Об оказании социальной помощи детям из малообеспеченных и многодетных семей Қолданыста
Басқа 0
Аз қамтылған және көп балалы
отбасылардың балаларына
әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы 738 санды «Мұқтаж адамдарға білім алу кезінде көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері және шығу көздері туралы» қаулысына сәйкесті, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың материалдық жағдайларының ауырлығын ескеріп ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына, оларды мектепке дайындау үшін, жергілікті бюджеттің есебінен 4000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Әбдіқадырова А.) қосымшаға сәйкесті, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету үшін 258.42.00 бағдарламасы бойынша еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау облыстық басқармасын (Қайрешев С.) қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Білім беру облыстық басқармасы (Есбосынова С.), қала және аудандар әкімдері, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау облыстық басқармасы әлеуметтік көмек көрсетуге бөлінген қаржыларды уақытында төлеуді және оларды өз мақсатында жұмсауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуы облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің № 567
2000 жылғы 28 тамыздағы
шешіміне қосымша
Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың
балаларына әлеуметтік көмек көрсетуге қажетті
қаржы туралы мәліметтер
№
Қала, аудандар
Материалдық көмек көрсетілетін балалар саны (адам)
Материалдық көмек мөлшері (тенге)
Жиынтығы (тенге)
1
Жылыой
950
4000
3800000
2
Индер
1000
4000
4000000
3
Исатай
1000
4000
4000000
4
Қызылқоға
1000
4000
4000000
5
Құрманғазы
1400
4000
5600000
6
Мақат
650
4000
2600000
7
Махамбет
1000
4000
4000000
Облыс бойынша
7000
28000
28000000