір бөлігі болып табылады, оның танылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары спорт клубтарын, мектептерін, секцияларын ашу, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде спорттық іс-шараларды өткізу, ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық, халықаралық спорттық жарыстарға спортшыларды даярлау және олардың қатысуы, тиісті инфрақұрылым жасау арқылы ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Ұлттық спорт түрлері бойынша сабақтарды ұйымдастыру, кадрларды даярлау, әдістемелік, медициналық және допингке қарсы қамтамасыз ету, спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру, олардан айыру осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган ұлттық спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен бірлесіп, халықаралық және республикалық жарыстар өткізуді, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады.
Бап 22. 22-бап. Ұлттық спорт түрлері бойынша бірлестіктерді, спорт клубтарын құру құқығы
22-бап. Ұлттық спорт түрлері бойынша бірлестіктерді, спорт клубтарын құру құқығы
Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бастамалармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін ұлттық спорт түрлері бойынша бірлестіктер, әуесқой және кәсіпқой спорт клубтары мен оларға теңестірілген ұйымдар құруға құқығы бар.
Тарау 5. 5-тарау. СПОРТ РЕЗЕРВІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР СПОРТЫ
5-тарау. СПОРТ РЕЗЕРВІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР СПОРТЫ
Бап 23. 23-бап. Спортшылардың құқықтары мен міндеттері
23-бап. Спортшылардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Спортшылардың:
Тармақша 1
1) спорт түрін (түрлерін) таңдауға;
Тармақша 2
2) таңдаған спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен спорттық жарыстарға қатысуға;
Тармақша 3
3) бірыңғай спорттық сыныптама нормалары мен талаптарын орындаған кезде спорттық разрядтар мен спорттық атақтар алуға;
Тармақша 4
4) дене шынықтыру-спорт ұйымдарының өзара келісімі бойынша бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқасына немесе шетелдік дене шынықтыру-спорт ұйымына өтуге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен спорттық қызмет туралы шарттар жасасуға;
Тармақша 6
6) спортшылардың құқықтары мен заңды мүдделерін халықаралық спорттық ұйымдарда қорғауда таңдаған спорт түрлері бойынша спорт федерацияларынан жәрдем алуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Спортшылар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнiнiң музыкалық редакциясы мен мәтiнiн білуге;
Тармақша 2
2) спорттық іс-шараларға қатысу уақытында және спорт ғимараттарында болған кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
Тармақша 3
3) допингті пайдаланбауға, міндетті допинг-бақылаудан өтудің белгіленген тәртібін сақтауға;
Тармақша 4
4) спорттық әдепті сақтауға;
Тармақша 5
5) жарыстарды ұйымдастырушылардың талаптарын осындай жарыстардың ережелеріне сәйкес сақтауға;
Тармақша 6
6) санитариялық-гигиеналық талаптарды, медициналық талаптарды сақтауға, тұрақты түрде медициналық тексерулерден өтуге;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Бап 24. 24-бап. Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау
24-бап. Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау
Тармақ 1
1. Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды
спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары негізінде оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ететін дене шынықтыру-спорт ұйымдары жүзеге асырады. Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау оқу-жаттығу процесін және спорттық іс-шаралар өткізуді қамтиды.
Тармақ 2
2. Оқу-жаттығу процесі мазмұнын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін, спортшыларды даярлаудың мынадай кезеңдеріне бөлінеді:
Тармақша 1
1) спорттық-сауықтыру;
Тармақша 2
2) бастапқы даярлық;
Тармақша 3
3) оқу-жаттығу;
Тармақша 4
4) спорттық шеберлікті жетілдіру;
Тармақша 5
5) жоғары спорт шеберлігі.
Тармақ 3
3. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру бойынша шығыстар дене шынықтыру-спорт ұйымдарының көзделген қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Спорт түрлері бойынша спортшыларды ұстауға, қамтамасыз етуге, даярлауға және олардың спорттық іс-шараларға қатысуына, оның ішінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу оларға қатысты дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарда жүзеге асырылады.
Бап 25. 25-бап. Жоғары дәрежелі спортшылар даярлаудың ерекшеліктері
25-бап. Жоғары дәрежелі спортшылар даярлаудың ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Жоғары дәрежелі спортшылар даярлауды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен
спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар, сондай-ақ дене шынықтыру-спорт ұйымдары жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жоғары дәрежелі спортшылар даярлау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарттық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Спорттық қызмет туралы шартта спортшының, жаттықтырушының және заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік және медициналық сақтандыру туралы ережелер, шартты жасасу және бұзу талаптары қамтылуы тиіс. Спорттық қызмет туралы шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптар мен міндеттемелер қамтылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Спортшыны тіркеу туралы куәліктің болуы спорттық қызмет туралы шарттың міндетті талабы болып табылады.
Бап 26. 26-бап. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық
ұлттық командалары және оларды жасақтау тәртібі
26-бап. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық
ұлттық командалары және оларды жасақтау тәртібі
Тармақ 1
1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командалары халықаралық спорттық
жарыстарға даярлану және қатысу мақсатында жасақталады және негізгі әрі резервтік құрамдардан тұруы мүмкін.
Тармақ 2
2. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларына кандидаттардың тиісті тізіміне енгізілген спортшылар арасынан жасақталады.
Тармақ 3
3. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командаларының құрамы спорт түрлері бойынша
Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелері арасынан жасақталады.
Тармақ 4
4.
Спорт түрлері бойынша
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана командаларының құрамы спорт түрлері бойынша
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана командаларына кандидаттардың тиісті тізіміне енгізілген спортшылар арасынан жасақталады.
Тармақ 5
5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық және штаттық ұлттық командаларының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана командаларының мүшелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық, медициналық және допингке қарсы қамтамасыз етуді, спорттық жарақпен қамтамасыз етуді көздейді.
Тарау 6. 6-тарау. КӘСІПҚОЙ СПОРТ
6-тарау. КӘСІПҚОЙ СПОРТ
Бап 27. 27-бап. Кәсіпқой спортпен айналысу құқығы
27-бап. Кәсіпқой спортпен айналысу құқығы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының шарттық негізде Қазақстан Республикасында да, басқа елдерде де ақы төленетін кәсіпқой спорт қызметімен айналысуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Кәсіпқой спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру және спорт саласындағы басқа да мамандардың арасындағы қатынастарды реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Өз құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау үшін кәсіпқой спортшылар Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес кәсіптік одақтарға біріге алады.
Тармақ 4
4. Кәсіптік одақтарды құру тәртібі мен олардың жұмыс істеу шарттары және кәсіпқой спорт сабақтарын өткізу, спорттық қызмет туралы шарттар жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Тармақ 5
5. Спортшылардың, спорт төрешілерінің, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқа да мамандардың спорттық жарыстарға дайындалуы мен қатысуына байланысты және олардың табыс көзі болып табылатын кәсіптік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Бап 28. 28-бап. Кәсіпқой спортшылар мен жаттықтырушылар, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандар құқықтарының кепілдіктері
28-бап. Кәсіпқой спортшылар мен жаттықтырушылар, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандар құқықтарының кепілдіктері
Тармақ 1
1. Кәсіпқой спорт клубымен спорттық қызмет туралы шарт жасасқан спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардың өз қызметіне байланысты, оның ішінде өзге кәсіпқой спорт клубына өтуіне байланысты өтемақыларға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Кәсіпқой спорт клубы кәсіпқой спортшыны тәртіптік жауаптылыққа тартылған кезінде спорт жарысынан шеттету кезеңінде оқу-жаттығу процесіне қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Кәсіпқой спортшыға және жаттықтырушыға, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманға тамақтануға, жол жүруге, тұруға және спорттық жарыстарға дайындалуға, қалыпқа келу процесін ұйымдастыруға, спорттық жарақат алған немесе ауырған жағдайда медициналық ем алуға жұмсалған шығыстары, сондай-ақ басқа да шығыстары спорттық қызмет туралы шартта айқындалған мөлшерде өтеледі.
Тармақ 4
4. Егер кәсіпқой спортшы кәсіпқой спорт клубының кінәсінен қажетті сақтандыру шарттарын жасаспауына, кәсіпқой спортшының міндетті алдын ала немесе мерзімдік медициналық қарап тексеруден, оқудан, еңбекті қорғау саласындағы білімі мен дағдыларын тексеруден өтпеуіне байланысты спорттық жарыстарға қатысуға жіберілмеген болса, кәсіпқой спорт клубы кәсіпқой спортшыға оның шеккен залалын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді.
Бап 29. 29-бап. Кәсіпқой спорт федерациясының құқықтары мен міндеттері
29-бап. Кәсіпқой спорт федерациясының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Кәсіпқой спорт федерацияларының:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде осы спорт федерациясының мүшелері болып табылатын немесе осы федерацияны мойындайтын кәсіпқой спорт субъектілерінің орындауы үшін міндетті құжаттарды қабылдауға;
Тармақша 2
2) кәсіпқой спортшыларды, кәсіпқой жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандарды спорттық жарыстарға қатысуға жіберуге;
Тармақша 3
3) спорттық жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге, спорттық жарыстарды өткізу құрылымын, күнтізбесін, өзге де шарттарын айқындауға, федерация жарғысымен айқындалған спорттың түрінен спорттық жарыстар өткізуге құқық беруге;
Тармақша 4
4) спорттық қызмет туралы шарттарды және кәсіпқой спорт саласындағы өзге де шарттарды тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) федерация өткізетін жарыстарға қатысуға жіберуге құқық беретін кәсіпқой спорт клубтарын сертификаттауды, акрредиттеуді енгізуге және жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) спорттық жарыстарда төрешілік етуді ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) кәсіпқой спорт клубтары өткізетін спорттық жарыстарға бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) кәсіпқой спортшыларға спорттық куәліктер мен өзге де құжаттар беруді жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) халықаралық спорт федерацияларымен байланысты дамытуға және нығайтуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Кәсіпқой спорт федерациясы:
Тармақша 1
1) кәсіпқой спорт субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін халықаралық және ұлттық деңгейлерде қорғауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) допингті пайдалануға қарсы шаралар қолдануға;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) спорттың инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамытуға;
Тармақша 5
5) спортты халық арасында насихаттауды және кеңінен танытуды ұйымдастыруға;
Тармақша 6
6) кәсіпқой спорттың ардагерлері мен мүгедектігі бар адамдарына көмек көрсетуге;
Тармақша 7
7) кәсіпқой спортшыларды тіркеуді жүргізуге;
Тармақша 8
8) кәсіпқой спортшылардың тізілімін жүргізуге;
Тармақша 9
9) кәсіпқой спортшылардың тіркелгендігі туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруға;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына және федерация жарғысына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Кәсіпқой спорт федерациясы осы Заңда көзделген жекелеген құқықтар мен міндеттерді, егер олар кәсіпқой спорт федерациясының құрылтай құжаттарына қайшы келмесе, өз араларында жасалатын келісімдер негізінде кәсіпқой спорт ұйымдарына беруге құқылы.
Бап 30. 30-бап. Кәсіпқой спорт клубтарының құқықтары мен міндеттері
30-бап. Кәсіпқой спорт клубтарының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Кәсіпқой спорт клубы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен спортшылармен, жаттықтырушылармен және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандармен спорттық қызмет туралы шарттарды жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
Тармақша 2
2) кәсіпқой спортшыларды, кәсіпқой жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандарды жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізгені үшін көтермелеуге;
Тармақша 3
3) кәсіпқой спортшылардан және жаттықтырушылардан, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардан олардың спорттық қызмет туралы жасалған шарттарда қамтылған міндеттерін орындауын талап етуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Кәсіпқой спорт клубы:
Тармақша 1
1) кәсіпқой спортшыға, кәсіпқой жаттықтырушыға және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманға спорттық қызмет туралы жасалған шартқа сәйкес төлемдерді уақтылы жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) міндетті алдын ала, мерзімдік және кезектен тыс медициналық тексерулерден өту кезеңінде жұмыс орындары (лауазымдары) мен орташа жалақыларын сақтай отырып, өз қаражаты есебінен кәсіпқой спортшылардың, кәсіпқой жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардың көрсетілген медициналық тексерулерден өтуін ұйымдастыруға;
Тармақша 3
3) спорт федерациясы белгілеген мерзімде спорт федерациясында спорттық қызмет туралы шарттарды тіркеуді жүргізуге;
Тармақша 4
4) жұмыскерлердің жеке қорғану құралдарын қоса алғанда, кәсіпқой спортшының, кәсіпқой жаттықтырушының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның спорттық қызмет туралы шартта көзделген міндеттерін орындауы үшін оларды қажетті спорттық киіммен, жарақпен, медициналық қызмет көрсетумен және өзге де құралдармен қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындары өтетін орындарда күзет пен еңбек гигиенасының талаптарына сай келетін тиісті техникалық жабдықтар құруға және кәсіпқой спортшы мен дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) спорттық жарыстарға дайындалу кезінде немесе оларға тікелей қатысу кезінде кәсіпқой спортшы жарақат алған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мән-жайлар болған кезде кәсіпқой спортшыға білікті медициналық көмекті ұйымдастыруға, сондай-ақ осындай жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді және есепке алуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) кәсіпқой спортшы, кәсіпқой жаттықтырушы және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маман спорттық жарақаттың салдарынан спорттық қызметін уақытша тоқтата тұрған кезеңде оған өз есебінен мөлшері спорттық қызмет туралы шартта көзделген төлемді толық көлемде төлеуге;
Тармақша 8
8) спорттық жарыстарға дайындалу және оларға тікелей қатысу кезінде спортта допингті және денсаулыққа зиянды басқа да құралдарды және (немесе) әдістерді пайдалануға қарсы күресуге;
Тармақша 9
9) спортты халық арасында насихаттауды және кеңінен таратуды ұйымдастыруға;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіпқой спортшының, кәсіпқой жаттықтырушының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырылуын жүзеге асыруға;
Тармақша 11
11) кәсіпқой спортшыны, кәсіпқой жаттықтырушыны және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманды еңбекті қорғау және жазатайым оқиғалар болған жағдайда алғашқы көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйретуге, еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулық беруге, жұмыс орнында тағылымдамадан өткізуге және еңбек қорғау талаптарын, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін білетіндіктеріне тексеру жүргізуге;
Тармақша 12
12) жастар арасында спорт резервін даярлауды жүзеге асыруға, балалар спорт мектептерін ашуға, бейіндеуші спорт түріне жаттықтырушылар мен төрешілер даярлауға;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тарау 7. 7-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ТАЛАПТАР
7-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ТАЛАПТАР
Бап 31. 31-бап. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілер
31-бап. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілер күшті, төзімділікті, жылдамдық пен ептілікті көрсететін дене шынықтыру жаттығуларының түрлерін қамтиды және жеке адамдардың жасына байланысты деңгейлерден тұрады.
Тармақ 2
2.
Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерге дене шынықтырумен және спортпен айналысуға денсаулығы жарамды жеке адамдар қатысады.
Тармақ 3
3.
Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерді орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасауды және оны бақылауды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерді өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында және еңбек ұжымдарында осы ұйымдардың басшыларына жүктеледі.
Бап 32. 32-бап. Спортшыны тіркеу туралы куәлік
32-бап. Спортшыны тіркеу туралы куәлік
Тармақ 1
1. Спортшыны тіркеу туралы куәлік оның спорт федерациясында тіркеуден өткенін растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 2
2. Спортшыны тіркеу туралы куәлікте:
Тармақша 1
1) спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда);
Тармақша 2
2) жынысы;
Тармақша 3
3) туған күні;
Тармақша 4
4) тіркеу нөмірі;
Тармақша 5
5) тіркеу нөмірі берілген күн;
Тармақша 6
6) тіркеуді жүзеге асырған спорт федерациясының атауы;
Тармақша 7
7) спорт түрі;
Тармақша 8
8) спорттық разрядтар, санаттар мен спорттық атақтар беру туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) медициналық қарап-тексеруден өткені туралы мәліметтер;
Тармақша 10
10) спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері;
Тармақша 11
11) жарыстан шеттету туралы мәліметтер;
Тармақша 12
12) допинг қолданған жағдайлары туралы мәліметтер;
Тармақша 13
13) мемлекеттік наградалар мен көтермелеудің өзге де нысандары туралы мәліметтер;
Тармақша 14
14) жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда);
Тармақша 15
15) таңдалған спорт түрінің ерекшелігіне байланысты өзге де мәліметтер;
Тармақша 16
16) фотосуреті көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ спортшыны тіркеу туралы куәліктің нысанын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Бап 33. 33-бап. Мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және арнаулы олимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлау
33-бап. Мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және арнаулы олимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлау
Тармақ 1
1. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарда тең сайыс жағдайларын жасау мақсатында ұйымдастырушылар сыныптаушылардың шығыстарын жабуды қоса алғанда, тиісті жарыстарға қатысуға мәлімделген мүгедектігі бар спортшыларға олардың функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейі бойынша сыныптау жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізу тәртібі мен шарттарын Халықаралық паралимпиада комитетінің және паралимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті халықаралық спорт ұйымдарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша паралимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары әзірлейді.
Тармақ 3
3. Сыныптау жүргізуді Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті берген тиісті құжаты бар сыныптаушы жүзеге асырады.
Тармақ 3-1
3-1. Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізген кезде ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасынан немесе шет мемлекеттерден сыныптаушыларды тартады.
Тармақ 4
4. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлауды паралимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары Халықаралық паралимпиада комитетінің немесе паралимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорт ұйымдарының ұсынуы бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Сурдлимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт төрешілерін даярлауды сурдлимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және Халықаралық арнайы олимпиада комитетінің ұсынуы бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен спорт төрешілерін даярлау жөніндегі оқыту семинарларының жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
Бап 34. 34-бап. Спорт түрлерін және спорт салаларын тану. Спорт түрлерінің тізілімі
34-бап. Спорт түрлерін және спорт салаларын тану. Спорт түрлерінің тізілімі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрлері мен спорт салаларын тануды спорт түрлерінің тізіліміне енгізу арқылы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шараларды өткізу спорт түрлерінің тізіліміне енгізілген спорт түрлері мен спорт салалары бойынша жүзеге асырылады.
Бап 35. 35-бап. Бірыңғай спорттық сыныптама. Спортшылардың спорттық атақтары, разрядтары және жаттықтырушының спорттық атағы. Әскери қызметшілердің дәрежелері және жаттықтырушылардың,
жаттықтырушы-оқытушылардың, әдіскерлердің, нұсқаушы-спортшылардың, спорт төрешілерінің біліктілік санаттары
35-бап. Бірыңғай спорттық сыныптама. Спортшылардың спорттық атақтары, разрядтары және жаттықтырушының спорттық атағы. Әскери қызметшілердің дәрежелері және жаттықтырушылардың,
жаттықтырушы-оқытушылардың, әдіскерлердің, нұсқаушы-спортшылардың, спорт төрешілерінің біліктілік санаттары
Тармақ 1
1. Бірыңғай спорттық сыныптама спортшыларға мынадай спорттық атақтар, разрядтар және жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақ көздейді:
Тармақша 1
1) спорттық атақтар:
"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері";
"Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері";
"Қазақстан Республикасының спорт шебері";
"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы";
Тармақша 2
2) спорттық разрядтар:
"Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат";
1-разрядты спортшы;
2-разрядты спортшы;
3-разрядты спортшы;
1-жасөспірімдік разрядты спортшы;
2-жасөспірімдік разрядты спортшы;
3-жасөспірімдік разрядты спортшы.
Тармақ 2
2. Әскери қызметшілерге мынадай дәрежелер беріледі:
Тармақша 1
1) «Үздік»;
Тармақша 2
2) 1-дәрежелі «Спортшы жауынгер»;
Тармақша 3
3) 2-дәрежелі «Спортшы жауынгер».
Тармақ 3
3. Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша спорттық разрядтарды, біліктілік санаттарын және дәрежелерді беру нормалары мен талаптарын –Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары, қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары белгілейді.
Тармақ 4
4. Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне мынадай біліктілік санаттары беріледі:
Тармақша 1
1) жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға:
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
Тармақша 2
2) әдіскерлерге:
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер;
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер;
Тармақша 3
3) нұсқаушы-спортшыларға:
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы;
Тармақша 4
4) спорт төрешілеріне:
жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі;
ұлттық спорт төрешісі;
бірінші санатты спорт төрешісі;
спорт төрешісі.
Бап 35-1. 35-1-бап. Спорттық атақтан, разрядтан және біліктілік санатынан
айыру
35-1-бап. Спорттық атақтан, разрядтан және біліктілік санатынан
айыру
Спорттық атақтан, разрядтан және біліктілік санатынан айыру төменде санамаланған фактілердің бірі:
Тармақша 1
1) спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатын беру үшін негіз болған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпаратты беру;
Тармақша 2
2) допингке қарсы қағидаларды бұзу анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
Бап 36. 36-бап. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі
36-бап. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі республикалық және өңірлік деп бөлінеді және ол деңгейіне байланысты жыл сайынғы халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлердегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық жөніндегі іс-шаралардың тізбесін айқындайды.
Спорттық іс-шаралар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен жарыстар, оқу-жаттығу жиындары түрлерінің тізбесіне және олардың сыныптамасына сәйкес спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық және өңірлік күнтізбелеріне енгізіледі.
Бап 37. 37-бап. Спорт түрі бойынша қағидалар
37-бап. Спорт түрі бойынша қағидалар
Тармақ 1
1. Аккредиттелген
ұлттық спорт федерациялары белгілі бір әрбір спорт түрі бойынша халықаралық спорт ұйымдарының талаптарын (бар болғанда) ескере отырып, Спорт түрі бойынша қағидаларды әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 2
2. Спорттың әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы түрлері бойынша қағидаларды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары әзірлейді және бекітеді.
Бап 38. 38-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары
38-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары
Тармақ 1
1. Республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі және спорт түрлері бойынша
аккредиттелген ұлттық федерациялармен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық спорттық жарыстар халықаралық спорт ұйымдарының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі. Бұл жарыстар спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбесіне енгізіледі.
Тармақ 3
3. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және аккредиттелген тиісті жергілікті спорт федерацияларымен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өңірлік бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
Тармақ 4
4. Спортық жарыстар спорт түрлерінің тізіліміне енгізілген спорт түрлері бойынша жарыстар туралы ереженің (регламенттің) негізінде өткізіледі.
Тармақ 5
5. Халықаралық спорттық жарыстар аккредиттелген
ұлттық спорт федерациялары әзірлейтін және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін спорттық жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі.
Тармақ 6
6. Республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен спорттық жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі.
Тармақ 7
7. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары әзірлейді және оны жергілікті атқарушы орган бекітеді.
Тармақ 8
8. Спорттық іс-шараларды, оның ішінде оқу-жаттығу жиындарын өткізу тәртібін, спорттық іс-шаралар түрлерінің тізбесі мен олардың сыныптамасын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 9
9. Міндетті медициналық тексеруден өткен спортшылардың оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шараларға қатысуға құқығы бар.
Тармақ 10
10.
Аккредиттелген спорт федерациялары, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібін сақтауын, сондай-ақ, спортшылардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтінін білуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 11
11. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар іс-шара өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, жергілікті атқарушы органдарға – көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын – сатылған билеттердің, берілген рұқсаттамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсаттамалардың, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына, мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы хабар беруге міндетті.
Тармақ 12
12. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық ішкі істер органдары мен мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 13
13. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру комитеттерін құрады, олар осы іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатыстырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
Тармақ 14
14. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалардың қауіпсіздігі, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындардың, оның ішінде олардағы мүліктің сақталуы үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жәрдемдесуге;
Тармақша 2
2) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындармен шекаралас аумақтың абаттандырылуы бұзылған жағдайда, оны қалпына келтіруді қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда көрермендердің жүріс-тұрыс қағидаларын орналастыруға міндетті.
Тармақ 15
15. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтiрілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледі.
Бап 39. 39-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау, жеке адамдардың денсаулығын қорғау
39-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау, жеке адамдардың денсаулығын қорғау
Тармақ 1
1. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын өткізу кезінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін қауіпсіздік қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкiмшiлiгi сабақтар мен спорттық жарыстар өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасы қағидаларына, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес спорттық мүкәммалмен және жабдықпен қамтамасыз етедi және жеке адамдардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Тармақ 2-1
2-1. Бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықты пайдалану және монтаждау ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Сабақтар мен спорттық жарыстарды өткізуге арналған спорт құрылысжайлары техникалық, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, спорт құрылысжайларын пайдалану мен өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес келуге және мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болуға тиіс.
Тармақ 4
4. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандар дене шынықтырумен және спортпен айналысатын жеке адамдардың денсаулығына келтiрілген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Тармақ 5
5. Спортпен ұйымдасқан түрде шұғылдану кезінде спортшының, жаттықтырушының немесе төрешінің денсаулығына зиян келтірілгені үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасы және спортшының, жаттықтырушының немесе төрешінің спорт ұйымымен жасасқан шарт талаптары негізінде белгіленеді.
Тармақ 6
6. Жеке тұлғалар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күрделендіретін спорт құрылыстарын, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын, оның ішінде мiнберлердің тіреуіш конструкцияларының ескіруі, мінбер астындағы үй-жайларда жанатын қауіпті заттар мен материалдардың орналастырылуы, авариялық жарық берудің және эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы бөлігінде бұзушылықтар, сондай-ақ өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздік жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ішкі істер органдары не халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган енгізетін ұсыну бойынша жергілікті атқарушы органдар қауіпсіздік жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейін осындай іс-шараларды өткізуге тыйым салады.
Тармақ 7
7. Алып тасталды - ҚР 22.01.2016 № 446-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тарау 8. 8-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫН КАДРЛЫҚ, ҒЫЛЫМИ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ДОПИНГ-БАҚЫЛАУ
8-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫН КАДРЛЫҚ, ҒЫЛЫМИ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ДОПИНГ-БАҚЫЛАУ
Бап 40. 40-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау
40-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау
Тармақ 1
1. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандарды даярлау Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекет білім беру ұйымдарында оқу мақсатына арналған дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары кешенін, жабдықтардың үлгілік жиынтығын, дене шынықтыру мен спорт саласындағы түрлі бейіндегі мамандарды даярлауға арналған мамандандырылған спорт ғимараттарын және мүкәммалын қамтитын материалдық-техникалық базаны нығайтуға жәрдемдеседі.
Тармақ 3
3. Спорт бойынша мамандандырылған оқу орындарында және дене тәрбиесі факультеттерінде адамдарды оқыту бюджет қаражаты, ұйымдардың қаражаты, ерікті жарналар, қайырымдылық қорлары және жекелеген адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Дене шынықтыру және спорт бойынша жаттықтырушылық, жаттықтырушы-оқытушылық қызметке техникалық және кәсіптік дене шынықтыру немесе жоғары дене шынықтыру білімі бар адамдар жіберіледі.
«Қазақстан Республикасының спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» не «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атақтары, техникалық және кәсіптік немесе жоғары білімі бар, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган жанындағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарынан өткен адамдар да дене шынықтыру және спорт бойынша жаттықтырушылық, жаттықтырушы-оқытушылық қызметке жіберіледі.
Тармақ 5
5. Спорттық жарыстар мен спорттық-бұқаралық іс-шараларға төрешілік етуге дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан өткен және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен спорт төрешілері ретінде аттестатталған адамдар жіберіледі.
Тармақ 6
6. Спорттық медицина және бейімдік дене шынықтыру мен спорт мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Бап 41. 41-бап. Жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін аттестаттау
41-бап. Жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін аттестаттау
Тармақ 1
1. Спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды аттестаттау жаттықтырушылардың спортшыларды даярлау бойынша жұмысты жүргізу құқығын растау мақсатында, қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша білімін қоса алғанда, жаттықтырушылардың тиісті спорт түрі саласындағы тиісті біліктілігі мен білімін тану және растау рәсімі болып табылады.
Тармақ 2
2. Спорт төрешілерін аттестаттау спорттық іс-шараларда төрешілік жұмысты жүргізу құқығын растау мақсатында спорт төрешілерінің тиісті спорт түрі саласындағы тиісті біліктілігі мен білімін тану және растау рәсімі болып табылады.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 11.05.2017 № 65-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 5
5. Жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін аттестаттау нәтижелері бойынша оларға төрт жыл мерзімге аттестаттау туралы куәлік беріледі.
Бап 42. 42-бап. Дене шынықтыру мен спортты дамытуды ғылыми-әдістемелік және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету
42-бап. Дене шынықтыру мен спортты дамытуды ғылыми-әдістемелік және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Дене шынықтыру мен спорт саласында іргелі, іздестіру, тәжірибелік-конструкторлық, технологиялық, қолданбалы және басқа да ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді белгіленген тәртіппен құрылған және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, дене шынықтыру мен спорт саласындағы білім беру мекемелері жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командалары немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар жанындағы кешенді ғылыми топтардың, уақытша ғылыми ұжымдардың қызметін үйлестіреді.
Тармақ 3
3. Жергілікті атқарушы органдар өңірлік ғылыми-әдістемелік бірлестіктердің, кешенді ғылыми топтардың қызметін үйлестіреді.
Бап 42-1. 42-1-бап. Дене шынықтыру мен спортты цифрландыру
42-1-бап. Дене шынықтыру мен спортты цифрландыру
Тармақ 1
1. Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын дене шынықтыру және спорт субъектілері дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасына уәкілетті орган айқындайтын көлемде, мерзімде және нысанда деректер беруді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын дене шынықтыру және спорт субъектілері дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасына берілген деректердің сапасы, уақтылығы, анықтығы және құпиялылығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Бап 43. 43-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы медициналық қамтамасыз ету
43-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы медициналық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) олардың денсаулық жағдайын жүйелі түрде бақылауды;
Тармақша 2
2) физикалық жүктемелерінің өздерінің денсаулық жағдайына барабарлығын бағалауды;
Тармақша 3
3) аурулардың, жарақаттардың профилактикасын және оларды емдеуді, медициналық оңалтуды, нормативтерге сәйкес дәрумен беруді және дәрілік заттармен қамтамасыз етуді;
Тармақша 4
4) дене шынықтырумен және спортпен айналысу кезінде пайдаланылатын құралдармен және әдістермен денсаулығын
қалпына келтіруді;
Тармақша 5
5) спортшыны оқу-жаттығу процесіне және жарыстарға жіберу туралы шешімді;
Тармақша 6
6) спортшының дене шынығуы және функционалдық қасиеттерін және спорттық нәтижесін арттыруды;
Тармақша 7
7) спорт гигиенасын;
Тармақша 8
8) оқу-жаттығу процесі мен жарыс кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 9
9) спортшының психологиялық дайындығын қамтиды.
Тармақ 2
2. Спортшыларды медициналық қамтамасыз ету, спорттық іс-шаралар өткізу кезінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, спорттық медицина ұйымдарын құру тәртібі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 43-1. 43-1-бап. Ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымы
43-1-бап. Ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымы
Ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымы спортшыларды мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ спорттық медицина мен оңалту саласындағы заманауи технологияларды енгізу және тарату мақсатында мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылады.
Ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) спорттық іс-шараларға қатысқан уақытта спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының спортшыларын спорт дәрігерлерімен, массаж жасаушылармен және спорттық медицина және оңалту саласындағы өзге де мамандармен қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) спортшыларды, оның ішінде спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының спортшыларын медициналық зерттеп қарауды, кешенді функционалдық тестілеуді жүргізеді;
Тармақша 4
4) спортшыларды жоғары жетістіктер спортымен айналысуға жіберуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) спорттық медицина және оңалту, емдік дене шынықтыру саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) спортшыларға консультация беруді, оларды диагностикалауды, емдеуді, оңалтуды және қалпына келтіруді жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының спортшыларын дәрілік заттармен, биологиялық белсенді қоспалармен, фармакологиялық заттармен қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) спортшылардың тиімділігін, физикалық тұрғыдан жұмыс қабілетін арттыруға және жылдам қалпына келуіне ықпал ететін диагностикалау және емдеу, алғашқы көмек, оңалту әдістерін әзірлейді, енгізеді және жетілдіреді;
Тармақша 9
9) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командалары спортшыларының дене шынықтыру даярлығын талдау бойынша кешенді ғылыми топтарды, сондай-ақ олардың қызметін бақылауды ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) спорттық жарақат алған және ауырған спортшыларды емдеуді және медициналық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) осы Заңға сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
Бап 44. 44-бап. Спортта допингті, спортта допингтік субстанцияларды және (немесе) әдістерді пайдалануға қарсы іс-қимыл
44-бап. Спортта допингті, спортта допингтік субстанцияларды және (немесе) әдістерді пайдалануға қарсы іс-қимыл
Тармақ 1
1. Спортта допингті болдырмау және онымен күрес Қазақстан Республикасының және халықаралық допингке қарсы ұйымдардың допингке қарсы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бір немесе бірнеше мынадай бұзушылықтар:
Тармақша 1
1) спортшының (спорттық жарысқа қатысатын жануардың) организмінен алынған сынамада тыйым салынған субстанцияның немесе оның метаболиттерінің немесе маркерлерінің болуы;
Тармақша 2
2) допингті пайдалану немесе пайдалануға әрекеттену;
Тармақша 3
3) допингке қарсы қағидаларға сәйкес хабарламаны алғаннан кейін дәлелді себептерсіз сынаманы алуға келуден бас тарту немесе сынаманы алуға келмеу немесе сынаманы алудан өзгеше түрде жалтару;
Тармақша 4
4) өзінің тұрған жері туралы талап етілетін ақпаратты бермеуді және ақылға қонымды қағидалар негізінде тағайындалатын тестілеуге келмеуді қоса алғанда, спортшының жарыстан тыс тестілеу үшін қолжетімді болуына қатысты талаптарды бұзу;
Тармақша 5
5) допинг-бақылаудың кез келген кезеңінде бұрмалау немесе бұрмалауға әрекеттену;
Тармақша 6
6) допингке ие болу;
Тармақша 7
7) допингті тарату;
Тармақша 8
8) кез келген спортшыға (спорттық жарысқа қатысатын жануарға) тыйым салынған субстанцияны енгізу немесе енгізуге әрекеттену немесе оған қатысты тыйым салынған әдісті қолдану немесе қолдануға әрекеттену немесе допингке қарсы қағидаларды бұзуға немесе кез келген бұзуға әрекеттенуге байланысты көмектесу, көтермелеу, жәрдемдесу, арандату, жасыру немесе кез келген өзге нысанда бірге қатысу допингке қарсы қағидаларды бұзушылық болып табылады.
Тармақ 2-1
2-1. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыру Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің тыйым салынған субстанциялар мен әдістерді терапиялық пайдалану жөніндегі халықаралық стандартына сәйкес берілген допингті терапиялық пайдалануға рұқсат болған не осы баптың 2-тармағының 1), 2),
6) және 8) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасағаннан кейін осындай рұқсатты беруге мүмкіндік беретін, көрсетілген халықаралық стандартта көзделген мән-жайлар болған кезде допингке қарсы қағидаларды бұзушылық болып табылмайды.
Тармақ 3
3. Спортшылардың, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спорттық медицина бойынша мамандардың, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардың спортшыларға қатысты допингке қарсы қағидаларды бұзуына, спорттық жарысқа қатысатын жануарларға қатысты допинг пайдалануға жол берілмейді. Спортшының, сондай-ақ спорттық жарысқа қатысатын жануарға қатысты допингті пайдалану фактісі Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік аккредиттеген зертханаларда жүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен расталады.
Тармақ 4
4. Допинг-бақылау тестілер өткізуді жоспарлауды, сынамалар алуды, оларды сақтауды, тасымалдауды, сынамаларды зертханалық талдауды, тестілеуден кейінгі рәсімдерді, сондай-ақ тиісті тыңдаулар өткізу мен апелляцияларды қарауды қамтитын процесті білдіреді.
Тармақ 5
5. Допинг-бақылау (тестілеу) рәсімі жарыс кезеңінде және жарыстан тыс кезеңде жүзеге асырылады. Жарыс кезеңі деп, егер тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт федерациясы қағидаларында немесе өзге де халықаралық допингке қарсы ұйымда не Ұлттық допингке қарсы ұйымда өзгеше көзделмесе, спортшының және (немесе) жануардың нақты спорттық жарысқа қатысуына байланысты кезең түсініледі. Жарыс кезеңіне қосылмаған уақыт жарыстан тыс кезең болып табылады.
Тармақ 6
6. Допингті пайдалануға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар:
Тармақша 1
1) допинг-бақылау жүргізуді;
Тармақша 2
2) спортшылардың, жаттықтырушылардың, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардың допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін жауаптылығын белгілеуді;
Тармақша 3
3) допингті қолданудың алдын алуды;
Тармақша 4
4) допинг-бақылауды жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыруды;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарында допингке қарсы насихат жүргізуді;
Тармақша 6
6) спортта допингті болдырмауға және оған қарсы күреске бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізуді;
Тармақша 7
7) спортшылардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру құралдары мен әдістерін әзірлеу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізуді;
Тармақша 8
8) құрамына тыйым салынған субстанцияларды қосу арқылы дәрілік заттар мен тағамдық қоспалардың сапасын бұрмалағаны, осындай дәрілік заттар мен тағамдық қоспаларды өткізгені үшін, сондай-ақ, тыйым салынған субстанцияларды әзірлеу, дайындау, пайдалану тәсілдері, әдістері және оларды сатып алу орындары туралы мәліметтерді таратуға бағытталған қызмет үшін жауаптылықты белгілеуді;
Тармақша 9
9) допингке қарсы қағидаларда көзделген допинг-бақылау жүргізу шарттарын бұзғаны үшін дене шынықтыру-спорт ұйымдарының жауаптылығын белгілеуді;
Тармақша 10
10) спортта допингті болдырмау және онымен күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды қамтиды.
Тармақ 7
7. Спорттық жарыстарды ұйымдастырушылар халықаралық спорт ұйымдарының талаптары мен шешімдерін және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, міндетті допинг-бақылауды жүргізу шарттарын қамтамасыз етуге міндетті.
Бап 44-1. 44-1-бап. Ұлттық допингке қарсы ұйым
44-1-бап. Ұлттық допингке қарсы ұйым
Ұлттық допингке қарсы ұйым деп спортта допингті болғызбау және онымен күресу, допинг-бақылауды ұйымдастыру мақсатында құрылған мемлекеттік кәсіпорын түсініледі.
Ұлттық допингке қарсы ұйым:
Тармақша 1
1) допингке қарсы қағидаларды әзірлеуге қатысады;
Тармақша 2
2) допинг-бақылауға жататын спортшылардың және (немесе) жануарлардың тізімін қалыптастырады және оларды допингке қарсы қағидаларға сәйкес тіркейді;
Тармақша 3
3) допинг-бақылауға жататын спортшылардың және (немесе) жануарлардың тізімін спорт түрлері бойынша аккредиттелген
ұлттық спорт федерацияларына ұсынады;
Тармақша 4
4) допингке қарсы қағидаларға сәйкес допинг-бақылауды жүргізеді;
Тармақша 5
5) допингке қарсы дерекқорға спортшылар және спорттық жарысқа қатысатын жануарлар туралы мәліметтерді енгізеді;
Тармақша 6
6) ерекше жағдай түрінде допингті терапиялық пайдалануға рұқсат береді;
Тармақша 7
7) допингке қарсы қағидаларды бұзды деп айып тағылатын спортшыларға, жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, спорттық медицина жөніндегі мамандарға, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандарға қатысты тергеп-тексеру және тыңдау жүргізеді;
Тармақша 8
8) спорт түрі бойынша аккредиттелген
ұлттық спорт федерациясына, спорт түрі бойынша халықаралық спорт федерациясына, Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымға, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға допингке қарсы қағидалардың ықтимал бұзылуы, қабылданған шешімдер туралы, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтер береді;
Тармақша 9
9) осы Заңның 44-бабы 6-тармағының 1), 4), 6), 7) және
10) тармақшаларында көзделген шараларды жүргізеді;
Тармақша 10
10) осы Заңға және допингке қарсы қағидаларға сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
Бап 44-2. 44-2-бап. Допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін
шаралар
44-2-бап. Допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін
шаралар
Тармақ 1
1. Допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін:
Тармақша 1
1) спортшыны, жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды дисквалификациялау көзделеді.
Спортшыны, жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды дисквалификациялау Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) спортшының спорттық нәтижесін жою және біліктілік ұпайларын немесе балдарын алу;
Тармақша 3
3) жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының, спорттық медицина жөніндегі маманның, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманның жауаптылығы;
Тармақша 4
4) спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы ақшалай қамтылымды төлеуді тоқтату;
Тармақша 5
5) спортшыларды, жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушыларды
спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының немесе Қазақстан Республикасы командаларының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана командаларының құрамынан шығару көзделеді.
Тармақ 2
2. Допинг пайдаланған немесе пайдалануға әрекеттенген жағдайда спорттық нәтиже жойылғаны үшін:
Тармақша 1
1) спорттық атақтан, разрядтан, біліктілік санатынан айыру;
Тармақша 2
2) ақшалай көтермелеуді алған кезде жеке және (немесе) бас жаттықтырушы болмаған бірінші жаттықтырушыларды қоспағанда, спортшылардың және олардың жеке жаттықтырушыларының,
спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының немесе Қазақстан Республикасы командаларының бас жаттықтырушыларының ақшалай көтермелеуді қайтаруы;
Тармақша 3
3) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойғы ай сайынғы материалдық қамтамасыз етуді төлеуді тоқтату;
4) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионымен немесе жүлдегерімен тұрғынжайды пайдалану шартын бұзу көзделеді.
Тарау 9. 9-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖҮЙЕСІ
9-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖҮЙЕСІ
Бап 45. 45-бап. Спортшылардың, жаттықтырушылардың және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық командалары мүшелерінің әлеуметтік қорғалуы
45-бап. Спортшылардың, жаттықтырушылардың және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық командалары мүшелерінің әлеуметтік қорғалуы
Тармақ 1
1. Жергілікті атқарушы органдар, спорт федерациялары, дене шынықтыру-спорт ұйымдары аса көрнекті спортшыларға – "КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық командаларының құрамына кірген немесе кіретін олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне, әлем чемпиондарына, олардың "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" немесе "КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атақтары бар жаттықтырушыларына ай сайын ақшалай үлес төлейді.
Тармақ 2
2. Жергілікті атқарушы органдар, спорт федерациялары, дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайын ақшалай үлес төлейді.
Тармақ 3
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық командаларының мүшелері халықаралық жарыстарда спорттық жарақаттар алған және мертіккен кезде, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің, Халықаралық федерацияның шешімі негізінде неғұрлым жоғары спорттық нәтиже берілген кезде халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін қайта қарау жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдері спорттық жарысты өткізу күні қолданыста болған валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
Бап 46. 46-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
46-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
Тармақ 1
1. Мемлекет ай сайынғы төлемдерді білдіретін өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету түрінде (бұдан әрі – материалдық қамтамасыз ету) спортшылар мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшылардың материалдық қамтамасыз етуді алуға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларды даярлаған жаттықтырушылардың материалдық қамтамасыз етуді алуға құқығы бар.
Бап 47. 47-бап. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны сатып алу тәртібі
47-бап. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны сатып алу тәртібі
Тармақ 1
1. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары немесе жүлдегерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының спортшыларына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай өтеусіз негізде пайдалануға беріледі.
Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары немесе жүлдегерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының спортшылары он жыл өткен соң Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайды өтеусіз негізде меншікке алады.
Тармақ 2
2. Бір Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда бір медальдан көп медаль жеңіп алған адамдарға жергілікті атқарушы органнан бір рет тұрғынжай беріледі.
Тармақ 2-1
2-1. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің шешімі негізінде жүлделі орын берілген кезде олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың қатысушысына осы баптың 1 және 4-тармақтарына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беріледі.
Тармақ 2-2
2-2. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің шешімі негізінде неғұрлым жоғары жүлделі орын берілген кезде олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың жүлдегерлеріне осы баптың 4-тармағына сәйкес және
дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беріледі.
Тармақ 3
3. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін тұрғынжайды жергілікті атқарушы органдар спортшының тұрғылықты жеріне және алған орнына қарай республика қалаларынан береді.
Тармақ 4
4. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін мынадай шарттар белгіленеді:
Тармақша 1
1) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда алтын медаль жеңіп алған чемпионға – үш бөлмелі пәтер;
Тармақша 2
2) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда күміс медаль жеңіп алған жүлдегерге – екі бөлмелі пәтер;
Тармақша 3
3) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда қола медаль жеңіп алған жүлдегерге – бір бөлмелі пәтер.
Тармақ 5
5. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың тұрғынжай берілген чемпионы немесе жүлдегері болып табылатын Қазақстан Республикасының спортшысы қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, тұрғынжайды меншікке өтеусіз алу құқығы допинг сынаманың нәтижесіне және осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімге қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның мұрагерлеріне өтеді.
Тармақ 6
6. Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан – олардың қалауы ескеріле отырып, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал Паралимпиадалық ойындардың тірек-қозғалыс аппараты бұзылған чемпиондары мен жүлдегерлеріне екіншіден жоғары емес қабаттан тұрғынжай беріледі.
Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне ғимараттың типі, абаттандырылу дәрежесі және басқа да тұруға қажетті жағдайлар ескеріле отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы беріледі.
Тармақ 7
7. Жергілікті атқарушы орган Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжайды ресми шешімді немесе хаттаманы алған кезден бастап алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде береді.
Тармақ 8
8. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондарына немесе жүлдегерлеріне тұрғынжай беруді қаржыландыру ресми шешімді немесе хаттаманы алған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Бұл нормалар осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері атағын жеңіп алған адамдарға қолданылмайды.
Бап 48. 48-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен көрсетілетін қызметтер
48-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен көрсетілетін қызметтер
Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшерін дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган белгілейді, олар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және дене шынықтыру-спорт ұйымдары әкімшілігінің шешімдерімен белгіленеді.
Тарау 10. 10-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
10-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бап 49. 49-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздері
49-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздері
Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асыруға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жоғары жетістіктер спорты, оның ішінде спорттың басым түрлері;
2) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
3) бұқаралық спорт;
4) спорттық инфрақұрылымды дамыту.
Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін қаржыландыру балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі мемлекеттік тапсырыс бойынша және мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде айқындалатын көлемде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көздерден жүзеге асырылады.
Бап 49-1. 49-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік
мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) ақылы негізде ұсынуы
49-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік
мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) ақылы негізде ұсынуы
Тармақ 1
1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде өткізуге құқылы.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ақылы түрлеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) халыққа арнаулы спорттық мүкәммалды, спорттық мүкәммалды, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын ұсыну, іс-шаралар, оның ішінде спортшылар, жаттықтырушылар, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандар, ересек тұрғындар арасында спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыру және өткізу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 2
2) спорттық медицина саласында қызметтер көрсету;
Тармақша 3
3) іс-шаралар: спортшылар, жаттықтырушылар, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандар, ересек тұрғындар арасында спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыру және өткізу.
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін кірістер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
Бап 50. 50-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы қайырымдылық және кәсіпкерлік қызмет
50-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы қайырымдылық және кәсіпкерлік қызмет
Тармақ 1
1. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардан басқа, жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, командалардың немесе спорттық іс-шаралардың қайырымдылық жасаушылары бола алады. Қайырымдылық жасаушылар мен дене шынықтыру-спорт ұйымдары, командалар, іс-шараларды ұйымдастырушылар арасындағы қатынастар шарттық негізде белгіленеді. Қайырымдылық жасаушылар спорттық іс-шараларды қаржыландыра отырып, оларды демеушілердің немесе олардың өнімдерінің белгісімен (эмблемасымен) өткізу құқығына ие болады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт ұйымдарына және жекелеген адамдарға қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады, дене шынықтыру-спорт және оған ілеспе тауарларды өндіре алады, дене шынықтыру мен спортты жарнама қызметінде пайдалана алады.
Бап 50-1. 50-1-бап. Бірыңғай оператор
50-1-бап. Бірыңғай оператор
Тармақ 1
1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, корпоративтік қор нысанындағы коммерциялық емес ұйым бірыңғай оператор деп танылады.
Тармақ 2
2. Бірыңғай оператор қайырымдылық көмекті:
Тармақша 1
1) дене шынықтырумен айналысатын жеке тұлғаларды, спортшыларды, ұжымдарды (спорт командаларын) әлеуметтік қолдау түрінде;
Тармақша 2
2) демеушілік көмек түрінде;
Тармақша 3
3) дене шынықтыру-спорт ұйымдарына, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына, дене шынықтыру және спорт саласында зерттеуді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарға, спорттық медицина ұйымдарына олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатында бөледі.
Тармақ 3
3. Бірыңғай оператордың қайырымдылық көмек көрсетудегі негізгі басымдықтары:
Тармақша 1
1)
жоғары жетістіктер спортын дамыту;
Тармақша 2
2)
жоғары жетістіктер спортын, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының өзіндік ерекшелігін ескере отырып, дене шынықтыруды, барлық спорт түрін дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) әлеуметтік салада, оның ішінде спорттық инфрақұрылымды дамыту үшін көмек көрсету;
Тармақша 5
5) бірыңғай оператордың қызметіне байланысты ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар;
Тармақша 6
6) дене шынықтыру және спорт саласындағы имидждік жобаларды іске асыру болып табылады.
Тармақ 4
4. Мыналар:
Тармақша 1
1) өтініш берушіні заңды тұлға ретінде тіркеу;
Тармақша 2
2) салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің болмауы;
Тармақша 3
3) демеушілік және (немесе) қайырымдылық көмек көрсету шеңберінде бөлінген қаражатты бөлуді қоса алғанда, кемінде сегіз жыл дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған қаражатты бөлу тәжірибесінің болуы;
Тармақша 4
4) бірыңғай операторды айқындау кезінде заңды тұлға банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауға тиіс, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының резиденттігі бірыңғай операторды айқындау өлшемшарттары болып табылады.
Тармақ 5
5. Мыналар:
Тармақша 1
1) құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсімдер;
Тармақша 2
2) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
Тармақша 3
3) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақы (мүдде);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған басқа да түсімдер бірыңғай оператордың мүлкін қалыптастыру көздері болып табылады.
Тармақ 6
6. Бірыңғай оператор дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын:
Тармақша 1
1) пайдаланушыларға қайырымдылық көмекті бөлу бойынша қайырымдылық жасаушының ерік-қалауын сақтау;
Тармақша 2
2) қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі;
Тармақша 3
3) қайырымдылық көмек шеңберінде бөлінген қаражаттың нысаналы жұмсалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қайырымдылық көмектің оң әсер етуі қағидаттары негізінде бөледі.
Тармақ 7
7. Қайырымдылық көмекті алушылар бірыңғай операторға бюджеттен тыс ақша қаражатын нысаналы пайдалану туралы есептілікті тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық негізде ұсынады, оны бірыңғай оператордың жоғары басқару органы немесе алқалы органы бекітеді.
Тармақ 8
8. Бірыңғай оператор қайырымдылық жасаушы бекітетін алушылар ұсынған есептілік негізінде қайырымдылық көмекті пайдалану жөніндегі ақпаратты қайырымдылық жасаушы белгілеген мерзімдерде оған ұсынады.
Тармақ 9
9. Бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілікке жыл сайынғы аудитті жүргізуге міндетті.
Бап 51. 51-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары
51-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары
Тармақ 1
1. Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасын әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне жататын дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының барлық түрлері құрайды.
Тармақ 2
2. Спорт ғимараттары мемлекеттік және (немесе) жеке меншікте болуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Аумақтарды дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарымен қамтамасыз ету қажеттілігін
айқындауды, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын орналастыруды жергілікті атқарушы органдар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекет меншігіндегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын оларға тең дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттарды құрмай тұрып жоюға, олардың нысаналы және функционалдық мақсатын өзгертуге жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Меншігінде немесе иелігінде спорт ғимараттары бар адамдар техникалық регламенттер, стандарттар талаптарына, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары белгілеген нормаларға, қағидалар мен талаптарға, санитариялық қағидаларға сәйкес спорттық іс-шаралар өткізілетін орындарды тиісінше техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді.
Бап 52. 52-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі
52-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі
Тармақ 1
1. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға арналған ақпараттық жүйені білдіреді.
Тармақ 2
2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары тізілімге енгізілуге жатады.
Тармақ 3
3. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі мынадай міндетті мәліметтерді:
Тармақша 1
1) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының толық атауын;
Тармақша 2
2) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының мекенжайын (тұрған жерін);
Тармақша 3
3) меншігінде дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимараты бар меншік иесі туралы мәліметтерді;
Тармақша 4
4) пайдалануға беру, реконструкциялаудың, күрделі жөндеудің аяқталған күнін;
Тармақша 5
5) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының функционалдық мақсатын;
Тармақша 6
6) біржолғы қабылдау қабілетін;
Тармақша 7
7) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимараты орналасқан жер учаскесінің алаңын;
Тармақша 8
8) ғимараттарда қызмет көрсетуші персоналға арналған орындардың бар немесе жоқ екендігін;
Тармақша 9
9) медициналық қызмет көрсетуге және допинг-бақылау жүргізуге арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың бар немесе жоқ екендігін;
Тармақша 10
10) көрермендерге арналған орындардың санын қамтиды.
Тарау 11. 11-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
11-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Бап 53. 53-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастық
53-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Тармақ 1
1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық дене шынықтыру-спорт ұйымдары, сондай-ақ халықаралық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктері құрылуы мүмкін. Ұлттық дене шынықтыру-спорт ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз қызметін жүзеге асыруға шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды тартуға, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан, шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша қаражатына және өзге де мүлікке өз бетінше иелік етуге құқылы.
Бап 54. 54-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында ерікті негізде жұмыс жүргізетін ұйымдастырушылар (спорт еріктілері)
54-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында ерікті негізде жұмыс жүргізетін ұйымдастырушылар (спорт еріктілері)
Тармақ 1
1. Спорт түрлері және өндірістік гимнастика бойынша жаттықтырушылар, нұсқаушылар, спорт төрешілері, халықпен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысын ұйымдастырушылар (спорт еріктілері) ерікті негізде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қоғамдық қызметті жүзеге асыра алады, дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан және аттестаттаудан өте алады.
Тармақ 2
2. Тиісті даярлықтан және аттестаттаудан өтпеген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға спорт сабақтарын ұйымдастыру мен өткізуге, спорттық жарыстарға төрешілік етуге және өз бетінше өзге де спорттық қызметпен айналысуға жол берілмейді.
Бап 55. 55-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтары
55-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтары
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, халықаралық спорттық жарыстарда спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының
ұлттық командалары құрамында өнер көрсету құқығын қоспағанда, осы Заңда көзделген көлемде дене шынықтырумен және спортпен айналысу құқықтарын пайдаланады.
Тарау 12. 12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 56. 56-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік бақылау
56-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік бақылау
Бап 57. 57-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
57-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 58. 58-бап. Өтпелі ережелер
58-бап. Өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Спорт федерациялары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өздерінің қызметін осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруі тиіс.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 41-бабында көрсетілген жаттықтырушылар мен спорт төрешілері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде аттестатталуға жатады.
Бап 59. 59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 84-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат) күші жойылды деп танылсын.