Вопросы Комитета геологии и охраны недр Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің мәселелерi
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармалары - мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармалары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" мемлекеттiк мекемесi және шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Мамандандырылған гравиметрикалық кәсiпорны" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң қарамағына берiлсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Мыналардың:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 13 тамыздағы N 1158 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 355-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 ақпандағы N 245 қаулысының 2 және 3-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 7, 91-құжат);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы N 793 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 278-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 1-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 15 ақпандағы
N 232 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi құзыретiнiң шегiнде жер қойнауын геологиялық зерделеу, қорғау және пайдалану саласында арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер қойнауын қорғау саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттiң мынадай аумақтық органдары бар: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармалары.
Тармақ 2
2. Комитет өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiсi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға қабылданады.
Комитеттiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан сөйлеуге, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, құқығы бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндетті күшi бар бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметі бекiтедi.
Тармақ 6
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
475000 Көкшетау қаласы, Қ. Сәтбаев көшесi, 1.
Тармақ 7
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнi ретiнде комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға енуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметті жүзеге асыратын құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тарау 2. 2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттiң негізгі мiндеттерi:
Тармақша 1
1) жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, қорғау және пайдалану жөнiндегі қатынастарды мемлекеттік реттеу;
Тармақша 3
3) жер қойнауының жай-күйiн тұрақты жақсартуды және қорғауды және оларды пайдаланудың теңгерiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) минералдық ресурстарды және жер қойнауын қорғауды геологиялық зерделеу, ұтымды және кешендi пайдалану бағдарламаларының негiзгi бағыттары жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
Тармақша 5
5) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңнаманы және жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланудың экономикалық тетігiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды енгізедi;
Тармақша 3
3) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзуге арналған құқықты беру үшiн кен орындары мен аумақтардың тiзбесiн белгiлейдi;
Тармақша 4
4) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеуге, жер асты суларын өндiруге, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес, жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын бередi;
Тармақша 5
5) өз құзыретi шегiнде жер қойнауын пайдаланушыларымен жасасатын келiсiм-шарттарды келiсудi жүргізедi;
Тармақша 6
6) жер қойнауын пайдалану мониторингiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) жер асты суларының және қауiптi геологиялық процестердiң мониторингін қоса алғанда, жер қойнауының мемлекеттік мониторингiн жүзеге асырады, жер қойнауының жай-күйi мониторингiнiң бiрыңғай ақпараттық компьютерлiк жүйесiн жасайды;
Тармақша 8
8) жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың республикалық және аумақтық қорларының жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;
Тармақша 9
9) жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы сандық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн тиiмдi пайдалануды ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) республикалық және аумақтық геологиялық бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады және орындалу барысын бақылайды;
Тармақша 11
11) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қоса алғанда, мемлекеттік мұқтаждық үшiн геологиялық-зерттеулердiң жүргiзуге арналған мемлекеттiк тапсырыстың функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеудi, жер қойнауы мониторингiн, жер қойнауын қорғауды және басқа да мақсаттарды жүзеге асыру үшiн қажеттi мемлекеттiк бюджеттiк қаржылардың көлемiн негіздейдi;
Тармақша 13
13) геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, геоэкологиялық ұстаудың мемлекеттiк карталарын құрастыру, шығару жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеу және мониторингi жөнiндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттамаларды, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерi туралы пайдалы қазбалардың қорларын, геологиялық және экономикалық ақпаратты мемлекеттiк сараптауды ұйымдастырады, пайдалы қазбалардың қорын бекiтедi;
Тармақша 15
15) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмiн, кен орындарының мемлекеттiк кадастрын және пайдалы қазбалардың көрiнiсiн, жер қойнауына зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтар мен сарқынды сулар қашыртқысын көмудi, қауiптi геологиялық процестердi құрастыруды ұйымдастырады және жүргізедi;
Тармақша 16
16) жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратты алудың тәртiбiн және шарттарын айқындайды;
Тармақша 17
17) пайдалы қазбалар кен орындарының ашылуына байланысты мәселелердi қарайды;
Тармақша 18
18) өз қызметi саласында заңнаманы қолдану практикасын талдайды және жинақтайды, оны жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi, өзiнiң құзыретi шегiнде заңнамалық жобаларды және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi дайындауға қатысады;
Тармақша 19
19) өз құзыретi шегiнде халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi, халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) жобаларын дайындауға қатысады;
Тармақша 20
20) өзiне заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен негiзгi мiндеттердi iске асыруы және өзiнiң функцияларын жүзеге асыруы үшiн:
Тармақша 1
1) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша барлық ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдауға;
Тармақша 2
2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге, жер асты суларын өндiруге, барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес, жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге;
Тармақша 3
3) жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалану және қорғау тәртiбiн бұзушылықтарды жою шараларын қабылдауға;
Тармақша 4
4) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушыларының жер қойнауы туралы заңнаманың талаптарын және жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауға бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) өзiнiң құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жаза қолдануға;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан, сондай-ақ азаматтардан жер қойнауын пайдалануға қатысты құжаттарды, мәлiметтердi, қажеттi материалдар мен ақпаратты сұрауға және алуға;
Тармақша 7
7) өзiнiң құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының және басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргiзуге және шарттар жасасуға;
Тармақша 10
10) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асыруға;
Тармақша 11
11) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелердi қарау үшiн мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың қызметкерлерiн тартуға, мемлекеттiк геологиялық сараптаманы жүргізу үшiн сарапшыларды тартуға;
Тармақша 12
12) жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмдердiң шарттарын орындау жөнiндегi есеп-қисапты тұрақты және iрiктеп сұрауға және олардың орындалуына тексеру жүргiзудi жүзеге асыруға;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 3. 3. Комитеттiң мүлкi
3. Комитеттiң мүлкi
Тармақ 13
13. Комитет оқшауландырылған мүлiктi жедел басқару құқығына ие.
Тармақ 14
14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 15
15. Комитет өзiне бекiтiлген мүлiктi өздiгiнен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иеленуге құқылы емес.
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тарау 4. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның үш орынбасары, оның iшiнде Төрағаның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бiр бiрiншi орынбасары болады.
Тармақ 17
17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердi орындауға және өзiнiң функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершiлік алады.
Тармақ 18
18. Осы мақсаттармен Төраға:
Тармақша 1
1) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгiленгеннен басқа жағдайларда, Комитеттiң қызметкерлерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына заңнамада белгiленген тәртiппен тәртiптiк жаза қолданады.
Тармақша 4
4) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 5
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жарғылары туралы ереженi бекiтедi;
Тармақша 6
6) Комитеттiң Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен штаттық сан лимитi шегiнде құрылымын белгiлейдi;
Тармақша 7
7) аумақтық органдардың штаттық кестесiн және ұстау сметасын бекiтедi;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан сөйлейдi;
Тармақша 9
9) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Жер қойнауын геологиялық зерделеу, сақтау және пайдалану мәселелерiнiң проблемаларын қарау мақсатында Комитет консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде ғылыми-техникалық алқаны құрады. Төраға алқа және оның дербес құрамы туралы ереженi бекiтедi.
Тарау 5. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 20
20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнің иелігіндегі ұйымдардың Тізбесі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 15 ақпандағы
N 232 қаулысымен
бекiтiлсін
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнің иелігіндегі ұйымдардың Тізбесі
Тармақ 1
1. "Қазгеоақпарат" геологиялық ақпарат республикалық орталығы" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 3
3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мамандандырылған гравиметриялық кәсіпорны" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Басқа 2. Қайта құрылатын мемлекеттік мекемелердің Тізбесі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 15 ақпандағы
N 232 қаулысына
қосымша
Қайта құрылатын мемлекеттік мекемелердің Тізбесі
-------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының Табиғи !Қазақстан Республикасының Табиғи
ресурстар және қоршаған ортаны !ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігі Геология және !қорғау министрлігі Геология және
жер қойнауын қорғау комитетінің !жер қойнауын қорғау комитетінің
қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік!мемлекеттік мекемелерінің атауы
мекемелерінің атауы !
-------------------------------------------------------------------
"Батқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан!"Батқазжерқойнауы" Батыс
жер қойнауын қорғау және пайдалану!Қазақстан жер қойнауын қорғау
аумақтық басқармасы !және пайдалану аумақтық
басқармасы
-------------------------------------------------------------------
"Солтқазжерқойнауы" Солтүстік !"Солтқазжерқойнауы" Солтүстік
Қазақстан жер қойнауын қорғау және!Қазақстан жер қойнауын қорғау
пайдалану аумақтық басқармасы !және пайдалану аумақтық басқармасы
-------------------------------------------------------------------
"Ортқазжерқойнауы" Орталық Қазақстан!"Ортқазжерқойнауы" Орталық
жер қойнауын қорғау және пайдалану !Қазақстан жер қойнауын қорғау
аумақтық басқармасы !және пайдалану аумақтық
басқармасы
-------------------------------------------------------------------
"Шығқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан !"Шығқазжерқойнауы" Шығыс
жер қойнауын қорғау және пайдалану !Қазақстан жер қойнауын қорғау
аумақтық басқармасы !және пайдалану аумақтық
басқармасы
-------------------------------------------------------------------
"Оңтүсқазжерқойнауы" Оңтүстік !"Оңтүсқазжерқойнауы" Оңтүстік
Қазақстан жер қойнауын қорғау және !Қазақстан жер қойнауын қорғау
пайдалану аумақтық басқармасы !және пайдалану аумақтық
басқармасы
-------------------------------------------------------------------