Об утверждении Правил назначения, возврата и размера единовременной денежной выплаты в связи с усыновлением ребенка-сироты и (или) ребенка, оставшегося без попечения родителей Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 86-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем жетпіс бес айлық есептік көрсеткішті құрайтыны белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 787 қаулысымен бекітілген Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидалары
Тармақ 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 86-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Тағайындауды және төлеуді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – бөлім) жүргізеді.
Тармақ 3
3. Тағайындау және төлеу жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына жүргізіледі.
Тармақ 2. 2-тарау. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау тәртібі
2-тарау. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Егер бала асырап алу туралы сот шешімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін заңды күшіне енсе және жоғарыда аталған сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он екі ай ішінде іске асыру мүмкін болса, біржолғы ақшалай төлем бала асырап алушылардың біреуіне тағайындалады және төленеді.
Тармақ 5
5. Біржолғы ақшалай төлем асырап алынған әрбір жетім балаға және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға тағайындалады және төленеді.
Тармақ 6
6. Біржолғы ақшалай төлем тағайындау туралы өтінішпен жүгінген сәтте бала асырап алушылар бөлек тұрған жағдайда, ол асырап алынған бала бірге тұратын бала асырап алушыға тағайындалады және төленеді.
Тармақ 7
7. Біржолғы ақшалай төлем алу үшін бала асырап алушылардың бірі бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жердегі бөлімге мынадай құжаттарды: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін; 3) бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 4) баланың (балалардың) туу туралы куәлігін электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесін; 5) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шот ашу туралы шарттың көшірмесін ұсынады. Жеке басын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шот ашу туралы шартты бөлімнің қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Тармақ 8
Тармақ 9
Тармақ 10
10. Бөлім бала асырап алушының біржолғы ақшалай төлем алуға құқығын тексереді және өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленетін біржолғы ақшалай төлемді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Тармақ 11
11. Біржолғы ақшалай төлем жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде бала асырап алуышының жеке шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бала асырап алуға байланысты төлем тағайындаудан бас тарту үшін:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбау;
Тармақша 2
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бала асырап алудың күшін жою;
Тармақша 3
3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бала асырап алуды жарамсыз деп тану негіздеме болып табылады.
Тармақ 3. 3-тарау. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем түрінде төленген ақша қаражатын қайтару
3-тарау. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем түрінде төленген ақша қаражатын қайтару
Тармақ 13
13. Бала асырап алудың күші жойылған немесе бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, бала асырап алушы біржолғы ақшалай төлемді бала асырап алудың күшін жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетіне қайтаруы тиіс.
Тармақ 14
14. Бала асырап алудың күшін жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орган бала асырап алушыны аударылған біржолғы ақшалай төлемді қайтару қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Тармақ 15
15. Бала асырап алушы біржолғы ақшалай төлемді белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, оны қайтару сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Басқа 1. Өтініш
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидаларына 1-қосымша Нысан ______________________________ (бөлімнің атауы) Өтініш ___________________________________________________________ асырап (баланың (балалардың) Т.А.Ә. (бар болса), туған күні) алуға байланысты біржолы ақшалай төлем тағайындауды сұраймын. Тегі_______________________________________________________________ Аты_______________ Әкесінің аты (бар болса) ______________________ Мекенжайы ________________________________________________________ Соттың атауы ______________________________________________________ Соттың 20___ жылғы «_____»_____________ №_______шешімі Бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түрі __________________________________________________________________ сериясы ____________ нөмірі _______________ кім берген Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________ Жеке шотының № _______________________________ Банктің атауы ________________________________ Қосымшалар: 1) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі; 2) бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі; 4) асырап алынған баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 5) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шот ашу туралы шарттың көшірмесі. Дұрыс емес мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаным үшін жауаптылық туралы ескертілді. 20 ___ жылғы «_____» ______ Өтiнiш берушiнiң қолы ____________________ Құжаттар қабылданды: 20___ жылғы «___» ___________ __________________________________________________________________ (қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы) _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ (қию сызығы) Азамат _______________________ өтініші қоса берілген құжаттармен 20 ___ ж. «_____» ___________ саны _____ данада қабылданды __________________________________________________________________ (қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы) ________________________________
Басқа 1.2. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты ақшалай төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидаларына 2-қосымша Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты ақшалай төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім 20___жылғы «___» ________                                № _________ __________________________________________ (органның атауы) Азамат ____________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты) Өтiнiш берiлген күн _______________________________________________ Асырап алынған баланың Т.А.Ә. _____________________________________ Асырап алынған баланың туған күні _________________________________ Асырап алынған баланың туу туралы куәлігі (туу туралы актінің жазбасы) № ____________________ берiлген күнi _______________________ баланың туу туралы куәлiгiн (туу туралы актiнің жазбасын) берген органның атауы ____________________________________________________ Бала асырап алу туралы соттың 20 ___ ж. «____»________________ шешімі Бала асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалған сомасы _________________________________ теңгені құрайды (сомасы жазбаша) _____________________________________________________________ себебі бойынша біржолғы ақшалай төлем тағайындаудан бас тартылды. М.О. _________ (органның басшысы) _________ (қолы)                        (тегі)