О дальнейшем улучшении оказания медицинской помощи участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға медициналық жәрдем көрсетуді одан әрі жақсарту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.03.2026 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Президентiнiң "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне, оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылдың 28 сәуiрiндегi N 2247 Заң күшi бар Жарлығын, Қазақстан Республикасының "Семей ядролық сынақ алаңындағы ядролық сынақтардың зардабын шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылдың 18 желтоқсанындағы N 1788-ХII Заңын, Қазақстан Республикасының "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдiктер беру мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылдың 7 сәуiрiндегi N 374-1 Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға медициналық жәрдем көрсету туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтары, республикалық емдеу - алдын алу мекемелерiнiң басшылары:
Тармақша 1
1) Отан соғысының мүгедектерiмен және оларға теңестiрiлген адамдарға барлық ауруханалық ұйымдарда айрықша медициналық қызмет көрсету жүзеге асырылсын;
Тармақша 2
2) жоғарыда аталған топтарды жыл сайынғы кешендi медициналық байқаудан өткiзу (терапевтiң, хирургтің, невропатологтің, офтальмологтың, отоларингологтың, стоматологтың мiндеттi түрде қатысуы жағдайында, жалпы клиникалық, рентгендiк және электрокардиографикалық зерттеу жүргiзу), одан кейiн амбулаториялық және стационарлық сауықтыру қамтамасыз етiлсiн;
Тармақша 3
3) Астана қаласындағы Отан соғысы мүгедектерiне арналған Республикалық клиникалық госпитальға және Алматы қаласындағы госпитальдың филиалына стационарлық емдеуге азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық уәкiлеттi атқарушы органның (бұдан былай - Уәкiлеттi орган) жыл сайынғы бекiтетiн үлесiне сәйкес жiберу қамтамасыз етiлсiн;
Тармақша 4
4) аурухана мекемелерiнде Отан соғысының ардагерлерi мен оларға теңестiрiлген адамдарға арналған бөлiмшелер мен палаталардың желiсiн көбейту жөнiндегi жұмыс жалғастырылсын;
Тармақша 5
5) осы мәселе бойынша жоғарыда көрсетiлген директивалық құжаттардың орындалу барысы алқа мәжiлiстерiнде жүйелi түрде тыңдалып отырылсын.
Тармақ 3
3. Отан соғысы мүгедектерiне арналған Республикалық клиникалық госпитальдың бастығы:
Тармақша 1
1) аймақтардағы, бекiтiлген құрамға медициналық көмектi ұйымдастыру жұмысын бақылауды;
Тармақша 2
2) республиканың емдеу-алдын алу ұйымдарына құрамға медициналық
жәрдем көрсету жөнiндегi кеңестiк және ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек
көрсетудi;
Тармақша 3
3) диагностикалаудың, емдеу мен оңалтудың жаңа әдiстерiн әзiрлеу және
енгiзудi;
Тармақша 4
4) иондық сәуленiң әсерiне шалдыққандардың ауруларының себептiк
байланысын анықтау жөнiндегi сараптаманы жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Бұл бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк төрағасының бiрiншi
орынбасарына жүктелсiн.
Басқа 0. Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және оларға
теңестiрiлген адамдарға медициналық жәрдем
көрсетудi ұйымдастыру туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
агенттігінің
2001 жылғы 15 қаңтардағы N 41
бұйрығымен бекітілген
Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және оларға
теңестiрiлген адамдарға медициналық жәрдем
көрсетудi ұйымдастыру туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестiрiлген адамдарға медициналық қамтамасыз ету Республикалық клиникалық Отан соғысы мүгедектерiнiң госпиталында облыстық және қалалық ауруханалардың мамандандырылған бөлiмшелерiнде және де басқа ауруханалық және амбулаториялық ұйымдарында көрсетiледi.
Тармақ 2
2. Құрамды медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк басшылықты бүтiндей Республика бойынша Отан соғысының мүгедектерiне арналған Республикалық клиникалық госпиталь жүргiзедi, ал облыстарда, Астана және Алматы қалаларында - облыстық, Астана және Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтарының орынбасарларының бiрi жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармалары (департаменттерi) мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өз облысында тұратын Отан соғысының мүгедектерi мен оларға теңестiрiлгендерге медициналық қызмет көрсету мәселесi бойынша ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық;
Тармақша 2
2) құрамында есепке алу жағдайын, жыл сайынғы кешендi медициналық тексерулердiң сапасы мен толықтығын бақылау;
Тармақша 3
3) ауруханалық, амбулаториялық, санаторлы-курорттық емдеудi қажет ететiндердi табу мен олардың есебiн жүргiзу және белгiленген емдеу-сауықтыру iс-шараларының жүзеге асырылуының уақытылығын бақылау;
Тармақша 4
4) көрсетiлген санаттың адамдарын мамандандырылған емдеу - алдын алу мекемелерiне, сондай-ақ медициналық ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың клиникаларына және де Отан соғысы мүгедектерiне арналған Республикалық клиникалық госпитальға стационарлық емдеуге жолдама берудi ұйымдастыру.
Тармақ 4
4. Барлық амбулаториялық-емханалық ұйымдарда және диспансерлерде бас дәрiгердiң бұйрығымен Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарды медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастыруға жауапты дәрiгер және медбике тағайындалады, оларға мынадай мiндеттер жүктеледi:
Тармақша 1
1) халықты әлеуметтiк қорғау органдарымен және әскери комиссариаттармен байланыс орната отырып бекiтiлген аймақтарда тұратын Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiнiң және оларға теңестiрiлген адамдардың есебiн жүргiзу;
Тармақша 2
2) көрсетiлген құрамның барлығына жыл сайынғы кешендi медициналық тексеру жүргiзудi ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) қажет болған жағдайда сырқаттарды осы емдеу-алдын алу ұйымында жоқ мамандарға апарып консультациядан өткiзу;
Тармақша 4
4) қажет болған жағдайда сырқаттарға стационарлық емдеу үшiн ауруханалар мен мамандандырылған медициналық ұйымдарға жолдама беру;
Тармақша 5
5) туберкулез, психикалық, онкологиялық және басқа аурулармен зардап шегетiн науқастарды емдеудегi сабақтастықты жүзеге асыру мақсатында амбулаториялық-емханалық ұйымдар мен диспансерлердiң арасындағы өзара байланысын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) тексеру кезiнде анықталған ауруларды сырқаттарына байланысты мамандардың дер кезiнде диспансерлiк қадағалауға алынуын, емдеу-сауықтыру шараларының белгiленген жоспарларының толық та сапалы түрде жүзеге асырылуын жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) мүгедектiгiн анықтау және мүгедектiк тобына өзгерiстер кiргiзу үшiн медициналық көрсеткiштерi бар адамдарға медициналық әлеуметтiк-сараптау комиссиясына жолдаманы дер кезiнде беру;
Тармақша 8
8) медициналық құжаттарды дұрыс жүргiзу, амбулаториялық карталарға
(N 027/У) белгi салу, амбулаториялық карталар мен диспансерлiк қадағалаудың
бақылау карталарының (N 030/У) көшiрмелерiн дер кезiнде толтыру;
Тармақша 9
9) медициналық статистика кабинетiнiң қызметкерлерiмен бiрлесе отырып
құрамға N 025/У және N 030/У үлгiлерiнiң негiзiнде медициналық жәрдем
көрсету туралы есептер жасауды қамтамасыз ету.