Об образовании села Рахат
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об образовании села Рахат
- Атауы (қаз.)
- Рахат ауылын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 30.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2014 81160_125827.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14M0002465
- ЭКБ идентификаторы
- 81160
- Редакция идентификаторы
- 81160_125827
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:31
0 Рахат ауылын құру туралы
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихатының және Жаңаөзен қаласының әкімдігінің пікірін ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жаңаөзен қаласының маңындағы, әкімшілік шекарасы шегінде, кемінде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа да қоғамдық қызметі нәтижесінде қалыптасқан, халқы жинақы орналасқан аумағы бөлігінен, қоса беріліп отырған сызбалық картаға сәйкес, Рахат дербес елді мекені құрылсын және ол «ауыл» санатына жатқызылсын.
2
2. «Жаңаөзен қаласының Рахат кентін құру туралы» Маңғыстау облысының әкімдігінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 306 қаулысы мен Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/81 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2196 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2013 жылғы 19 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.