О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 шілдедегі
№ 769 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Тармақ 1
1. «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім беру грантын беру тәртібінде:
5-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-5. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 65 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін кемінде 70 балл, ал «Білім», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша кемінде 60 балл, оның ішінде бейінді пәннен бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндерден кемінде 4 балл жинау қажет.».
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.