Об утверждении правил регистрации в базе данных государственного градостроительного кадастра градостроительных проектов, предпроектной и проектной (проектно-сметной) документации, а также объектов архитектурной, градостроительной и строительной деятельности Күшін жойған
Басқа 0
Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (С.М.Дембай) мыналарды:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 16 маусымдағы
№ 172/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының (бұдан әрі – МҚҚК) деректер базасында тіркеудің тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. МҚҚК деректер базасында тіркеу (бұдан әрі – тіркеу) – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін және олармен байланысты құжаттарды, сондай-ақ МҚҚК деректер базасындағы қала құрылысы жобалары, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын тіркеу.
Тіркеу мақсаты:
Тармақша 1
1) барлық қолданыстағы, жобаланып жатқан, салынып жатқан (реконструкцияланып жатқан) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің жер үстіндегі және жер астындағы объектілерін есепке алу;
Тармақша 2
2) МҚҚК автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – МҚҚК ААЖ) деректер базасында материалдарды кеңістіктік байланыстыру;
Тармақша 3
3) елді мекендердің аумақтарын дамытудың мониторингі болып табылады.
Тармақ 3
3. МҚҚК базасында тіркеуге мыналар жатады:
Тармақша 1
1) елді мекендердің бас жоспарлары;
Тармақша 2
2) егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен біріктірілген бас жоспарлар;
Тармақша 3
3) егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және құрылыс салу жобалары;
Тармақша 4
4) абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау жобалары;
Тармақша 5
5) тиісті аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алып қою жөнінде шешімдер;
Тармақша 6
6) тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешім;
Тармақша 7
7) сәулет-жоспарлау тапсырмалары;
Тармақша 8
8) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға арналған техникалық шарттар;
Тармақша 9
9) құрылыс жобалары, оның ішінде келісілген эскиздік жобалар;
Тармақша 10
10) қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындылары;
Тармақша 11
11) құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындылары;
Тармақша 12
12) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің инженерлік-геодезиялық ізденістер материалдары (жобалау сатысындағы топографиялық түсірілімдер және объектіні пайдалануға беру сатысындағы атқарушылық түсірілімдер);
Тармақша 13
13) объектіні пайдалануға қабылдау актісі/инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін қоса бере отырып, меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісі.
Тарау 2. 2-тарау. Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін тіркеу тәртібі
2-тарау. Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін тіркеу тәртібі
Тармақ 4
4. Тіркеуді МҚҚК жүргізу жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Кәсіпорын) МҚҚК ААЖ арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Тіркеу тәртібі мыналарды:
Тармақша 1
1) қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін тіркеуге өтінімдер қабылдауды;
Тармақша 2
2) МҚҚК және инженерлік-геодезиялық ізденістердің (координаттар жүйесі, масштаб, шартты белгілер) мемлекеттік нормативтеріне сәйкес МҚҚК ААЖ деректер базасында инженерлік-геодезиялық ізденістер (жобалау сатысындағы топографиялық түсірілімдер және объектіні пайдалануға қабылдау сатысындағы атқарушылық түсірілімдер) материалдарын кеңістіктік байланыстыруды;
Тармақша 3
3) ескертулер/сәйкессіздіктер болмаған кезде тіркеу нөмірін бере отырып, МҚҚК ААЖ-ға тіркеу және енгізуді қамтиды.
Ескертулер болғанда және материалдардың сәйкессіздіктері анықталғанда осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген тіркеу мерзімдері аяқталғанға дейін тиісті хабарлама жолданады. Ескертулер/сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін тіркеуге өтінім қайтадан беріледі.
Тармақ 6
6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің инженерлік-геодезиялық ізденістерінің (жобалау сатысындағы топографиялық түсірілімдер және объектіні пайдалануға қабылдау сатысындағы атқарушылық түсірілімдер) материалдарын қарастыру 3 кезеңде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) МҚҚК ААЖ-да:
талап етілетін деректер пішімдеріне (*.dwg);
коммуналдық желілердің теңгерім ұстаушыларының келісімімен топографиялық түсірілімнің ұсынылған техникалық есебіне сәйкестікке тексеру.
Тармақша 2
2) камералдық тексеру:
инженерлік-геодезиялық ізденістер материалдарының (топографиялық және атқарушылық түсірілімдер) өзектілігіне;
МҚҚК және инженерлік-геодезиялық ізденістердің мемлекеттік нормативтеріне (координаттар жүйесі, түсіруді кеңістікте байланыстыру, масштаб, шартты белгілер, объектілердің міндетті сипаттамаларын көрсету) сәйкестігіне іске асырылады.
Тармақша 3
3) инженерлік-геодезиялық ізденістер деректерін нақтылау қажет болғанда далалық тексеруді Кәсіпорынның немесе оның филиалдарының қызметкерлері:
жоспарлы-биіктік негіздемені тексеруді;
ішінара (гектарына 3 нүкте) нүктелік объектілерді бақылау өлшемдерін қамтитын тиісті далалық бақылау актілерін жасай отырып жүзеге асырады.
Далалық тексеру республика қалалары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Кәсіпорын алынған материалдардың түріне қарай базалық масштабтағы графикалық деректерді (планшеттерді) сақтай отырып, материалдарды алған күннен бастап мынадай мерзімдерде:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) - 11) тармақшаларында көрсетілген материалдарды 2 жұмыс күні ішінде;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген материалдарды 5-20 жұмыс күні ішінде;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 3-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген материалдарды бір жұмыс күні ішінде МҚҚК ААЖ-да цифрлық түрде тіркеуді жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Тіркеу құны «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес айқындалады.