Об организации сплошного обследования населения на туберкулез Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғындарды туберкулез ауруы қаупінен жаппай тексеруден өткізуді ұйымдастыру туралы Атырау облысында туберкулез бойынша індеттік жағдай ауыр күйде қалып отыр. 200 жыл аяғында 1279 ауру диспансерлік есепте тұр, соның ішінде туберкулездің асқынған түрлерімен ауыратындары – 444 адам. Облыс бойынша барлық алғашқы анықталған туберкулезбен ауыратындардың 52,6 пайызын, сонымен қатар барлық туберкулезден қайтыс болғандардың 57,1 пайызын атырау қаласының аурулары құрайды. Ересектерді профилактикалық флюорографиялық тексеруден және балаларды туберкулинді диагностикадан (Манту реакциясы) өткізуден 100% қамтылуы және толық көлемде ұйымдастыру және өткізу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Х. Сағын) ересектерді алдын-алу тексеруінен және балаларды туберкулинді диагностикадан (Манту реакциясы) өткізудің 100% қамтылуын ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы (Л. Топильская) ересектерді алдын-алу тексеруін және балаларды туберкулинді диагностикадан (Манту реакциясы) өткізу үшін шығындық материалдар сатып алуға тендер өткізсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (А. Әбдіқадырова) осы шараларды өткізуді жалғанған қосымшаға сәйкес қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Аудан және қала әкімдері, меншік түріне қарамастан барлық шаруашылық субъектілерін қатыстыру арқылы алыс, шалғайдағы елді мекендерге бару үшін автокөлікпен, жанар-жағар маймен үздіксіз қамтамасыз ету арқылы, туберкулезден тексеруден және туберкулинді диагностикадан ( Манту реакциясы) өткізу үшін денсаулық саақтау мекемелеріне көмек көрсетілсін.
Тармақ 5
5. Облыстық телерадиокомпаниясы (А. Нұрғалиев), «Атырау! (Қ. Қуанышбаев), «прикаспийская коммуна» (Л.Монастырская) газеттері бұқаралық ақпарат құралдарында туберкулезге жаппай тексеруден өткізуді кеңінен насихаттауды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы туберкулезден жаппай тексеруді өткізуде денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу-алдын-алу қызметін бақылау мен үйлестіруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Мұрсалиеваға жүктелсін. «КЕЛІСІЛГЕН» Облыстық телерадио компаниясының төрағасы А. Нұрғалиев 19.01.2011 жыл. «КЕЛІСІЛГЕН» «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Л. Монастырская 19.01.2011 жыл. «КЕЛІСІЛГЕН» «Атырау» газетінің бас редакторы Қ. Қуанышбаев 19.01.2011жыл.
Басқа 8
Облыс әкімінің 2001 жылғы 23 қантардағы № 30 шешіміне қосымша 15 жасқа дейінгі балаларды манту реакциясына тексеру мен ересек тұрғындарды флюоро тексеруінен 1 жылға шаққандағы шығындарының ЕСЕБІ 294.0 мың ересек тұрғын 140,0 мың бала (1 ден 15 дейінгі) Шығын материалдары саны Құны (теңге) Сомасы (мың теңге) Флюоропленка (294,0) 1729 орам 4100 7089,0 Кескінді айқындаушы (294,0) 0,60 грамм 120,00 2116,8 Бекітуші ерітінді (294,0) 0,68 грамм 120,00 2399,0 Шпрцтер 140000 8 1120,0 Туберкулин 6 литр 4000 24,0 Жиыны 12748.8 Басқарма бастығы Халел Сағын