Об утверждении Правил ведения племенной книги Қолданыста
Басқа 0
Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы А.Қ. Евниевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 6 маусымдағы
№ 3-2/288 бұйрығымен
бекітілген
Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымдық кітап (бұдан әрі – АТК) жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. АТК осы Қағидаларға 1-қосымшаға асыл тұқымдық кітап жүргізілетін жануарлардың тұқымдарының тізіміне енгізілген жануарлар тұқымдары бойынша жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Асыл тұқымды мал тұқымдары бойынша АТК-ны республикалық палаталар (бұдан әрі – Палата) жүргізеді және басып шығарады.
Тарау 2. 2. АТК енгізуге жататын малдардың деректері
2. АТК енгізуге жататын малдардың деректері
Тармақ 4
4. АТК асыл тұқымды малдардың карточкаларынан мынадай мәліметтер енгізіледі:
Тармақша 1
1) ірі қара мал бойынша:
сүтті және етті-сүтті тұқымдар бойынша:
малдардың тіркеу нөмірі, шығу тегі мен тұқымдылығы;
шоқтық биіктігін, кеудесінің тереңдігін, шаршылама ұзындығын (өлшейтін таяқпен), сирақ орамын өлшеу нәтижелері;
балдық бағалау (индекстік бағалау);
тірі салмағы (сүттік өнімділігі бойынша сиырды бағалаудағы сүт алу мәліметін енгізеді);
бақылау сауылымының нәтижесі: әр сиырдың сүтіндегі май және ақуыз пайызы;
сиырлардың шағылыстырылуын және қолдан ұрықтандырылуын, суалтылуын және төлдеуін есептеу;
бұзаудың жеке нөмірі, бұзауды туғаннан кейін бір тәуліктегі салмағының нәтижесі, төлдерді өсіру журналындағы бұзаудың шығу тегі мен жетілуі туралы деректер;
асыл тұқымды бұқаларды, сиырларды пайдаланудың және олардың төлдерінің сапасының жеке есебі;
етті тұқым бойынша:
малдардың тіркеу нөмірі, шығу тегі мен тұқымдылығы;
балдық бағалау (индекстік бағалау);
жасын көрсетіп соңғы ең жоғарғы көрсеткіші бойынша тірі салмағы бойынша;
шоқтық биіктігін, кеудесінің тереңдігін, шаршылама ұзындығын (өлшейтін таяқпен), сирақ орамын өлшеу нәтижелері;
суалу жылы мен бұзау жынысын көрсетіп төл туралы;
асыл тұқымды бұқаларды, сиырларды пайдаланудың және олардың төлдерінің сапасының жеке есебі;
Тармақша 2
2) қойлар бойынша:
малдардың тіркеу нөмірі, шығу тегі мен тұқымдылығы;
жүн түсімінің көрсеткіші, таза жүннің ұзындығы, жіңішкелігі мен біркелкілігі саны, елтірі сапасын;
тірі салмағы бойынша қошқарлар мен қойлардың мінездемесі;
қойларды шағылыстыру мен олардың төлдеуін есепке алу;
төлдер мен лақтарды есепке алу;
қошқарлар мен текелерді, аналықтарды тұқымдық пайдалану және олардың төлдерінің сапасын есепке алу;
Тармақша 3
3) шошқалар бойынша:
еркек шошқаларға:
малдың лақап аты, жеке нөмірі, тұқымы, күні мен туған жері, шығу тегі;
еркек шошқаны бағалау: жасы; тірі салмағы, балл; кеуде ұзындығы, балл; өмірсүру кезіндегі қыртыс майының қалындығы (факт, сантиметрмен).
еркек шошқалар тұқымдарын бордақылау сапасы: балл, орташа балл, жиынтық классы, класс шифры.
аналық шошқаларға:
малдың лақап аты, жеке нөмірі, тұқымы, күні мен туған жері, шығу тегі;
тұқымдарын бордақылау сапасы: ортатәуліктік өсімі; 1 кг өсіміне азық шығыны (азықтық бірліктің);
аналық шошқаның өнімділігі: торайлаудың реттік нөмірі; торайлар туылды (барлығы; оның ішінде тірілері); туған кезіндегі салмағы (тірі торайлардың барлығы);
аналық шошқалардың сырт тұлғасы мен түзілісін бағалау (емшек саны);
аналық шошқаларды класстық бағалау (өнімділгіне, дамуына, сырт тұлғасына бағалау);
Тармақша 4
4) жылқылар бойынша:
лақап аты, жеке нөмірі мен шығу тегі;
түсі, туған жылы;
айғырлар мен биелердің салмағы және өлшемдері;
айғырлар мен биелерді тұқымдық пайдалану және олардың төлдерінің сапасын есепке алу;
Тармақша 5
5) түйелер бойынша:
жеке нөмірі мен шығу тегі;
аталық және аналық түйелердің тірі салмағы мен өлшемдері;
аталық пен аналық түйелерді тұқымдық пайдалану және олардың төлдерінің сапасын есепке алу;
сауылым кезіндегі үшінші және төртінші айындағы аналық түйенің сауын сүті;
түйелердің жүнің қырқуды есепке алу;
Тармақша 6
6) маралдар (бұғылар) бойынша:
жеке нөмірі мен шығу тегі;
тірі салмағы, өлшемі;
сырт тұлғасы мен түзілісі;
мүйізін алуды жеке есепке алу;
аталық маралдарды өнімділікте қолдану және аналық маралдарды (бұғыларды) тұқымдық пайдалану;
аталық пен аналық маралдарды тұқымдық пайдалану және олардың төлдерінің сапасын есепке алу.
Тарау 3. 3. АТК жүргізу тәртібі
3. АТК жүргізу тәртібі
Тармақ 5
5. АТК енгізу үшін малдарды таңдау мал иесімен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. АТК-қа ірі қара мал бойынша асыл тұқымды мақсатта пайдалануға арналған, дені сау, сырт тұлғасы жақсы, түзілісі мықты болып келетін таза тұқымды малдар туралы деректер енгізіліп, келесі талаптарға сай келетіндер жазылады:
Тармақша 1
1) сүтті тұқымдар және сүтті-етті тұқымдар бойынша:
ұрығының сапасы тексерілген, сондай-ақ ұрпағының сапасы бойынша бағаланған және тұқымды жақсартушы болып табылатын, шешесі мен әкесі жағынан арғы тегінің кем дегенде үш қатары бойынша мәліметтері бар бірінші санаттағы тұқымдық бұқалар;
индекстік бағасы бойынша 100-ден төмен емес, шешесі мен әкесі жағынан арғы тегінің кем дегенде үш қатары бойынша деректері бар бірінші сауын маусымы аяқталған сиырлар;
Тармақша 2
2) етті тұқымдар бойынша:
еті жақсы дамыған және ата-тегі үш қатарынан кем емес бойынша шығу тегі туралы мәліметтер болған кездегі өзінің өнімділігі бойынша бағаланған тұқымдық бұқалар,
кешенді белгілері бойынша 1-ші классқа белгілеген талаптардан төмен емес, еті жақсы дамыған бір қатарынан кем емес бойынша шығу тегі туралы мәліметтер болған кездегі сиырлар.
Тармақ 7
7. АТК-қа қойлар бойынша таза тұқымды, дені сау, түзілісі мықты және сырт тұлғасы жақсы қалыптасқан, әкесі үшін элита класынан кем емес және анасы үшін І класстан кем емес, бағалау бойынша элита класына жатқызылған және төлі бар, сонымен бірге екі жылдан кем емес жасы бар және сырт келбеті жақсы қошқарлар мен қойлар туралы мәліметтер енгізіледі.
Тармақ 8
8. Бір немесе екі көрсеткіші бойынша осы Қағиданың 4-тармақ 2) тармақшасында және 7-тармағында көрсетілген талаптарға сай келмеген жағдайда етті немесе сүтті өнімділігі дамыған биязы жүнді, жартылай биязы жүнді және майланған-етті асыл тұқымды қойлар туралы мәліметті АТК енгізеді.
Тармақ 9
9. АТК-қа шошқалар бойынша таза тұқымды, дені сау, түзілісі мықты және сырт тұлғасы жақсы шошқалар, ата-тегі төрт қатарынан кем емес шығу тегі туралы мәлімет болған жағдайда, сонымен бірге келесі талаптарға сай келетіндер жазылады:
жалпы бағалау бойынша элита класының талаптарын қанағаттандыратын 16 (он алты) айдан жас емес қабандар;
жалпы бағалаумен салыстырғанда 1-ші класстан кем емес бірінші торайлаудан кейінгі аналық шошқалар.
Тармақ 10
10. АТК-қа жылқылар бойынша жасы кем дегенде үш жастағы, бағалау барысында элита және 1-ші классқа жатқызылған асыл тұқымдық мақсатта пайдаланылатын жылқылар, сонымен бірге тұқыммен жұмыс істеуге арналған асыл тұқымдық құндылығы бар екінші класстағы таза тұқымды биелер туралы айғырлар мен биелер туралы деректер жазылады.
Тармақ 11
11. АТК-қа түйелер бойынша жасы кем дегенде үш жастағы, бағалау барысында элита және 1-ші классқа жатқызылған асыл тұқымдық мақсатта пайдаланылатын буралар мен аналық түйелер, сонымен бірге тұқыммен жұмыс істеуге арналған асыл тұқымдық құндылығы бар екінші класстағы таза тұқымды аналық түйелер туралы деректер жазылады.
Тармақ 12
12. АТК-қа маралдар мен бұғылар бойынша жасы үш жастағы және одан жоғары аталықтар; бағалау барысында элита және 1-ші классқа жатқызылған және асыл тұқымдық мақсаттар үшін пайдаланылатын мүйзді маралдар мен мүйізді теңбіл бұғылар туралы деректер жазылады.
Тармақ 13
13. АТК енгізу үшін асыл тұқымды малдарды іріктеу нәтижелері бойынша мал иесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АТК енгізуге арналған малдар тізбесін жасайды.
Асыл тұқымды малдың иесі асыл тұқымды малдардың тізбесін Палатаға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен бірге жолдайды.
Тармақ 14
14. Палата өтінім мен малдардың тізбесін алғаннан кейін, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасындағы деректер (бұдан әрі – АТЖ) бойынша малдардың шығу тегін, тұқымдық пайдаланылуын және өнімділігі бойынша деректерді тексереді.
Палатаның маманы ұсынылған малдардың бар болуын және олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін өтініш пен малдардың тізбесін берген шаруашылыққа барып келеді.
Тармақ 15
15. Шығу тегі, асыл тұқымдық пайдалану мен малдардың өнімділік көрсеткіштері бойынша деректер осы Қағидаларда белгіленген көрсеткіштерге сәйкес келсе, Палата ұсынылған малдар бойынша АТК жазу (жазбау) туралы шешім қабылдау үшін Палата кеңесінің отырысына тапсырылған өтініш пен малдардың тізбесі негізінде асыл тұқымды малдардың тізбесін дайындайды.
Тармақ 16
16. АТК-ға асыл тұқымды малдар туралы деректерді енгізу Палата кеңесінің шешімімен ресімделеді.
Тармақ 17
17. Палата кеңесінің шешімдерінде малдардың тұқымы, лақап аты, жеке номері, Палатаның тіркеу номері, маркасы және АТК бойынша берілген нөмірі, жасы мен кешендік класстары (бағалық көрсеткіштері) көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Малды АТК-на жазған күні, шешім нөмірі, тұқым маркасы мен АТК нөмірін АТЖ-дегі асыл тұқымды малдардың карточкасына тіркейді.
Тармақ 19
19. АТК бойынша малдың нөмірі үш белгіден тұрады (жылқылар туралы деректерден басқасы):
Тармақша 1
1) бірінші белгі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес асыл тұқымдық кітапқа асыл тұқымды жануарлар туралы деректерді енгізу кезінде облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға берілген марканы білдіретін бір әріптен тұрады;
Тармақша 2
2) екінші белгі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұқымдарға берілген марканы білдіретін бір, екі, үш немесе төрт әріптен тұрады;
Тармақша 3
3) үшінші белгі АТК бойынша берілген жануардың реттік нөмірін білдіретін бірден беске дейінгі цифрдан тұрады.
Жылқылар туралы деректерде нөмірлегенде бірінші және екінші белгілер қойылмайды.
Жануарларды нөмірлеу тұқымдар бойынша таза тұқымдар мен аралас тұқымдар үшін бөлек жүргізіледі.
Бір тұқым шегінде тұқымдық жануарлар мен ұрғашы жануарларды нөмірлеу бөлек жүзеге асырылады. АТК-да еркек шошқалар туралы деректер тақ сандармен, ал мегежіндер туралы деректер жұп сандармен нөмірленеді.
Тармақ 20
20. Палаталар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректері АТК енгізілген асыл тұқымды малдардың тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 3-3/397 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11269 болып тіркелген) мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысанына сәйкес № 1 (аталық) және № 2 (аналық) нысандағы карточкалардан тұратын картотека жүргізеді.
Тізілім асыл тұқымды малдардың әр тұқымы бойынша бөлек жүргізіледі.
Картотекаға деректері АТК енгізілген жануарлардың асыл тұқымдық пайдаланылуы және өнімділігі туралы деректер жыл сайын енгізіледі.
Тармақ 21
21. Мәліметтері АТК енгізілген жануарлар олардың туған немесе АТК енгізу жөнінде соңғы иесі өтінім берген шаруашылықтан шыққан кезде АТК шығармайды, АТЖ базасындағы олардың асыл тұқымдық карточкаларында және Тізілімде олардың орын ауыстыруы туралы белгі қояды.
Мәліметтері АТК енгізілген жануарлар басқа облысқа келгенде, оларды тиісті тұқымның Тізіліменде тіркейді.
Тармақ 22
22. Малдарды АТК-на жазу туралы шешімді малдардың иесіне қабылданғаннан соң күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешікпей жіберіледі.
Тармақ 23
23. Асыл тұқымды мал өлген немесе қатардан шығып қалған жағдайда иелері өтінімді және АТК енгізілген және сою (өлу) себебі бойынша шығарылған малдардың тізбесін Палатаға осы Қағидаларға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ұсына отырып хабарлайды.
Тармақ 24
24. Палаталар тұқымдардың (типтердің, желілердің) авторларын және ауыл шаруашылығы профиліндегі салалық ғылыми-зерттеу ұйымдардың ғылыми қызметкерлерін олармен келісім бойынша жұмылдыра отырып, АТК басып шығаруға материалдарды дайындауды және құрастыруды жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. АТК материалдардың жиналуы бойынша басылады. АТК енгізуге дайындалған және әрі қарай басылымға жіберілетін құжаттар, басылым алдында асыл тұқымды малдың тұқымдары бойынша Палата кеңесінде талқыланады.
Тармақ 26
26. АТК осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес АТК жариялауға арналған асыл тұқымды жануарлардың түрлері бойынша минималды мәліметтер тізімі енгізіледі.
Тармақ 27
27. АТК-ның басылатын томдарындағы малдар туралы мәліметтер АТК нөмірінің өсуі, тұқымдары және желілері бойынша орнастырылады. Будандық малдар туралы деректер дербес бөлімде басылады.
АТК әрбір томында тұқыммен жүргізілетін жұмыстың жағдайы сипатталатын шолу материалдары, осы томда жазылған малдардың сапасы, малдардың өнімділігі, тұқымды өсіру аймағының табиғи-экономикалық жағдайы, табынды құру аймағы, көбейтудің экономикалық тиімділігі және селекциялық материалдардың сипаттамалары мен әрі қарай жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.
Басқа 1. Асыл тұқымдық кітап жүргізілетін жануарлардың тұқымдарының тізімі
Асыл тұқымдық кітап
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Асыл тұқымдық кітап жүргізілетін жануарлардың тұқымдарының тізімі
№ п/п
Жануарлартүрлері мен тұқымдарының атауы
Тұқымдарға берілген белгі
Ірі қара мал*
1.
Қоңыр
ҚҢ (БР)
2.
Қызыл
ҚЗ (КР)
3.
Сары-ала
СА (ПП)
4.
Қара-ала
ҚА (ЧП)
5.
Ангус
АН
6.
Аулиекөл
АК
7.
Галовей
ГЛ
8.
Герефорд
ГФ
9.
Қазақтың ақ бас
ҚАБ (КБ)
10.
Қалмақ
ҚЛ (КЦ)
11.
Санта-Гертруда
СГ
12.
Лимузин
Л
13.
Обрак
О
14.
Шароле
Ш
Қойлар
15.
Ақжайық етті-жүнді қойы
АҚЕЖ (АКМШ)
16.
Құйрықты елтірілі-етті-майлы Атырау қойы
АЕМ (АСК)
17.
Дегерес етті-жүнді қойы
ДЕЖ (ДМШ)
18.
Қазақ арқармериносы
ҚА (АК)
19.
Қазақтың биязылау жүнді қойы
ҚБЖ (КП)
20.
Қазақтың биязы жүнді кроссбредті қойы
ҚБК (КПП)
21.
Қазақтың құйрықты ұяң жүнді қойы
ҚҰЖ (КПГ)
22.
Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы
ҚҚЖ (КГ)
23.
Қазақтың биязы жүнді қойы
ҚБЫ (КТ)
24.
Қазақтың етті-жүнді қойы
ҚЕЖ (МШК)
25.
Қаракөл қойы
ҚР (КР)
26.
Сарыарқа құйрықты ұяң жүнді қойы
СҮЖ (СКГ)
27.
Солтүстік қазақ мериносы
СҚМ (СКМ)
28.
Сығай қойы
СҒ
29.
Еділбай
ЕД (ЭД)
30.
Етті меринос
ЕМ
31.
Оңтүстік қазақ мериносы
ОҚМ (ЮКМ)
32.
Ордабасы қойы
ОБ
Шошқалар
33.
Ақсайлық қара-ала
АҚ (АК)
34.
Дюрок
ДР
35.
Ірі ақ
ІА (КБ)
36.
Ландрас
ЛН
37.
Жетісулық
ЖС (СР)
38.
Неміс асыл тектісі
НМ (НБ)
Жылқылар
39.
Қостанай
40.
Мұғалжар
41.
Көшім
42.
Қазақ жылқысының жабы тұрпаты
43.
Адай
44.
Қазақ жылқысының қабы тұрпаты
Түйелер
45.
Қазақ бактрианы
ҚБ (КБ)
46.
Аруана
АР
47.
Мүйізді бұғылар
48.
Маралдар
49.
Теңбіл бұғылар
Ескертпе:
*Асыл тұқымды малдардың сүтті және етті-сүтті тұқымдардын мынадай:
- англерлік, қырдың қызылы, латыштың қоңыры, данияның қызылы, эстонияның қызылы, литваның қызыл малдарын қызыл тұқымды топқа;
- қара-ала, әулиеата, литваның қара-ала, эстонияның қара-ала, голландия, голштинский, немістің қара-ала, данияның қара-ала, шведттің қара-ала, холмогор малдарын қара-ала тұқымды топқа;
- алатау және швицкий малдарын қоңыр тұқымды топқа;
- айршир, симментал малдарын сары-ала тұқымды топтарға жатқызады.
Басқа 2. ______________________ тұқымын асыл тұқымдық кітапқа
енгізуге арналған малдар
Тізімі
Асыл тұқымдық кітап
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
______________________ тұқымын асыл тұқымдық кітапқа
енгізуге арналған малдар
Тізімі
№ р/с
Мал жынысы
Малдың сәйкестендіру №
Малдың тіркеу №
Малдың туған жылы
Малдың түсі
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_____________________________________
Күні________________ ______________
(қолы)
Мөр орны
Басқа 3. Өтінім
Асыл тұқымдық кітап
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
_____________________________________________________________________
(Республикалық палата)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғалардың толық атауы)
Өтінім
____________________________________________________ мал тұқымы бойынша
(тұқым атауы)
асыл тұқымдық кітапқа жазуды сұраймыз.
Менің малдарымның саны: __________________________________________ бас.
(жазбаша)
Асыл тұқымдық кітапқа енгізуге арналған малдар тізімі __________ бетте.
(жазбаша)
Мекен-жайы:____________________________________________________________
(қаласы, ауданы, облысы)
_______________________________________________________________________
(көшесі, үйі)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)____________________________________
Күні________________ ______________
(қолы)
Мөр орны
Басқа 4. Асыл тұқымдық кітапқа асыл тұқымды жануарлар туралы деректерді енгізу кезінде облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға берілген маркалар
Асыл тұқымдық
кітапты жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Асыл тұқымдық кітапқа асыл тұқымды жануарлар туралы деректерді енгізу кезінде облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға берілген маркалар
№
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атауы
Облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға берілген марка
1.
Алматы қаласы
A
2.
Астана қаласы
Z
3.
Шымкент қаласы
Y
4.
Абай облысы
U
5.
Ақмола облысы
C
6.
Ақтөбе облысы
D
7.
Алматы облысы
B
8.
Атырау облысы
E
9.
Батыс Қазақстан облысы
L
10.
Жамбыл облысы
H
11.
Жетісу облысы
V
12.
Қарағанды облысы
M
13.
Қостанай облысы
P
14.
Қызылорда облысы
N
15.
Маңғыстау облысы
R
16.
Павлодар облысы
S
17.
Солтүстік Қазақстан облысы
T
18.
Түркістан облысы
X
19.
Ұлытау облысы
K
20.
Шығыс Қазақстан облысы
F
Басқа 5. ______________________ тұқымы бойынша мәліметтері
асыл тұқымдық кітапқа енгізілген асыл тұқымды малдардың
Тізілімі
Асыл тұқымдық кітап
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
______________________ тұқымы бойынша мәліметтері
асыл тұқымдық кітапқа енгізілген асыл тұқымды малдардың
Тізілімі
№ р/с
Мал жынысы
Малдың сәйкестендіру №
Малдың туған жылы
Малды асыл тұқымды кітапқа жазған күні
Асыл тұқымды кітап томының №
Асыл тұқымды кітап бойынша берілген №
Зауытшы (малдың туған жері)
Асыл тұқымдық кітапқа жазу кезіндегі малдың иесі
Басқа 6. Өтінім
Асыл тұқымдық кітап
жүргізу қағидаларына
6-қосымша
_____________________________________________________________________
(Республикалық палата)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғалардың толық атауы)
Өтінім
Асыл тұқымдылар кітабында жазылған_____________________________________
(тұқым атауы)
мал тұқымы бойынша __________________________ бас асыл тұқымды малдарды
(жазбаша)
союға (өліміне) байланысты шағырылғанын белгілеуді сұраймыз.
Асыл тұқымдық кітапқа енгізілген және сою (өлу) себебі бойынша
шығарылған малдардың тізімі ____________________________________ бетте.
(жазбаша)
Мекен-жайы:____________________________________________________________
(қаласы, ауданы, облысы)
_______________________________________________________________________
(көшесі, үйі)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)____________________________________
Күні________________ ______________
(қолы)
Мөр орны
Басқа 7. _____________________ тұқымы бойынша асыл тұқымдық кітапқаенгізілген
және сою (өлу) себебі бойынша шығарылған малдардың тізімі
Асыл тұқымдық кітап
жүргізу қағидаларына
7-қосымша
Нысан
_____________________ тұқымы бойынша асыл тұқымдық кітапқаенгізілген
және сою (өлу) себебі бойынша шығарылған малдардың тізімі
№ р/с
Асыл тұқымдық кітап томының №
Асыл тұқымды кітап бойынша берілген №
Малдың тіркеу №
Малдың шығарылу күні
Малды шығару себебі
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_________________________________
Күні________________ ______________
(қолы)
Мөр орны
Басқа 8. Асыл тұқымды кітапта жариялауға арналған асыл тұқымды жануарлардың түрлері бойынша минималды мәліметтер тізімі
Асыл тұқымдық кітап
жүргізу қағидаларына
8-қосымша
Асыл тұқымды кітапта жариялауға арналған асыл тұқымды жануарлардың түрлері бойынша минималды мәліметтер тізімі
№ р/с
Жануардың/ жануарлардың түрі/түрлері
Мәліметтер
1
Ірі қара мал
Малдың иесі (облыстың, аймақтың, шаруашылықтың атауы көрсетіледі), лақап аты мен түгендеме нөмірі, АТК- нөмірі мен белгісі, түсі, туған жері мен күні,АТК-на жазылған күні, тірі салмағы, сыртқы тұлғасының балдық бағалауы, индекстік бағасы, сиырлардың өнімділігі: шот бойынша сүттенуі, сауылым күндерінің саны, сауымы, сүттегі май мен белоктың пайызы және барлық сауын маусымы бойынша килограммен есептегенде сүт майының мөлшері. Шығу тегі- егер арғы тегі АТК-на жазылған болса, әкесі жағынан екі қатар ал шешеші жағынан бір қатар бойынша арғы тегі көрсетіледі; Егер малдың арғы тегі АТК-на жазылмаған болса, бұқаларда әкесі жағынан үш катар және шешесі жағынан екі қатар арғы тегі көрсетіледі, сиырларда әкесі және шешесі жағынан екі қатар бойынша арғы тегі көрсетіледі. Әрбір арғы тегі бойынша жалған атауы және малдың түгендеме нөмірі, АТК-н нөмірі мен белгісі, кешенді сыныбы көрсетіледі, ал ұрғашы малдарда одан басқа сүт өнімділігі туралы мәліметтер көрсетіледі: сүттеу жылы, есеп бойынша сүттеуі, сауым күндерінің саны, 300 күндік сауымы, сүттегі майдың орташа мөлшері мен килограммен есептегендегі сүттегі майдың мөлшері. Шешелерінде сүт өнімділігі туралы деректер әрбір сауын маусымы бойынша беріледі, ал шешесінің шешелерінде ең жоғары және барлық сауын маусымы бойынша орта есеппен сүт өнімділігі туралы деректер беріледі.
2
Қойлар
Мал иесі шаруашылығының атауы, малдың өзіне тән нөмірі, АТК-н белгісі мен нөмірі, тұған жылы және қаншасының ішінде туғаны, өнімділігі: ең жоғары жүн түсімі және ешкі түбітінің таза талшық және табиғи түріндегі түсімі, тірі салмағы. Малдың тұрпаты.
Жүннің сипаттамасы: тығыздығы (салмағы), ұзындығы, сапасы ретіндегі жіңішкелігі, құйрықты қойлар үшін класстығы, жіңішкелігі бойынша біркелкілігі, шайыры, биязы жүнді қошқарлар үшін жуылатын аймағы мен матаның былғануы. Фенотипі бойынша бағалау: тік бұрыш жүйесі бойынша сыртқы тұлғасы, жалпы бағасы (нөлден), құйрықты қойлар үшін түсі, құйрықтың формасы және көлемі. Қаракөл мен атырау тұқымы бойынша түсі, реңі, өңі, елтірі типі, бұйрасының мөлшері, тірі салмағы, қозы жасында өткізген бағалауда берілген сыныбы көрсетіледі. Шығу тегі: егер арғы тегіАТК-на жазылған болса, бірқатар арғы тегі көрсетіледі; ал егер арғы тегі туралы мәліметтер алғаш жарияланса екі қатар арғы тегі көрсетіледі. Арғы тегі туралы деректер АТК-на жазылған мал туралы берілетін деректерге сәйкес беріледі.
3
Шошқалар
Лақап аты мен малдың құлағындағы нөмірі, АТК нөмірі мен белгісі, малдың иесі, туған жері мен күні, АТК-на жазылған күні, шифр бойынша дамуы және өнімділігі. Қабандарда – 1) айлық жасы, 2) тірі салмағы, 3) дененің ұзындығы, 4) кеуденің орамы, 5) оң және сол жақ емшектерінің саны, 6) тұлғасы үшін берілген балдың сомасы, 7) төлдің төрт айындағы тірі салмағы, 8) алғашқы төлдеген мегежіндердің ұрғашы ұрпағының төлдегіштігі, 9) алғашқы төлдеген мегежіндердің ұрғашы ұрпағының сүттілігі, 10) мегежіндердің ұрғашы ұрпағының төлдегіштігі, 11) мегежіндердің ұрғашы ұрпағының сүттілігі, 12) төлдерінің бақылау бордақылану кезіндегі орташа тәулікте қосылған салмағы, 13) төлдердің азық ақысын ақтауы, 14) 6-7 омыртқа үстіндегі қыртыс майдың қалыңдығы, 15 ) жиынтық сыныбы.
Мегежіндерде – біріншіден алтыншы тарауға дейін қабандармен сәйкес, ал әрі қарай – 7) төлдеунің саны, 8) өсімталдығы, 9) торайдың туған кезіндегі салмағы, 10) 21-ші күні аналық ұяның тірі салмағы бойынша сүттілігі, 11) екі айлық торайдың орташа салмағы, 12-15-тармақтар қабандардікі сияқты. Егер олар АТК -на бұрын жазылған болса шығу тегін бірқатар арғы тегі бойынша көрсетіледі. Бұл жағдайда әрбір арғы тегі бойынша жиынтық сыныбы, жалғанатауы, АТК нөмірі мен белгісі көрсетіледі (құлағындағы нөмірмен) және жиынтық сыныбы; егер, арғы тегі туралы мәліметтері алғашқы реет жарияланса, шығу тегі үш қатар арғы тегі бойынша көрсетіледі.
Бұл малдарға ата тегінің алғашқы екі қатарында шифр бойынша дамуы туралы мәліметтер көрсетіледі. Қабандарда – 1) айлық жасы, 2) тірі салмағы, 3) дене ұзындығы, 4) кеуде орамы, 5) оң және сол жақ емшектерінің саны, 6) жиынтық сыныбы. Мегежіндерде – біріншіден бесінші тармаққа дейн қабандармен сәйкес, ал әрі қарай – 6) өсімталдығы, 7) сүттілігі, 8) жиынтық сыныбы.
4
Жылқылар
1. АТК бойынша реттік нөмірі;
2. Лақап аты немесе жылқының түгендемелік нөмірі;
3. Жылқы тіркелген шаруашылықтың атауы;
4. Түсі, ерекше жерлері, туған жері мен күні.
5. Шығу тегі. Егер, ата-аналары ертеректе АТК-ға жазылған болса, онда әр ата-анасының нөмірі, ал жақшада лақап аты немесе түгендеме нөмірі көрсетіледі. Егер ата-аналарының бірі немесе екеуі де АТК-ға тіркелмеген болса, онда шығу тегі бойынша толығымен мәліметтер енгізіледі. Егер ата-анасының бірі басқа тұқымға жататын болса, АТК нөмірінің алдында оның тұқымы жазылады.
6. Сантиметрмен көрсетілген негізгі өлшемдері мынадай тәртіпте орналасуы қажет: шоқтығының биіктігі, тұлғасының қиғаш ұзындығы, кеуде орамы, жіліншек орамы.
7. Сұрыптау өткізілген жыл көрсетілген сұрыптау нәтижесі. Белгілердің балдық бағасы келесі тәртіпте көрсетіледі: шығу тегі мен біркелкілігі, өлшемдері, тірі салмағы, тұлғасы, жұмысқа қабілеттілігі, табындық ұстауға қаблеттігі мен төлдің сапасы.
8. Сынақ нәтижесі: әр түрлі қашықтықта алғырлығы, негізгі жүлделерді ұтуы, сондай-ақ жұмысқа қаблеттілігінің басқа көрсеткіштері. Жылқыны сынақтан өткізген қаланың, аудан орталығының және ипподромның атауы. Көрмедегі бағалау (марапат алған жылы мен жері).
9. Сынып
10. Тұқымдық пайдалану туралы мәліметтер келесі тәртіпте беріледі:
1) тұқымды айғырлар – пайдалану жылы, айғыр пайдаланылған шаруашылық, үйірдегі биелердің саны, олардың буаз болғандары және туылған құлын саны;
2) бие – туған жылы, түсі, төлдің жынысы мен лақап аты, АТК бойынша нөмірі немесе түгендемелік нөмірі және төл алынған айғырдың лақап аты.
11. Өнімділік бағытындағы жылқыларда бейімделу сапасы және сүттілігі (биелерде) үшін берілген балдық бағалауы және тірі салмағы көрсетіледі.
5
Түйелер
АТК-бы бойынша реттік нөмірі мен лақап аты, түсі, туған жері мен туған жылы, мал иесі шаруашылығының атауы, мал сыныбы. Тірі салмағы мен негізгі өлшемдері: өркештерінің арасындағы биіктігі, тұлғасының қиғаш ұзындығы, кеуде орамы, жіліншек орамы, жүн түсімі.
Көрмедегі бағалау (марапат алған жылы мен жері). Балдық бағалау: шығу тегі мен біркелкілігі, бейімделу сапасы, өлшемдері мен тірі салмағы, сыртқы тұлғасы, жүнділігі, сүттілігі, төлінің сапасы.
Сынып.
Аналық түйелер үшін сауын өнімділігі 210 күн бойы сүт шығады. Шығу тегі: егер ата-тегі ертеректе АТК-ға тіркелген болса, онда тегі бір қатары жзылады; егер ата-тегі бірінші рет тіркеліп отырса, тегі екі қатар жазылады. Ата-тегі туралы мәліметтер, малдың АТК-да жазылған формасы бойынша беріледі. Төл сапасы бойынша өнімділік бағасы. Асыл тұқымды малды пайдалану туралы мәліметтер.
6
Маралдар мен бұғылар
АТК бойынша реттік нөмірі мен лақап аты, таңбасы, құлақтағы нөмірі, мал иесінің шаруашылығының атауы, туған жері мен туған жылы. АТК-на жазылған арғы тегіне дейінгі шығу тегі. Бұғы мүйізінің өлшемдері: сүйек қатаю шенберінің ені (мм), ақпанның ұзындығы (см), ақпанның орамы (см), көз үстіндегі өсіндінің ұзындығы (см), екінші өсіндінің ұзындығы (см), үшінші өсіндінің ұзындығы (см), айырық тереңдігі (см). Консервіленген мүйіздердің жалпы салмағы мен шикі мүйізден шығатын пайызы. Бағалау сыныбы. Асыл тұқымды малды пайдалану туралы мәліметтер.