О делегировании полномочий по лицензированию Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лицензиялау жөніндегі өкілеттік беру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 2006 жылғы 28 ақпандағы № 1 шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсан 1995 ж. N 1894 P951894_ "Қазақстан Республикасы Президентінің 17.04.1995 ж. Қаулысын жүзеге асыру туралы" және 10 желтоқсан 1999 ж. N 1895 P991895_ "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.1995 ж. N 1894 Қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қаулыларына сәйкес, "Жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу" жұмыстарын лицензиялау үдерісін тиімділендіру мақсатында, Қазақстан Республикасының 17.03.1995 ж. N 2200 Z952200_ "Лицензия беру туралы" Заңының 5-бабы 3-тармағын, 1999 жылғы 8 қазандағы өзгертулермен бірге басшылыққа ала отырып:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне "Жылу энергиясының қосынды қуаты 100 Гкал/сағ. дейінгі жылу көздерінен жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу" жұмыстарын лицензиялау өкілеттігі берілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.1995 ж. N 1894 P951894_ және 10.05.1999 ж. N 556 Р990556_ Қаулыларымен белгіленген және бекітілген талаптарға сәйкес, жылыту кезеңі басталғанға дейін жылу көздерінің иелеріне немесе жалға алушыларға лицензиялар берілуін қамтамасыз етсін.