Об исполнении доходной части бюджета и выплате заработной платы работникам бюджетной сферы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы және бюджеттік сала қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жөнінде 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен. Облыстың жергiлiктi бюджетi үстiмiздегi жылдың 5 айында жоспардың 56,9 пайызына орындалды. Болжамның ең көп орындалмауы жеке тұлғалардың табыс салығы бойынша - 36,2 пайыз болды, басқа да салықтық емес түсiмдерден - 6,3 пайыз. Ауылдық аудандар кiрiс бойынша болжамды 41,6 пайызға орындады, қалалар 76,1 пайыз, облыстық бюджетке 5 айға жоспарланған соманың 43,4 пайызы түстi. Бюджеттiң кiрiстiк бөлiгiнiң ең нашар орындалуы Қарасу ауданында 18 пайыз, Алтынсаринде - 26,6. Аманкелдiде - 29,5, Науырзымда - 31,9 пайыз байқалды. Облыстың барлық аймақтары шығыстар бойынша тұтастай алғандағы несиелiк берешектерiнiң және еңбекақы мен қорларға түсетiн жарналардың өсуiне жол берiп алды. Қаржылық органдар бюджеттiк мекеме қызметкерлерiне еңбекақы есептеудi нашар бақылауда. Соның салдарынан еңбекақының негiзсiз өсуiне жол берiлуде. Ақпанда еңбекақы есептеу қаңтармен салыстырғанда 801 мың теңгеге, наурызда 13.302 мың теңгеге өстi. Ең мол өсiм Қостанай, Аманкелдi, Науырзым, Жангелдин, Меңдiқара аудандары және Арқалық қаласында жiберiлдi. Бюджеттiк кiрiс бөлiгiн молайту жөнiндегi жұмыстарды жеделдету және еңбекақы төлеу жөнiндегi берешектi өтеу мақсатында ШЕШТIМ :
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкiмдерiне мыналар атап көрсетiлсiн: - еңбекақы және бюджеттен тыс қорларға несиелiк берешектiң өсуiне жол бергендерi және олар берешектi үстiмiздегi жылдың 1 тамызына дейiнгi мерзiмде толық өтеудi қамтамасыз етуге мiндеттенетiнi. Қалалар және аудандар әкiмдерi: - кәсiпорындар жұмысын жандандыру жөнiнен олардың өндiрiс көлемiн арттыруға шаралар қабылдасын; - бюджеттiк сала қызметкерлерiне еңбекақы есептеу ерекше бақылауға алынсын; - маусым айының аяғына дейiн бюджеттiк сала қызметкерлерiне еңбекақы жөнiнен 1997 жылғы және үстiмiздегi жылдың бiр айының берешегiн өтеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (А.А. Сейiлов) Қостанай облысы бойынша салық комитетiмен (М.М. Ескендiров) Қостанай облысы бойынша қаржы бақылау комитетi басқармасымен (Ж.Ж. Шошақов), қалалар және аудандар әкiмдерiмен бiрлесе отырып, бiр айлық мерзiм iшiнде нақтылы орындалған қызмет көлемiне орай барлық бюджеттiк мекемелердегi сметалардың, штаттық кестелердiң дұрыстығын тексерудi қамтамасыз етсiн. Штаттық санды еңбекақы төлеу қорына сәйкестендiрсiн.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы бойынша салық комитетiне (М.М. Ескендiров) мыналар ұсынылсын: - бюджетке салықтар және басқа төлемдер түсуiн қамтамасыз ету жөнiнен тиiмдi шаралар қабылдау; - М.Ш. Мiнәшев, Меңдiқара К.К. Өтебаев Науырзым, Т.К. Сүндетбаев Жангелдин, Б.Ш. Бекiшев Аманкелдi, М.Ж. Досмұхамбетов Жiтiқара, Е.А. Жаналин Ұзынкөл, Л.И. Карпова Қарабалық, Г.И. Абзулинов Қостанай, Д.Б. Шурин Қарасу, Б.А. Жұмабаев Алтынсарин аудандары және С.Я. Трегубова Арқалық қаласы салық комитеттерi лауазымдық тұлғаларының жауапкершiлiгiн қарау.
Тармақ 4
4. Қостанай облысы бойынша қаржы бақылау комитетi басқармасына (Ж.Ж. Шошақов) облыстық қаржы басқармасымен (М.М. Сейiлов), Қостанай облысы бойынша салық комитетi басқармасымен (М.М. Ескендiров) бiрлесе отырып, бюджеттiң кiрiс бөлiгiне қосымша қаржы тарту жөнiндегi жағдайды зерттеу үшiн комиссия құру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Ә.Н. Қайшароваға жүктелсiн.