О присуждении премий акима Атырауской области за вклад в развитие культуры, литературы и искусства Қолданыста
Басқа 0
Облыс мәдениетіне, әдебиетіне және өнеріне қосқан үлесі үшін Атырау облысы әкімінің сыйақысын беру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 20.12.2004 жылғы № 248 қаулысымен.
"2000 жылды мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 желтоқсанда қабылданған №316-Жарлығын орындау және Атырау облысының мәдени әлеуетін сақтау және дамыту мақсатында таңдаулы шығармашылық интеллигенция өкілдеріне материалдық қолдау көрсету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс мәдениетін, әдебиетін және өнерін дамытуға үлес қосқаны үшін жыл сайынғы берілетін Атырау облысы әкімінің сыйақысы туралы Ереже бекітілсін (№ 1-қосымша).
Тармақ 2
2. Облыс әкімі сыйақысына үміткерлерді анықтайтын конкурс комиссиясының құрамы бекітілсін (№2-қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Әбдіқадырова А.Н.) жергілікті атқарушы органның резерв есебінен облыстық мәдениет басқармасына (Иманғалиев Б.С) «Жергілікті атқарушы органдардың резервтік қаржылары есебінен шараларды өткізу» 263 25 00 бағдарламасы бойынша облыстық мәдениет басқармасының қаржыландыру туралы тапсырыс беруіне қарай 1305,0м(бір миллион үш жүз бес мың) теңге бөлінсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Мурсалиеваға жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2000 жылғы
29 тамыз № 574 шешіміне
№1-қосымша
Атырау облысы әкімінің мәдениетке, әдебиетке және өнерге қосқан үлесі үшін сыйақылары туралы Ережесі
Тармақ 1
1. Атырау облысы әкімінің сыйақылары мәдениетті, әдебиетті және өнерді сақтау мен дамытуға қомақты үлес қосқан, ең дарынды, өзінің жаңашылдығымен ерекшеленетін бағдарламаларға және жоғары орындаушылық шеберлігі үшін беріледі.
Тармақ 2
2. Атырау облысы әкімінің сыйақылары жыл сайын жыл қорытындысымен беріледі.
Тармақ 3
3. Сыйақылардың мөлшері мен санын, облыс әкімінің сыйақысына үміткерлерді анықтайтын конкурстық комиссияның құрамын (бұдан былай комиссия) Атырау облысының әкімі бекітеді.
Тармақ 4
4. Қазақстанның:
-Қазақстан Республикасының жазушылар, журналисттер, театр қайраткерлері, суретшілер творчестволық одақтарының мүшелері, сондай-ақ, әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары болып табылатын;
-жаңа шығармалар жасауға және Қазақстан мәдениетіне үлес қосуға жоғары шығармашылық әлеуеті бар азаматтары облыс әкімінің сыйақысына үміткер бола алады.
Тармақ 5
5. Мәдениет қызметкерлері, әдебиет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ, саздық шығармалар, сурет пен театр өнерінің авторлары мен орындаушыларының шығармалары, концерттер, көрмелер, театрлар, мұражайлар, клубтар, баспа, теледидар мен радио арқылы халыққа кеңінен таныстырылғаннан кейін ұсынылады.
Тармақ 6
6. Атырау облысы әкімінің сыйақысына үміткерлерді ұсыну жөніндегі ұсыныстар комиссия қарауына беріледі.
Тармақ 7
7. Атырау облыс әкімінің сыйақыларын алу үшін сараптауға ұсынылған үміткерлердің тізімі әдетте облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде жарияланады.
Тармақ 8
8. Комиссияның сыйақы беруге кандидатураны бекіту туралы шешімі Комиссияның отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.
Тармақ 9
9. Сыйақы мөлшерінің сомасы жүз жиырма еселенген ең төменгі айлық көрсеткішіне тең болады және ол сыйақы иегеріне жылына бір рет төленіп отырылады.
Басқа 15
Облыс әкімінің 2000 жылғы29
тамыз № 574 шешіміне
№2-қосымша
Облыс әкімінің мәдениет, әдебиет және өнердіңдамуына қосқан үлесі үшін берілетін сыйақыларынаүміткерлерді анықтайтын комиссия құрамы
Мүрсалиева Тасқира Қабиқызы-облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы
Әжіғалиев Нұралы Әжіғалиұлы-облыстық шығармашылық одақтар бірлестігі төрағасының орынбасары
Ғабдиев Рыспай Хисметұлы-Дина Нұрпейісова атындағы ұлт-аспаптары оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының халық әртісі
Иманғалиев Бақыт Сайынұлы-облыстық мәдениет басқармасының бастығы
Иманғалиев Асхат Сәлімұлы-Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры
Зұлхашев Шапай Зұлхашұлы-М.Өтемісов атындағы облыстық драма театрының бас режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері
Қожиев Болат Сандыбайұлы-облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы
Қуанышқали Хабиболла Жұмабекұлы-облыс әкімі аппараты қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісіКөжеков Жасұлан Ғайнешұлы-облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы
Қарабаева Айжан Сәрсенқызы-облыстық «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қозғалысының төрайымы, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждің оқытушысы
Қарасаев Орынғали Қарасайұлы-соғыс ардагері, дербес зейнеткер
Қуанышбаев Қилыбай Шахатұлы-облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы
Қорқытов Берік Ыбырашұлы-жазушы-драматург, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі
Монастырская Любовь Михайловна-облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы