О создании областного управления по миграции и демографии Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көші-қон және демография жөніндегі облыстық басқарма құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 22.04.1999 № 85 шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының миграция және демография жөніндегі Агенттігінің құру туралы» № 3783 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 ақпандағы «Қазақстан көш-қон және демография жөніндегі Агенттігінің мәселелерін жөніндегі № 8 Қаулысын орындау үшін облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі департаментінің көші-қон жөніндегі бөлімнің базасында көші-қон және демография жөніндегі облыстық басқарма құрылсын.
Тармақ 2
2. 1 қосымшаға сәйкес көші-қон және демография жөніндегі облыстық басқарма жөніндегі Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі департаментін қызметкерлер санын қысқарту есебінен басқару аппаратынын құрамы 13 адамнан және 2 қосымшаға сәйкес оның құрылымы бекітілсін.
Тармақ 4
4. 3 қосымшаға сәйкес қоныс аударушылардың уақытша тұру және бейімделу қосынының құрлымы бекітілсін.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасының бастығы Ф.Ф.Сутулов көші-қон және демография жөніндегі басқару аппаратының ұстау үшін 1998 жылғы облыстық бюджеттен қажетті ассигнация бөлінсін. Ауыл шаруашылық департаментінің қызметтік жеңіл автомашиналарының есебінен 1 бірлік қызметтік автомашина-қөлік лимиті беогіленсін.
Тармақ 6
6. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент И.Е. Шнитко басқармаға мүлік, оргтехника, халықтың көші-қон жөніндегі бөлімнің құжаттарын, бейімделу қосының автомобилін берсін.
Тармақ 7
7. Көкшетау, Петропавл қалалары мен аудан әкімдері берілген сызбаға сәйкес көші-қон және демография мәселелері бойынша қызметтерді қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен 1 штаттық бірлік бөлсін (4 қосымша).
Тармақ 8
8. Петропавл қаласының әкімі П.Ф.Ходеев көші-қон және демография жөніндегі облыстық басқарманы орналастыру және қоныс аударушылардың уақытша тұратын және бейімделу қосыны үшін үй-жай берсін.
Тармақ 9
9. Облыс әкімшілігі басшысының 1993 жылғы 2 сәуірдегі «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері және жұмыспен қамту комитеті құрамында халықтың көші-қон бөлімін құру туралы № 33 шешімі күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.П.Никандровқа жүктелсін.