Об утверждении Правил изготовления, хранения и применения поверительных клейм Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларын бекіту туралы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 141 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4213 болып тіркелген, 2006 жылғы 16 маусымдағы № 109-110 (1089-1090) «Заң газетінде» жарияланған) күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығымен бекітілген Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2-тарау. Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау тәртібі
2-тарау. Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау тәртібі
Тармақ 2
2. Салыстырып тексеру таңбалары металл таңбалар, жез таңбалар, пластикалық пломбалар мен өздігінен желімделетін лейблдер түрінде дайындалады.
Тармақ 3
3. Салыстырып тексеру таңбалары мыналарға:
Тармақша 1
1) өлшем құралдары үшін салыстырып тексеру аралығы бір жыл және одан көп болып белгіленген жағдайда пайдаланылатын жылдық;
Тармақша 2
2) өлшем құралдары үшін салыстырып тексеру аралығы бір жылдан кем болып белгіленген жағдайда пайдаланылатын тоқсандық болып бөлінеді.
Тармақ 4
4. Металл және жез таңбалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бедерлері мен габариттік өлшемдеріне сәйкес дайындалады және мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) ҚР СТ 2.21-2017 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі» ұлттық стандартының талаптарына сәйкес өлшем құралының типін бекіту белгісі;
Тармақша 2
2) өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүзеге асыратын салыстырып тексеру зертханасының шифры;
Тармақша 3
3) қолданылатын жылдың (қажет болған жағдайда - тоқсанның) соңғы екі цифры;
Тармақша 4
4) өлшем құралдарын салыстырып тексерушінің жеке белгісі (қажет болған жағдайда). Пластикалық пломбалар мен өздігінен желімделетін лейблдер осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша таңбалау және габариттік өлшемдеріне сәйкес дайындалады және мынадай ақпараттарды қамтиды:
Тармақша 1
1) ҚР СТ 2.21-2017 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі» ұлттық стандартының талаптарына сәйкес өлшем құралдарының типін бекіту белгісі;
Тармақша 2
2) өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүзеге асыратын салыстырып тексеру зертханасының шифры;
Тармақша 3
3) қолданылатын жылдың (қажет болған жағдайда - тоқсанның) соңғы екі цифры;
Тармақша 4
4) жеке ретпен нөмірлеу;
Тармақша 5
5) екі өлшемді QR-код;
Тармақша 6
6) түпнұсқалығын тексеру үшін цифрлық ресурстың мекенжайы;
Тармақша 7
7) ұлттық өрнек (өздігінен желімделетін лейблдерде). Салыстырып тексеру таңбаларында және өздігінен желімделетін лейблдердегі таңбалау оқу және сәйкестендіруді қамтамасыз ету үшін айқын және қарама-қарсы болуы керек.
Тармақ 5
5. Өлшем құралдарының типін бекіту белгісінің қарпі, салыстырып тексеру таңбаларының бедері мен суретінің әріптері мен сандары ГОСТ 26.008-85 «Ою әдісімен салынатын жазулардың қаріптері. Орындау мөлшерлері» мемлекетаралық стандартына сәйкес қолданылады.
Тармақ 6
6. Салыстырып тексеру зертханасының шифрын Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) береді және ол қазақ немесе латын әліпбиінің әріптерімен белгіленетін екі белгіден тұрады.
Тармақ 7
7. Жеке ретпен нөмірлеуді МҒМО береді және ол жеті нысаннан (сандардың комбинациясы) тұрады.
Тармақ 8
8. Салыстырып тексеру таңбаларының қолданылу жылын белгілеу үшін араб цифрлары пайдаланылады (тоқсанды белгілеу үшін рим цифрлары) қолданылады.
Тармақ 9
9. Өлшем құралдарын салыстырып тексерушінің жеке белгісін салыстырып тексеру зертханасының басшысы береді және ол қазақ немесе латын әліпбиіндегі әріптермен белгіленген бір белгіден тұрады.
Тармақ 10
10. Металл таңбалар ГОСТ 1050-2013 «Қосындыланбаған құрастырымдық сапалы және арнайы болаттардан жасалған металл өнімдері. Жалпы техникалық шарттар», ГОСТ 5950-2000 «Аспаптық легірленген болаттан жасалған шыбықтар, жолақтар және додалар. Жалпы техникалық шарттар» мемлекетаралық стандарттарына сәйкес болаттан жасалған өзекшелер түрінде дайындалуы қажет.
Тармақ 11
11. Жезді таңба тұтқадан және тікелей таңбаның өзінен тұруы қажет. Тұтқа ГОСТ 2208-2007 «Жез фольга, таспалар, табақтар және плиталар. Техникалық шарттар» мемлекетаралық стандартына сәйкес жез пластинадан дайындалады, ал таңба жезден жасалады және диск түрінде болады. Таңба ГОСТ 21930-76 «Металл құймадағы қалайы-қорғасын дәнекерлеулер. Техникалық шарттар» мемлекетаралық стандартына сәйкес тұтқамен дәнекерленіп жалғанады.
Тармақ 12
12. Пластикалық пломбалар ГОСТ 16337-77 «Жоғары қысымды полиэтилен. Техникалық шарттар», ГОСТ 16338-85 «Төмен қысымды полиэтилен. Техникалық шарттар», ГОСТ 20282-86 «Жалпы тағайындалған полистирол. Техникалық шарттар» мемлекетаралық стандарттарына сәйкес мөлдір емес ақ акрилден немесе полипропиленнен жасалады. Пломбаның материалы иілгіш және сынғыш қасиетке ие және ол пломбаны орнатқаннан кейін корпусты бүлдірмей пломбаны ашуға мүмкіндік бермеуі қажет. Құлыптау түйінінде екі саңылаудың болуы пломбалайтын темір арқанның тұтастығын растайды. Пластикалық пломба минус 60 °С-тан 50 °С дейінгі температура ауқымында өз қасиеттерін өзгертпеуі керек және бағытталған температуралық әсер ету кезінде пломбаны ашу мүмкіндігін жоюы тиіс. Пластикалық пломбаның арнайы қақпағы болады, ол оның құлыптау түйініне қолжетімділікті шектейді. Пластикалық пломбаға барлық таңбалау лазерлік ою әдісімен салынады. Пластикалық пломба корпустан және 8 бекітілетін элементтері бар ілмектен тұрады. Ілмек алдын ала орнатылған күйде пломбаның корпусына қатты бекітілуі тиіс. Пластикалық пломбаның пломбалайтын темір арқаны ГОСТ 3067-88 «6 x 19 (1 + 6 + 12) + 1 х 19 (1 + 6 + 12) құрастырылымының ТК типті екі еспелі болат арқандары. Сортамент», ГОСТ 9389-75 «Көміртекті серіппелі болат сымдар. Техникалық шарттар» мемлекетаралық стандарттарына сәйкес жасалады.
Тармақ 13
13. Өздігінен желімделетін лейблдер голографиялық фольгасы бар синтетикалық өздігінен желімделетін су өткізбейтін қағаздан жасалады, ол ыстық таңбалау әдісімен салынған, агрессивті ортаға төзімді (сілті, қышқыл) және жабысқақ қабат кем дегенде 6 жыл кезкелген типтегі бетпен жабыстыруды және алу немесе беттен алып тастауға әрекеттенгенде жергілікті бұзуды қамтамасыз етеді. Өздігінен желімделетін лейбл бағытталған температура әсерінде минус 60 °С-тан 50 °С дейінгі температура ауқымында өзінің қасиетін өзгертпеуі тиіс.
Тармақ 14
14. Салыстырып тексеру таңбаларын дайындауды және өткізуді салыстырып тексеру зертханалары ұсынған өтінімдердің негізінде МҒМО жүзеге асырады. Салыстырып тексеру зертханалары салыстырып тексеру таңбаларын қолдану жылы басталғанға дейін алты ай бұрын МҒМО-ға еркін нысанда салыстырып тексеру таңбаларын дайындау үшін өтінім береді. Салыстырып тексеру зертханалары бір жыл ішінде МҒМО-ға салыстырып тексеру таңбаларын дайындау үшін қосымша өтінім бере алады. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына қайта аккредиттелген салыстырып тексеру зертханалары, аккредиттеу аттестатын алғаннан кейін МҒМО-ға салыстырып тексеру таңбаларын дайындау үшін өтінім береді.
Тарау 3. 3-тарау. Салыстырып тексеру таңбаларын сақтау тәртібі
3-тарау. Салыстырып тексеру таңбаларын сақтау тәртібі
Тармақ 15
15. Салыстырып тексеру зертханаларында салыстырып тексеру таңбаларын сақтау салыстырып тексеру зертханасы басшысы бекіткен уәкілетті адамға жүктеледі. Уәкілетті адам осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырып тексеру таңбаларын беру және қабылдау журналдарын (бұдан әрі – журналдар) жүргізеді.
Тармақ 16
16. Салыстырып тексеру таңбалары мен журналдар жанбайтын шкафта сақталады, оған салыстырып тексеру зертханасы басшысының немесе уәкілетті адамның рұқсаты болады.
Тармақ 17
17. Салыстырып тексеру таңбаларын есепке алуды және олардың жай-күйін тексеруді салыстырып тексеру зертханасының басшысы тоқсан сайын жүргізеді.
Тарау 4. 4-тарау. Салыстырып тексеру таңбаларын қолдану тәртібі
4-тарау. Салыстырып тексеру таңбаларын қолдану тәртібі
Тармақ 18
18. Өлшем құралдарын салыстырып тексерушіге салыстырып тексеру жұмыстары жүргізілетін уақытта салыстырып тексеру таңбаларының қажетті саны беріледі.
Тармақ 19
19. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруші салыстырып тексеру жұмыстарын аяқтағаннан кейін салыстырып тексеру зертханасының басшысына немесе уәкілетті адамға пайдаланылмаған салыстырып тексеру таңбаларын журналда белгілей отырып өткізеді.
Тармақ 20
20. Салыстырып тексеру таңбалары бүлінген немесе олардың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда, салыстырып тексеру зертханасы оларды өшіруді және/немесе жоюды жүзеге асырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырып тексеру таңбаларын өшіру және/немесе жою актін ресімдейді.
Тармақ 21
21. Салыстырып тексеру таңбалары өлшем құралдарын салыстырып тексерудің оң нәтижесі туралы куәландыруға арналған, сонымен бірге мыналар үшін пайдаланылады:
Тармақша 1
1) металл таңбалар және пластикалық пломбалар - өлшем құралдарын реттеу тораптарына қолжетімділікті жабу үшін;
Тармақша 2
2) жез таңбалар - шыны сыйымдылық өлшемдерін және шыны сұйық термометрлерді таңбалау үшін;
Тармақша 3
3) өздігінен желімделетін лейблдер - өлшем құралдарына (пломбалау үшін көзделген құрылғылар болмаған жағдайда) немесе өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатқа немесе өлшем құралдарының техникалық құжаттамасына салуға арналған.
Тармақ 21-1
21-1. Салыстырып тексеру таңбаларын салу тәсілдері:
Тармақша 1
1) металл таңбаның бедері мастикаға, сүргішке басу немесе қорғасын тығынына соққылау әдісімен пломбалау үшін конструктивті көзделген құрылғыға салынады;
Тармақша 2
2) жез таңбаның бедері химиялық заттарға үйкелуіне төзімді сыйымдылықтың шыны өлшемдерінің немесе термометрлердің корпусына салынады;
Тармақша 3
3) пластикалық пломба пломбалау үшін конструктивті көзделген құрылғыларға салынады;
Тармақша 4
4) өздігінен желімделетін лейбл желімдеу жолымен салынады.
Тармақ 22
22. Өлшем құралына салыстырып тексеру таңбасын салу түрі мен орны берілген өлшем құралының тиісті салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес айқындалады.
Тармақ 23
23. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін дайындалған және сатып алынған салыстырып тексеру таңбалары осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімде қолдануға рұқсат етіледі.
Басқа 1-1. Металл және жез таңбалардың бедерлері мен габариттік өлшемдері
Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларына 1-қосымша Нысан Металл және жез таңбалардың бедерлері мен габариттік өлшемдері
Басқа 1-2. Пластикалық пломбаларды және өздігінен желімделетін лейблдерді таңбалау және габариттік өлшемдері
Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларына 2-қосымша Нысан Пластикалық пломбаларды және өздігінен желімделетін лейблдерді таңбалау және габариттік өлшемдері Пластикалық пломбалардың нысаны А – корпустың ені 20 мм; Б – корпустың биіктігі 25 мм; В – типін бекіту белгісінің биіктігі 5 мм; Г – QR-кодтың өлшемі 10×10 мм; Д – таңбалау, нөмірлеу және цифрлық ресурстың мекенжай өлшемі 15 мм; Е – шифрды, жылды және тоқсанды таңбалаудың өлшемі 10 мм; Ж – ашық күйдегі пломбаның биіктігі 30 мм; Пластикалық пломбаның қалыңдығы 6,5 мм. Өздігінен желімделетін лейблдердің нысаны А – лейблдің ені 22 мм; Б – лейблдің биіктігі 18 мм; В – QR-код өлшемі 10×10 мм; Г – типін бекіту белгісінің биіктігі 6 мм; Д –галограмманың ені 4 мм; Е – цифрлық ресурс мекенжайының өлшемі 12 мм; Ж – шифрды, жылды және тоқсанды таңбалаудың өлшемі 10 мм; З – нөмірлеуді таңбалаудың өлшемі 12 мм; И – өрнектердің ені 1,5 мм.
Басқа 1-3. ЖУРНАЛЫ
Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларына 3-қосымша Нысан ЖУРНАЛЫ _______________________________________________ салыстырып тексеру зертханасының атауы Салыстырып тексеру зертханасының басшысы немесе уәкілетті адам____________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болса) Алу ту­ра­лы бел­гі Қай­та­ру ту­ра­лы бел­гі Ес­керт­пе* Кү­ні Таң­ба тү­рі Таң­ба­ны ал­ған са­лы­сты­рып тек­се­ру­ші­нің те­гі мен аты-жө­ні Са­лы­сты­рып тек­се­ру­ші­нің же­ке бел­гі­сі (бар бол­са) Са­лы­сты­рып тек­се­ру зерт­ха­на­сы­ның шиф­ры Таң­ба­ны ал­ған са­лы­сты­рып тек­се­ру­ші­нің қо­лы Кү­ні Таң­ба­ны тап­сыр­ған са­лы­сты­рып тек­се­ру­ші­нің қо­лы Таң­ба­ны қа­был­да­ған­са­лы­сты­рып тек­се­ру зерт­ха­на­сы бас­шы­сы­ның неме­се уәкі­лет­ті адам­ның қо­лы *Журналдың «Ескертпе» бағанында: - салыстырып тексеру таңбаларының жағдайын тексеру нәтижелері туралы; - металл немесе жез таңба бұзылған немесе жоғалған жағдайда, сақтауға жауапты адам салыстырып тексеру зертханасының қабылданған шаралар туралы бұйрығының нөмірі мен күнін жазады; - салыстырып тексеру зертханасының басшысы металл немесе жез таңбалардың жай-күйін тоқсан сайын тексеру туралы белгі жасайды. ЖУРНАЛЫ _____________________________________________ салыстырып тексеру зертханасының атауы Салыстырып тексеру зертханасының басшысы немесе уәкілетті адам____________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болса) Алу­ту­ра­лы­бел­гі Қай­та­ру ту­ра­лы бел­гі Ес­керт­пе* Кү­ні Таң­ба тү­рі Таң­ба­ны ал­ған са­лы­сты­рып тек­се­ру­ші­нің те­гі мен аты-жө­ні Же­ке рет­пен нө­мір­леу Кү­ні Таң­ба­ны тап­сыр­ған са­лы­сты­рып тек­се­ру­ші-нің қо­лы Же­ке рет­пен нө­мір­леу Таң­ба­ны қа­был­да­ған са­лы­сты­рып тек­се­ру зерт­ха­на­сы бас­шы­сы­ның неме­се уәкі­лет­ті адам­ның қо­лы №…ба­стап №…дей­ін №… ба­стап №… дей­ін *Журналдың «Ескертпе» бағанында: - салыстырып тексеру таңбаларының жағдайын тексеру нәтижелері туралы; - пластикалық пломба немесе өздігінен желімделетін лейбл жоғалған жағдайда, салыстырып тексеру зертханасының қабылданған шаралар туралы бұйрығының нөмірі мен күні жазылады; - салыстырып тексеру зертханасының басшысы пластикалық пломбалардың немесе өздігінен желімделетін лейблдердің жай-күйін тоқсан сайын тексеру туралы белгі жасайды.
Басқа 1-4. АКТІСІ
Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларына 4-қосымша нысан АКТІСІ Комиссия мына құрамда: ____________________________________________ төраға және комиссия мүшелерінің тегі және аты жөні _____________жылғы____________№_____________________бұйрыққа сәйкес ____________________________________________________________тиесілі салыстырып тексеру таңбаларының түрі, салыстырып тексеру зертханасының атауы __________саны_________дана,____________________________ байланысты зақымдануы/мерзімі өтіп кетуіне қарауды жүргізді. Қарау кезінде салыстырып тексеру таңбалары_________________________ зақымданғаны/мерзімі өтіп кеткені анықталды. Қарау нәтижесі негізінде, комиссия саны ________данадағы___________ салыстырып тексерушінің жеке таңбасы (болған жағдайда), салыстырып тексеру зертханасының шифры бар немесе жеке ретпен нөмірленген _____________________________________ салыстырып тексеру таңбаларын _______________________________________________________іске асырды. өшіру және/немесе жоюды Комиссия төрағасы _____________________ ________________ _____________________ лауазымы қолы Т.А.Ә. (бар болса) МО (бар болса) Комиссия мүшелері: _____________________ _________________ ____________________ лауазымы қолы Т.А.Ә. (бар болса)