Об упорядочении государственных контрольных и надзорных функций Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік бақылайтын және қадағалайтын
функцияларды ретке келтіру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 13.12.2004 № 55 шешімімен.
"Мемлекеттік бақылау жасайтын және қадағалайтын функцияларды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығын орындауда ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік коммуналдық, кәсіпорындардың құрылтайшы құжаттарын тексеру жөніндегі комиссия мына құрамда құрылсын:
Толыбаев Марат Еркінұлы - Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру департаментінің
директоры, комиссия төрағасы
Мамытбеков Асылжан Сарыбайулы - Қостанай облысы бойынша Қазынашылық
басқармасының бастығы
(келісім бойынша)
Новикова Сақыпжан Жаркенқызы - Қостанай облысы бойынша Әділет
басқармасының бастығы
(келісім бойынша)
Наурызбеков Марат Әбдібекұлы - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік
құқық бөлімінің меңгерушісі
Харьяков Юрий Александрович - Қостанай облысы Тәртіптік кеңесінің
төрағасы (келісім бойынша)
Щеглова Мария Александровна - Қостанай облысы Қаржы департаментінің
директоры
Тармақ 2
2. Комиссия мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қызмет жасау түрлерінен мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды тапсырушының функциясын алып тастау мақсатында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың құрылтайшы құжаттарына тексеру жүргізсін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың уәкілетті органдары олардың жұмыстарын реттейтін құрылтайшы және басқа құжаттарын аталған комиссияның ұсыныстарын есепке ала отырып Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкестендірсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құланбаевқа жүктелсін.