О выделении средств акиму города Аркалыка на кредитование субъектов малого и среднего бизнеса Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арқалық қаласының әкіміне шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруге арналған қаражат бөлу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.10.2001 № 114 шешімімен. "Арқалық қаласында шағын бизнеске қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 1998 жылғы 11 қыркүйектегі № 174-ө өкіміне сәйкес және Арқалық қаласында шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Халықтық банкідегі 19 474, 2 мың теңге сомадағы қаражат Қостанай облысы әкімі аппаратының ағымдағы шотынан Арқалық қаласы әкімінің шотына аударылсын.
Тармақ 2
2. Арқалық қаласының әкімі Ж.Т. Түбекбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1440 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының несиелер беру ережелеріне сәйкес берілген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.А. Құлмағанбетовқа жүктелсін.