Об утверждении перечней объектов транспортной инфраструктуры, на которых производится досмотр, лиц, в отношении которых не производится досмотр, веществ и предметов, запрещенных к вносу на объекты транспортной инфраструктуры Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі;
Тармақша 2
2) оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың тізбесі;
Тармақша 3
3) көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Теміржол вокзалдары:
Тармақша 1
1) «Астана»;
Тармақша 2
2) «1 Алматы»;
Тармақша 3
3) «2 Алматы»;
Тармақша 4
4) «Қарағанды»;
Тармақша 5
5) «Ақтөбе»;
Тармақша 6
6) «Орал»;
Тармақша 7
7) «Қызылорда»;
Тармақша 8
8) «Атырау»;
Тармақша 9
9) «Маңғышлақ»;
Тармақша 10
10) «Бейнеу»;
Тармақша 11
11) «Көкшетау»;
Тармақша 12
12) «Қостанай»;
Тармақша 13
13) «Павлодар»;
Тармақша 14
14) «Шымкент»;
Тармақша 15
15) «Жамбыл»;
Тармақша 16
16) «Шу»;
Тармақша 17
17) «Семей»;
Тармақша 18
18) «Петропавл».
Тармақ 2
2. Автовокзалдары:
Тармақша 1
1) «Сапаржай - Астана»;
Тармақша 2
2) «Сайран»;
Тармақша 3
3) «Саяхат»;
Тармақша 4
4) «Көкшетау»;
Тармақша 5
5) «Талдықорған автобекеті»;
Тармақша 6
6) «Ақтөбе Сапар»;
Тармақша 7
7) «Өскемен»;
Тармақша 8
8) «Облтранском»;
Тармақша 9
9) «Тараз автобекеті»;
Тармақша 10
10) «Орал қаласының автобекеті»;
Тармақша 11
11) «Қостанай»;
Тармақша 12
12) «Салтанат»;
Тармақша 13
13) «Қарағанды Сапар»;
Тармақша 14
14) «Автовокзалсервис»;
Тармақша 15
15) «Сапаржай Павлодар»;
Тармақша 16
16) «Петропавл»;
Тармақша 17
17) «Самал»;
Тармақша 18
18) «Алаш»;
Тармақша 19
19) «ШКААВ»;
Тармақша 20
20) «Бекжан»;
Тармақша 21
21) «Атырау».
Тармақ 3
3. «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 4
4. Алматы қаласының метрополитен желілері.
Тармақ 5
5. Әуежайлар:
Тармақша 1
1) Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы;
Тармақша 2
2) «Алматы халықаралық әуежайы»;
Тармақша 3
3) «Петропавл халықаралық әуежайы»;
Тармақша 4
4) «ОРАЛ» халықаралық әуежайы»;
Тармақша 5
5) «Ақтөбе» халықаралық әуежайы»;
Тармақша 6
6) «Атырау халықаралық әуежайы»;
Тармақша 7
7) «Семей халықаралық әуежайы»;
Тармақша 8
8) «Әулие-Ата халықаралық әуежайы»;
Тармақша 9
9) «Ақтау халықаралық әуежайы»;
Тармақша 10
10) «Қостанай халықаралық әуежайы»;
Тармақша 11
11) «Шымкент әуежайы»;
Тармақша 12
12) «Павлодар әуежайы»;
Тармақша 13
13) «Сарыарқа» әуежайы»;
Тармақша 14
14) «Өскемен әуежайы»;
Тармақша 15
15) «Қорқыт Ата әуежайы».
Тармақ 6
6. «Жезқазған-эйр» авиакомпаниясының әуеайлағы".
Басқа 1. Оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенті.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Терағасы.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
Тармақ 14
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасының министрлері.
Тармақ 18
18. Егер жеке багажында жеке пайдалануға арналмаған немесе көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдар бар деп болжауға байыпты негіздер болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен дипломатиялық персонал мүшелері, сондай-ақ егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері. Ондай тексеріп қарау тиісті адамның қатысуымен ғана жүргізілуге тиіс.
Тармақ 19
19. Егер жеке багажында жеке пайдалануға арналмаған немесе көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдар бар деп болжауға байыпты негіздер болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекеттерінің консулдық мекемелерінің консулдық лауазымды адамдары, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері. Ондай тексеріп қарау тиісті адамның қатысуымен ғана жүргізілуге тиіс.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттарында көзделген жағдайларға сәйкес Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің лауазымды адамдары.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес тексеріп қараудан босатылған өзге адамдар.
Басқа 2. Көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынатын заттар мен құралдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынатын заттар мен құралдардың тізбесі Көлік инфрақұрылымы объектілеріне мынадай заттар мен құралдарды әкелуге тыйым салынады:
Тармақ 1
1. Жарғыш және өлімге әкеп соқтыратын өзге де құрылғылар, жарылғыш заттар және құрамында жарылғыш заттар бар құралдар, оның ішінде:
Тармақша 1
1) саны мен орамасына қарамастан, оқ-дәрілердің барлық түрлері;
Тармақша 2
2) гранаттар, миналар және снарядтардың барлық түрлері;
Тармақша 3
3) аңшы капсюльдері (пистондары) және тұтандырғыш капсюльдер;
Тармақша 4
4) динамит, тол, аммонал, тротил және басқа да жарылғыш заттар;
Тармақша 5
5) капсюльдер, тұтандырғыштар, электр тұтандырғыштары, тұтандыратын электр тұтандырғыштар және от өткізгіш баулар;
Тармақ 2
2. Радиоактивті заттар.
Тармақ 3
3. Есірткі кұралдары.
Тармақ 4
4. Тез тұтанғыш сұйықтықтар мен заттар:
Тармақша 1
1) бензин;
Тармақша 2
2) мұнай өнімдерінің сынамалары;
Тармақша 3
3) метанол;
Тармақша 4
4) метилдік эфир;
Тармақша 5
5) күкірт көміртек;
Тармақша 6
6) эфирлер және өзге тез тұтанатын сұйықтықтар.
Тармақ 5
5. Тұтанғыш қатты заттар - су тиюі әсерінен өздігінен тұтануы және өртенуі мүмкін жылу және жанғыш газдар шығаратын заттар:
Тармақша 1
1) калий, натрий, металл кальций және олардың құймасы;
Тармақша 2
2) ақ, сары, қызыл фосфор, тұтанатын қатты заттар санатына жататын өзге де заттар;
Тармақша 3
3) органикалық тотықтар;
Тармақша 4
4) коллоидті нитроцеллюлоза.
Тармақ 6
6. Улы, қатты әсер ететін және уландыратын сұйық немесе қатты күйдегі, ыдысқа оралған заттар:
Тармақша 1
1) бруцин;
Тармақша 2
2) стрихнин;
Тармақша 3
3) тетрагидрофурфурилді спирт;
Тармақша 4
4) этиленгликоль;
Тармақша 5
5) сынап;
Тармақша 6
6) синильді қышқылдың барлық тұздары және цианды препараттар;
Тармақша 7
7) циклон;
Тармақша 8
8) цианқұймасы;
Тармақша 9
9) мышьяк ангидриді және қатты әсер ететін өзге де улы және уландыратын заттар.
Тармақ 7
7. Жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар, құрамында осылар бар заттар мен құралдар.
Тармақ 8
8. Улы және тоттанатын заттар:
Тармақша 1
1) бейорганикалық қышқылдар, соның ішінде тұз, күкірт, азот және өзге де қышқылдар;
Тармақша 2
2) фторлы-сутекті (плавикті) қышқыл және өзге де күшті қышқылдар және тоттанатын заттар.
Тармақ 9
9. Атыс (қол жауынгерлік атыс, азаматтық және қызметтік) қаруының барлық түрлері, әрекеті электр энергиясын, радиоактивті сәулеленуді және биологиялық факторларды пайдалануға негізделген қару; лақтыратын, электрлік, механикалық қару, оның ішінде ойық ұңғылы, тегіс ұңғылы, аралас, ұңғысыз травматикалық, газды, травматикалық оқ-дәрімен атылатын газды, пневматикалық сигнал беру және жаттығу қаруы, атыс қаруының бөлшектері (телескоптық көздеу құрылғылары мен көздеуішті қоспағанда).
Тармақ 10
10. Түйрегіш және кесетін қару, соғу-бытырату әрекеті бар заттар және ұшталған бұйымдар, қылыштар, үлкен пышақтар, наркескендер, палаштар, семсерлер, мачетелер, сапылар, найзалар, қанжарлар, кездіктер, стилеттер, кастеттер, кистендер, өзге де жүзі бар қарулар, балталар, жебе және жебе түріндегі зақымдайтын элементтер, оның ішінде лақтыратын жұлдызшалар, темір ілгектер, гарпундар, мұз шапқыштар, оның ішінде кез келген материалдан жасалған, әлеуетті қару ретінде пайдалануға арналған барынша берік заттар.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда және тәртіппен атыс және газ қаруының ок-дәрілері, соның ішінде соғыс, жарық-дыбыс, травматикалық әрекет ететін, бос патрондар, жарақталған аң аулау патрондары. Ескертпе: 9, 10 және 11-тармақтарда тізбеленген заттар мен құралдарды әкелу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген осы заттар мен нәрселерді сақтау мен алып жүруге тиісті рұқсаты болған жағдайларда жол беріледі.