Об установлении ограничительных мероприятий Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес, Жангелдин ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 17 маусымдағы №05-15/131 ұсынысы негізінде Сужарған ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сужарған ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық
бақылау және қадағалау комитетінің
Жангелдин аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________________ Б. Жусупбеков