О создании государственного учреждения "Кинологический центр" Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің "Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 395 Жарлығына және "Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қарашадағы N 1746 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің "Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кинологиялық орталық) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Кинологиялық орталықтың жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Кинологиялық орталықты қаржыландыру 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Кеден постыларының құрылысын салу, кеден органдарының инфрақұрылымдары" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2002 жылдан бастап республикалық бюджеттің тиісті бағдарламасы бойынша Кинологиялық орталықты ұстауға арналған шығыстарды көздесін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Тармаққа күші жойды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен .
Тармақша 2
2) Тармаққа күші жойды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен .
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.