Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Экибастузского сельского округа города Экибастуза Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының өкілдері ауыл тұрғындарының жалпы санынан 1% мөлшерде бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 5. Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 маусымдағы № 239/30 шешімімен бекітілген Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабына, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің аумағындағы тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Екібастұз ауылдық округінің әкімі шақырады. Екібастұз қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақппарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Екібастұз ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Екібастұз қаланың мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Екібастұз ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.